Нөмірді іске қосу

Кселл сауда белгісіндегі ұялы байланыс қызметтеріне қосылу үшін Сіз тіркеу үлгісіне қол қою арқылы келісім-шартқа отыруыңыз керек, тіркеу үлгісіне қол қойған кезде, Сіз ұялы байланыс қызметтерін көрсету мен осы үшін бөлінетін абоненттік нөмірімен бастапқы топтамасын сатып алу жөніндегі Бұқаралық келісім-шарттың талаптарына қосыласыз.

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету ережесіне сәйкес құжатты толтырған кезде төмендегідей ақпаратты көрсету қажет:

  • тұратын орын мекенжайы;
  • почта мекенжайы (тұрғылықты мекенжайынан бөлек болатын болса);
  • электрондық почта мекенжайы (e-mail).

Қосу барысында, алғашқы төлем 1000 теңге құрайды, оның барлығы нөмір теңгеріміне жүктеледі.

14-18 жас аралығындағы кәмелеттерге

14-18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған ҚР азаматымен Келісімшарт жасалған кезде міндетті түрде келесі құжаттардың тіркелуі шарт:

  • кәмелетке толмаған тұлғаның ата-анасының, бағып алушыларының немесе қамқоршыларының біреуінің ұялы байланыс қызметтерін көрсету Келісімшартын жасасуға және кәмелетке толмаған бала атына абоненттік нөмірді қайта ресімдеуге жазбаша келісімі;
  • кәмелетке толмаған баланың туу туралы күәлігі және/немесе бағып алу туралы сот шешімі (егер баланың туу туралы куәлігіне бағып алушының мәліметтері енгізілмесе) немесе қамқорлық (қамқоршылық) орнату туралы сот шешімі;
  • келісім беруші ата-ананың/бағып алушының немесе қамқоршының жеке басын анықтаушы құжаттың көшірмесі;
  • кәмелетке толмаған баланың СТН-і немесе СЖН-і, оның болмаған жағдайында бағып алушының немесе қамқоршысының СТН-і немесе СЖН-і.
Ескертпе: 14 жасқа толмаған баламен Келісімшарт жасасу оның атынан ата-анасымен, бағып алушысымен немесе қамқоршысымен жасалады.

ҚР резидент емес тұлғаларға

Егер Келісімшарт тарапы ҚР резиденті емес тұлға болатын болса, шетел азаматының төлқұжаты/ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты/азаматтығы жоқ тұлғаның күәлігі/дипломатиялық карта.

Ескерту: Келісімшарт алғаш тек өзара есеп айырысудың аванстық шарттарында ғана жасалады.

Келісімшарт жасау үшін өзіңібен бірге төмендегі құжаттарды алып келу шарт:

  • Мемлекеттік тіркелуі туралы Куәлік көшірмесі;
  • Заңды тұлғаның салықтөлеуші куәлігінің көшірмесі;
  • Егер заңды тұлға ҚҚС төлеушісі болса қосымша құн бойынша тіркеуге қойылғандығы туралы куәлік көшірмесі;
  • Өкілетті тұлғаның қолымен және заңды тұлғаны мөрімен расталған тіркеу формасы.

Ұялы байланыс қызметтері Абонентке ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жасалған Келісімшарт шарттарына сәйкес көрсетіледі.

Қосу барысында, алғашқы төлем 1000 теңге құрайды, оның барлығы нөмір теңгеріміне жүктеледі.

Егер төлем қолма-қолсыз есептесу түрінде болса, төлем тапсырысын көрсету қажет.

Kcell абоненттік жинағы

Нөмірді іске кез келген Kcell Center немесе Kcell Store-да қоса аласыз.

Қосу барысында, алғашқы төлем 1000 теңге құрайды, оның барлығы нөмір теңгеріміне жүктеледі.

Kcell негізгі Абоненттік жинағы

Нөмірді іске кез келген ресми диллерлерде қоса аласыз.

Қосу барысында, алғашқы төлем 500 теңге құрайды, оның барлығы нөмір теңгеріміне жүктеледі.