Шеттен келген абоненттерге арналған ақпарат

Кселл АҚ Сізді Қазақстан Республикасында қуанышпен қарсы алып, Сізге елімізде жайлы қонақтауыңызды тілейді! Біз Сіздің елімізден де, Kcell желісін пайдаланудан да тек жағымды әсер алатыныңызға үміттенеміз!

Қазақстан Республикасында болғанда телефон мәзірі арқылы телефонның Желілер функциясына кіріп, пайдалануға болатын желілер тізімін тауып, телефон бетінде KCELL KZ - 401 02 ретінде көрінуі мүмкін Kcell желісін таңдаңыз.

Kcell желісінде болғанда тарифтерге қатысты ақпаратты Сіз өз операторыңыздан біле аласыз, өйткені компания Сіздің Kcell желісінде роумингте болғандағы қоңырау құны туралы ақпараттан бейхабар.

Порядок набора исходящих звонков на мобильные или городские номера:

+ ел коды; қала коды/оператор коды; телефон нөмірі

Мысалы:

Алматыдан 258 83 00 қалалық нөміріне қоңырау шалу үшін: +7 (ел коды) 727 (қала коды) 2588300 (телефон нөмірі)

Kcell ұялы нөміріне қоңырау шалу үшін: +7 (ел коды) 701 (оператор коды) ХХХХХХХ (абонент нөмірі)OK

Kcell желісіндегі қонақ абоненттерге төмендегідей қызметтер ұсынылады:

– кіріс және шығыс қоңыраулар;

– кіріс және шығыс SMS;

– GPRS – деректерді беру (Назар аударыңыз: өз операторыңыздан осы қызметті ұсыну шарттарын нақтылаңыз);

– факстар мен деректерді беру;

– қоңырауды күткізу/ұстап тұру режимі;

– қоңырауға тыйым салу;

– нөмірді анықтаушы және нөмірді анықтауға тыйым салу.


Компания GSM 1900/1800 стандартындағы қызметтерді, сондай-ақ 2G, 3G стандартындағы (GPRS) деректерді беру қызметін көрсетеді.

Ucell Өзбекстан, Tcell Тәжікстан, Megacom Қырғызстан, Ncell Непал және Azercell Азербайджан қонақтары мен абоненттері! Енді Сізде роумингте үйде болғандай жүрудің тағы бір мүмкіндігі пайда болды - Егер Қазақстанда болсаңыз және SIM картаңыз жоғалса, қапа болмаңыз! Біз серіктес компания ретінде Сізге Ucell/Tcell//Megacom/Ncell/Azercell SIM картаңызды нөміріңізді сақтай отырып, келесі мекенжайдан ауыстыру мүмкіндігін береміз:


Мекенжай Жұмыс кестесі
Алматы қ., Самал 2, 100; ТЦ «ГУМ», Кунаева, 21, 1 қабат Дс-Жм: 08:30–20:00
Сб: 09:00–18:00
Астана қ., Республика, 8; Алматы 1, 1 (Асылтау БО) Дс-Жм: 09:00–20:00
Сб: 09:00–18:00
Шымкент қ., Түркістан к-сі, 11 (Ucell абоненттері үшін) Дс-Жм: 08:30–20:00
Сб: 09:00–18:00

SIM картаны ауыстыру қызметінің құны серіктестердің Прайс-парағына сәйкес жүргізіледі. SIM картаны ауыстыру қызметінің тарификациясы абоненттік нөмірдің негізгі теңгерімінен қызмет ақысын Kcell қызмет көрсету орындарында төлеместен жүргізіледі.

SIM картаны ауыстыру қызметі тек абоненттік нөмір иегеріне және төлқұжат түпнұсқасы болған жағдайда ғана жүргізіледі. Заңды тұлғалардың абоненттері үшін SIM картаны ауыстырудың міндетті шарты серіктестердің корпоративтік қызметіне Қазақстан Республикасында роумингтегі Заңды тұлға атынан ресми хат ұсыну болып табылады.

Жедел жәрдем 103
Құтқару қызметі 112
Өрт қызметі 101
Газ қызметі 104
Полиция 102

Жоғарыда көрсетілген нөмірлердің барлығы тегін. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Сіз Kcell Call Center-не ұялы телефоннан +7 7272 588300 немесе 9090 нөміріне, сондай-ақ қалалық телефоннан 8 7272 588 300 немесе +7 7272 588300 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы хабарласа аласыз (қоңырау ақылы, тарифті өз операторыңыздан анықтап біліңіз).

Сіз өзіңізге көмек керек болған жағдайда әрдайым құтқару қызметіне хабарласа аласыз (мысалы, егер жеделсатыда тұрып қалсаңыз, көлігіңіз бұзылса немесе адасып кетсеңіз). Бұл қызмет тәулік бойы және тегін жұмыс істейді. Сіз телефоныңызға SIM-карта салынбаса да немесе пернетақтаңыз бұғаттаулы болса да қоңырау шала аласыз.