Қосымша ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету ережесі

Осы Ереже төмендегі қызметтерді (бұдан былай - Қызметтер) көрсету шарттарын анықтайды:

- Теңгерім туралы автоматты ақпарат
- Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме (MCN)
- «Мен үшін төле» қызметінің шеңберіндегі SMS-мәлімдеме
- «Маған қоңырау шал» қызметінің шеңберіндегі Смс-мәлімдеме

Оператор Абоненттерге төменде көрсетілген шарттарда (бұдан былай - Шарттар) Қызметтерді пайдалануды ұсынады.
ҚР азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Қызметтерді көрсету шарттары Абоненттерге бағытталған оферта (бұдан былай - Оферта) болып табылады.
Корпоративті клиент Корпоративтік топқа кіретін Абонентке көрсетілетін Қызметтерді пайдаланушылардың Қызметтерді қосу, басқару, пайдалану мен өшіру жөніндегі әрекеттері Корпоративті клиент әрекеттері болып саналатындығымен келіседі.
Бұдан былай осы Шарттардың мәтінінде Корпоративті клиенттердің әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі деп оның ішінде Қызметті пайдаланушының әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі түсініледі.
Осы Шарттардың мақсатында төмендегідей ұсыныстар пайдаланылады:
Абонент сұранымы – бірге немесе бөлек аталатын қысқа нөмірге жолданатын SMS-сұраным, USSD- сұраным (*XXX#) немесе дауыстық қоңырау.
Корпоративтік клиент (абонент) – заңды тұлға мәртебесіне ие; жеке кәсіпкер болып табылатын, қызметтің корпоративтік шарттарында қызмет алатын Оператор Абоненті.
Осы Шарттарда қолданылатын басқа ұғымдар Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарында орнатылған Ұғымдарға сәйкес келеді.

1. Қызметтерді қосу
1.1. Қызметтер барлық Абоненттерге көрсетіледі. Қызметтерді қосымша қосудың қажеті жоқ.

2. Қызметтерді көрсету тәртібі
2.1. Қызметтер Абоненттің Абоненттік құрылғысы қосылған жағдайда жұмыс істейді.
2.2. Сұранымдар тізімі осы Шарттардың қосымшасында келтірілген.
2.3. Сұранымдарды жолдай отырып, Абонент сәйкес Қызмет шеңберінде ұсынылатын ақпаратқа қосымша Оператор өзі көрсететін қызметтер мен науқандар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тауарлары мен қызметтері туралы ақпаратты бере алатындығымен келіседі, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты алуға келісімін береді.
2.4. Егер Абоненттің Абоненттік құрылғысы белгілі бір Сұраным түрін жасау мүмкіндігін қолдамаса, Оператор Абонентке қызметті көрсетуге кепілдік бермейді.
2.5. Абоненттің роумингте болған қалпында Қызметтің көрсетілуіне кепілдік берілмейді.
2.6. Осы Офертаны қабылдау арқылы Абонент Қызметті көрсетудің жоғарыда көрсетілген шектеулерімен келіседі. Егер Абонент осы Шарттарда көрсетілген шектеулері бар Қызметті пайдалануды қаламаса, Абонент Қызметті пайдаланудан бас тартып, Сұраным жасамауға құқылы.

3. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі
3.1. Абоненттің Қызметтер шеңберінде жасайтын сұранымдары тарифтелмейді.

4. Қызметтердің әрекет ету мерзімі
4.1. Абоненттің/Корпоративтік клиент пайдаланушысының Қызмет шеңберінде алғаш Сұраным жолдауы Абоненттің осы Шарттармен (Офертаны қабылдау) толық әрі үнсіз келісетінін білдіреді және Оператордың Абонентпен жасалған Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыруға әкеледі.
4.2. Осы Шарттар олардың Оператордың www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді және оларды Оператор өзгерткенше немесе тоқтатқанша күшінде болады. Абоненттер осы Шарттардың өзгертілгені немесе тоқтатылғаны туралы Оператор сайттарында осындай өзгерістердің күшіне енгеніне дейінгі 10 (он) күн бұрын жариялануы арқылы хабардар етіледі. Осы Шарттар сәйкес мәлімдемеде көрсетілген сәттен бастап өзгертілген немесе тоқтатылған болып саналады.
4.3. Осы Шарттарды олардың 4.2 тармағында көрсетілген тәртіпте өзгерту және/немесе тоқтату Абоненттің Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдағанының нәтижесінде Келісімшарт талаптарының әрекет етуінің тоқтауының және/немесе өзгергенінің сәйкесінше тоқтатылуын және/немесе өзгергендігін білдіреді.
4.4. Егер Абонент Операторға Келісімшарттың өзгергендігі және/немесе толықтырылғанынан кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде Келісімшарт өзгерістерінен/толықтыруларынан (Абоненттің осы Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдауының нәтижесінде пайда болған) бас тартуын жазбаша мәлімдемесе, осындай өзгертулерді/толықтыруларды Абонент қабылданған болып есептеледі. Егер өзгерістер күшіне енгеннен кейін Абонент Қызметтерді пайдалануды жалғастырса, өзгертулер/толықтырулар қабылданған болып есептеледі.

Тегін қосымша ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету шарттарына

Қосымша

«Теңгерім туралы автоматты ақпарат» қызметі
Қызмет сипаттамасы: Абоненттерге шоттарының қалпы туралы автоматты ақпаратты USSD-сұранымдар, SMS-сұранымдар мен қысқа нөмірлерге Дауыстық қоңырау шалу арқылы жылдам алуға мүмкіндік беретін қызмет.

Сұранымдар тізімі:

- USSD-сұраным: *123*3*1#
- USSD- сұраным: *100#
- USSD- сұраным: *111#

«Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме» қызметі (MCN)

Қызмет сипаттамасы:

Абоненттерге телефон өшірілген немесе қызмет көрсету аясынан тыс болғандағы соңғы 24 сағат ішінде кім қоңырау шалғанын білуге мүмкіндік беретін қызмет. Енді Сіз қызмет көрсету аясынан тыс болғанда немесе ұялы телефоныңыздың сөндірулі кезінде Сізге соңғы 24 сағаттың ішінде таныстарыңыз бен достарыңыздың қайсысы қоңырау шалғанын біле аласыз.

Телефоныңызды қосып, қызмет көрсету аясына енгеннен кейін Сіз қоңырау шалған адамдардың нөмірлері, уақыты мен күні көрсетілген жауапсыз қалған қоңыраулар тізімі бар қысқа хабарлама (SMS) аласыз.

Осы қызметке қосылу үшін телефонда қоңырауларды «байланыс аясынан тыс жерде немесе сөндірулі» опциясымен 2050 нөміріне бағыттау қажет (реттеулер телефон үлгісіне байланысты түрлі болып келеді). Қызметтен дәл осы жолмен, яғни қайта бағыттауды 2050 нөмірінен алып тастау арқылы бас тартуға болады.

Сұранымдар тізімі:

USSD-сұраным: 2050 нөміріне «Үнсіз» бағыттауды орнату үшін (барлық кіріс қоңырауларды бағыттау) **21*2050# теріңіз.
USSD-сұраным: 2050 нөміріне "бос емес" бағыттауын орнату үшін **67*2050# теріңіз.
USSD- сұраным: 2050 нөміріне "байланыс аясынан тыс жерде/телефон өшірулі" бағыттауын орнату үшін **62*2050# теріңіз.
USSD- сұраным: 2050 нөміріне "жауап жоқ" бағыттауын орнату үшін **61*2050# теріңіз.

«Мен үшін төле» қызметі


«Мен үшін төле» қызметі Сізге Kcell немесе Activ абонентіне шотыңыздағы қаржының таусылған жағдайында немесе Сіз Роумингте болғанда өзіңізге қоңырау шалуды сұрауға мүмкіндік береді.
Абоненттен шотыңызды толтыруды сұрау үшін телефоннан: *131*сұраным жолданатын абонент нөмірі# пәрменін теріңіз. Телефон нөмірін Сіз ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласыз, мысалы: *131*8ХХХХХХХХХХ# немесе *131*+7ХХХХХХХХХХ#.

Ерекше шарттар:

Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда – 30 сұранымнан көп емес.

Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS-хабарлама алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізде оның абоненттік шотын толтыруды сұрайды».

*131* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі # пәрмені терілгеннен кейін Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз.

Маған қоңырау шал
«Маған қоңырау шал» қызметі Kcell немесе Activ абонентіне Сізге шоттағы қаржы таусылған жағдайда немесе роумингте болғанда қоңырау шалу сұранымы бар тегін хабарлама жолдауға мүмкіндік береді.

Абоненттен оның қоңырау шалуын сұрау үшін телефоннан төмендегідей пәрменді теріңіз:

*130* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі # .
Телефон нөмірін Сіз ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласыз, мысалы: *130*8ХХХХХХХХХХ# немесе *130*+7ХХХХХХХХХХ#.
Сіз байланысқыңыз келетін Абонентке Сіздің атыңыздан өзіңізге қоңырау шалу өтініші бар SMS-хабарлама жолданады.

Ерекше шарттар:

Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда – 30 сұранымнан көп емес.

Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS-хабарлама алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізге қоңырау шалуды сұрауда».

*130* сұраным жолданып отырған абонент нөмірі # пәрмені терілгеннен кейін Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз