Дербес шоттың толтырылғаны туралы мәлімдеме

Осы Шарттар келесі қызметті (бұдан былай - Қызмет) көрсету ережесін анықтайды:

«Теңгерім толтыру» қызметінің шеңберіндегі смс-мәлімдеме

Оператор Абоненттерге төменде көрсетілген шарттарда (бұдан былай - Шарттар) Қызметті пайдалануды ұсынады.

ҚР азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Қызметті көрсету шарттары Абоненттерге бағытталған оферта (бұдан былай - Оферта) болып табылады.

Корпоративті клиент Корпоративтік топқа кіретін Абонентке көрсетілетін Қызметтерді пайдаланушылардың Қызметтерді қосу, басқару, пайдалану мен өшіру жөніндегі әрекеттері Корпоративті клиент әрекеттері болып саналатындығымен келіседі.

Бұдан былай осы Шарттардың мәтінінде Корпоративті клиенттердің әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі деп оның ішінде Қызметті пайдаланушының әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі түсініледі.

Осы Шарттардың мақсатында төмендегідей ұсыныстар пайдаланылады:
Корпоративтік клиент (абонент) – заңды тұлға мәртебесіне ие; жеке кәсіпкер болып табылатын, қызметтің корпоративтік шарттарында қызмет алатын Оператор Абоненті.
Осы Шарттарда қолданылатын басқа ұғымдар Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарында орнатылған Ұғымдарға сәйкес келеді.

1. Қызметті қосу
1.1. Қызмет барлық Абоненттерге көрсетіледі. Қызметті қосымша қосудың қажеті жоқ.

2. Қызметті көрсету тәртібі
2.1. Қызмет Абоненттің Абоненттік құрылғысы қосылған жағдайда жұмыс істейді.
2.2. Қызметті пайдалану амалдарының тізімі осы Шарттардың қосымшасында келтірілген.
2.3. Қызметті Қосымшада көрсетілген тәсілдермен пайдалана отырып, Абонент сәйкес Қызмет шеңберінде ұсынылатын ақпаратқа қосымша Оператор өзі көрсететін қызметтер мен науқандар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тауарлары мен қызметтері туралы ақпаратты бере алатындығымен келіседі, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты алуға келісімін береді.
2.4. Егер Абоненттің Абоненттік құрылғысы белгілі бір Қызметті пайдалану тәсілін жүзеге асыру мүмкіндігін қолдамаса, Оператор Абонентке қызметті көрсетуге кепілдік бермейді.
2.5. Абоненттің роумингте болған қалпында Қызметтің көрсетілуіне кепілдік берілмейді.
2.6. Осы Офертаны қабылдау арқылы Абонент Қызметті көрсетудің жоғарыда көрсетілген шектеулерімен келіседі. Егер Абонент осы Шарттарда көрсетілген шектеулері бар Қызметті пайдалануды қаламаса, Абонент Қызметті пайдаланудан бас тартып, Қосымшада көрсетілген тәсілдерді жүзеге асырмауға құқылы.

3. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі
3.1. Қызметерді пайдалану тарифтелмейді.

4. Қызметтердің әрекет ету мерзімі
4.1. Абоненттің/Корпоративтік клиент пайдаланушысының Қызметті Қосымшада көрсетілген тәсілдермен пайдалануы Абоненттің осы Шарттармен (Офертаны қабылдау) толық әрі үнсіз келісетінін білдіреді және Оператордың Абонентпен жасалған Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыруға әкеледі.
4.2. Осы Шарттар олардың Оператордың www.activ.kz сайтында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді және оларды Оператор өзгерткенше немесе тоқтатқанша күшінде болады. Абоненттер осы Шарттардың өзгертілгені немесе тоқтатылғаны туралы Оператор сайттарында осындай өзгерістердің күшіне енгеніне дейінгі 10 (он) күн бұрын жариялануы арқылы хабардар етіледі. Осы Шарттар сәйкес мәлімдемеде көрсетілген сәттен бастап өзгертілген немесе тоқтатылған болып саналады.
4.3. Осы Шарттарды олардың 4.2 тармағында көрсетілген тәртіпте өзгерту және/немесе тоқтату Абоненттің Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдағанының нәтижесінде Келісімшарт талаптарының әрекет етуінің тоқтауының және/немесе өзгергенінің сәйкесінше тоқтатылуын және/немесе өзгергендігін білдіреді.
4.4. Егер Абонент Операторға Келісімшарттың өзгергендігі және/немесе толықтырылғанынан кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде Келісімшарт өзгерістерінен/толықтыруларынан (Абоненттің осы Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдауының нәтижесінде пайда болған) бас тартуын жазбаша мәлімдемесе, осындай өзгертулерді/толықтыруларды Абонент қабылданған болып есептеледі. Егер өзгерістер күшіне енгеннен кейін Абонент Қызметтерді пайдалануды жалғастырса, өзгертулер/толықтырулар қабылданған болып есептеледі.

Ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету шарттарына
Қосымша


«Теңгерім толтыру» қызметі

Қызмет сипаттамасы: Абоненттерге төмендегі тәсілдердің бірімен дербес шот теңгерімін толтырып, жүргізілген толтырым туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет.*

Қызметті пайдалану амалдары:

IVR платформасына қоңырау шалу: 7070 (тегін)
www.activ.kz веб-сайтындағы «Онлайн төлем» қызметін пайдалану;
«Автотөлем» қызметі
www.homebank.kz веб-сайтындағы және Homebank төлем сервисін пайдаланатын басқа сайттарда Homebank төлем сервисін пайдалану;
www.myhalyk.kz веб-сайтындағы Қазақстанның халық банкінің төлем жүйесін пайдалану;
Ұялы байланыс қызметтерін төлеу функциясы бар Мультикасса/ Мультикиоск/ Төлем терминалы;
Ұялы байланыс қызметтерін төлеу функциясы бар банкоматтар;
Kcell-centre’лері мен Kcell-Express’тер
Банк арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу.
«БТА Банк» АҚ бөлімшсінде төлеу.

* Егер Абонент теңгерімді USSD-мәзірі арқылы толтырса, Абоненттің теңгерім толтырғаны туралы мәлімдеме Шарттардың 2.3 тармағында көрсетілген қосымша ақпаратсыз USSD арқылы жолданады. Егер қандай да бір себептермен USSD арқылы берілетін мәлімдеме Абонентке жеткізілмейтін болса, ол теңгерімнің толтырылғаны туралы осы Шарттарға сәйкес SMS-мәлімдеме арқылы хабардар етіледі.