Детализация

Детализация – бұл белгілі бір мерзімде алынған қызметтер туралы толық мәлімет. Яғни детализацияда Сізге қандай нөмірлерден және қашан қоңырау шалынғандығын, қандай нөмірлерге және қашан SMS хабарламалардың жолданғандығын және таңдалған мерзімде қанша интернет трафик жұмсағаныңызды тексеруге болады. Қоңыраулар детализациясында абоненттік төлем, бір реттік төлемдер, жабдық ақысы туралы ақпарат болмайды. Бұл орайда детализация сомасы шот-фактурада көрсетілген сомадан ерекшеленуі мүмкін. Сондай-ақ детализация алынған сәтінде толық болмауы немесе кейін толықтырылуы, оның ішінде оған роуминг қызметтеріне қатысты ақпараттың қосылуы мүмкін. Қорытынды детализация 30 күннен кейін қалыптастырылады.

Детализацияны төмендегідей ретте алуға болады:

  • Жеке кабинетте. Детализацияны жеке кабинетте өткен 90 күнге тегін алуға болады. Оны онлайн тексеруге немесе PDF не XLS форматында жүктеп алуға болады.
  • Kcell Center хабарласу арқылы.
Шот деректерінің мерзімі Құны, теңге, ҚҚС есебімен
Ағымдағы есептік мерзідегі, сондай-ақ есептік мерзімнен кейінгі айдың 15 күнін қосқандағы шот деректері (ағымдағы есептік мерзім – бұл қызметтер көрсетіліп, есепке алынған күнтізбелік ай) 0
Шоттың 1 күннен бастап 1 айға дейінгі деректері 500
Шоттың 1 айдан бастап 3 айға дейінгі деректері 1 200
Шоттың 3 айдан бастап 6 айға дейінгі деректері 2 000
Шоттың 6 айдан асқан мерзімге деректері 500 теңге әр айға