Шетелге кетіп бара жатқандар үшін

Шетелге кетіп бара жатқандар үшін

Демалыс немесе іссапар барысында достарыңызбен, отбасыңызбен және әріптестеріңізбен әлемнің 180 астам елінде байланыста қала беріңіз.

Қалай қостыруға болады

Сіз роуминг қызметін келесі тәсілдердің бірімен қоса аласыз:

  1. *145*1# теріңіз
  2. 3330 нөміріне DA мәтінімен смс жіберіңіз
  3. Telegram / WhatsApp виртуалды кеңесшісіне «Роуминг қосу» мәтінін жазыңыз
  4. Қызмет көрсету нүктелерінде өтініш толтырыңыз.

Жеке кабинетте қосу

Қызметті өшіру үшін *145*2#OK теріңіз немесе 3330 нөміріне NET мәтінімен смс жіберіңіз.

Роумингте қосылған қосымша қызметтердің болуын *145*4# теру арқылы немесе Telegram / WhatsApp виртуалды кеңесшісі арқылы тексере аласыз

Кетіп бара жатқандар үшін

Шетелге шықпас бұрын:

  1. Роуминг қызметін қосыңыз;
  2. Сіз бара жатқан елде Роуминг қызметінің көрсетілу-көрсетілмеуін анықтап біліп, таңдалған оператордың байланыс стандартын біліңіз;
  3. Роумингтегі науқандармен және Роуминг серіктестер ұсынатын тиімді тарифтермен танысыңыз;
  4. Қажет болған жағдайда нөміріңізге құпия сөз орнатыңыз. SIM-карта жоғалған жағдайда Сіз Call Center-ге +77272588300 (анықтама қызметіне роумингтен қоңырау шалу тегін) нөмірі арқылы хабарласып, сим-картаны құпия сөз арқылы бұғаттай аласыз. Нөмірде құпия сөзді орнату үшін Kcell Center өтініш жазу қажет Kcell Center;
  5. Жақындарыңызды, туыстарыңызды, достарыңызды шетелде нөміріңіздің өзгермейтіні және қоңыраулардың құны бұрынғыдай тарифтелетіні туралы ескертіңіз (қоңырау Қазақстан ішіндегі қоңырау сияқты тарифтеледі);
  6. Шетелге кіргенде телефоныңызды қоссаңыз, ол қолжетімді желіні автоматты түрде таңдайды. Сіз байланыс операторын аппарат мәзірінде қолдан немесе 2G стандартын немесе желілердің екілік стандартын (2G+3G/UMTS) таңдай аласыз (толық нұсқаулық «Смартфондардың иегерлеріне» бөлімінде).
  7. Роумингте интернеттi қолдану үшiн телефон баптауларынан өзiнен роумингте интернетті қосуды ұмытпаңыз.

Роумингтегi қосымша қызметтердi қосқанға дейін белсенді сессияны тоқтатып, интернетті пайдалануды қызметтердіңталаптарын дұрыс пайдалану үшін,қызметтерді қосқаннан кейін интернетті қайта бастау ұсынылады.

Роумингте теңгерім толтыру амалы:

  • Сіз теңгерімді epay.kcell.kz сайтында банктік карталар арқылы толтыра аласыз .
  • Немесе homebank.kz сайтында Казкоммерцбанк картасын пайдаланыңыз.
  • Cондай-ақ сіз лезде төлеу карталарын алдын ала сатып алып, төлемді сол карталар арқылы жүргізе аласыз.

Шетелде қоңырау шалу амалы:

Kcell / activ
+7 701 ХХХ ХХ ХХ, +7 702 ХХХ ХХ ХХ, +7 775 ХХХ ХХ ХХ, +7 778 ХХХ ХХ ХХ
Қазақстанның қалалық телефондарына
+7 қала коды; телефон нөмірі
Басқа елдердің және барған елдің қалалық телефондарына
+ ел коды; қала коды; телефон нөмірі
Кез келген басқа операторлардың ұялы телефондарына
+ ел коды; оператор коды; телефон нөмірі

Білген маңызды

Роумингтегі қаражат 30 күнге дейін кешіктіріліп алынуы мүмкін, сондықтан нөмір теңгерімінде тарифтеу кезіндегі нақты уақыт режімінде қосылу ұзақтығын қадағалауға мүмкіндік беретін жүйенің жоқтығына байланысты қарыз пайда болуы ықтимал.

Нөлдік теңгерімде немесе несиелік шектеу біткенде активтеу үшін роуминг қызметі қолжетімсіз.

Шекаралық аумақта болғанда Роуминг қызметін өшіріңіз. Роумингтегі тарифтердің қазақстандық тарифтерден ерекшеленетінін ұмытпаңыз.

Роумингтегі интернет шығындарын бақылау мақсатында қосымшалардың автоматты түрде жаңартылуын (Android, iPhone) және Wi-Fi автоауысуын (iPhone) өшірген жөн, толық нұсқаулық «Смартфондардың иегерлері үшін» бөлімінде.

Роумингте қоңырауды бағыттау елге байланысты шығыс және кіріс қоңырауларға роумингтегі тарифтерге сәйкес тарифтелетін болғандықтан, роумингте болғанда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттау қызметін ##002#ОК тіркестері арқылы өшіруіңізге кеңес береміз. Берілген тіркестер іске қосылмаған жағдайда, қоңырауды басқа абоненттердің нөмірлеріне немесе дауыстық почтаға бағыттауды телефон реттеулерінен өшіруге кеңес береміз.

Егер шетелге ұзақ уақытқа шығатын болсаңыз, сізге кейбір елдерде телефоныңыз осы елде екі сағат және одан астам уақыт болғанда жұмыс істемей қалуы мүмкін ескендігін ескерген жөн. Бұл тауарды жасырын өткізу және мобильді телефондардың ұрлануының алдын алу мақсатында осы елдердің заңнамасымен телефондарды жергілікті ұялы операторлардың кеңселерінде (оның ішінде ақылы негізде) тіркеу қажеттігінің ескерілгендігімен байланысты, кері жағдайда тіркелмеген телефонға олардың желілерінде қызмет көрсетілмейді.

Назар аударыңыз! Роумингте нөмірді теру форматы (қоңыраулар мен смс үшін): + елдің коды; қаланың немесе оператордың коды; телефон нөмірі, мысалы +7 7272 588300 (7 — Қазақстан Республикасының коды). Шет елдерде нөмірді +7 орнына 8 саны арқылы тергенде, қосылу құны минутына 3 950 тг құрайтын жерсеріктік бағыттар арқылы жүзеге асырылады.

Құрметті абоненттер! Роумингте конференция қызметі техникалық себептер бойынша қолжетімді емес.

Құрметті абоненттер! Роуминге «MMS» қызметі 01.09.2019 бастап жойылатыны туралы хабарлаймыз.

Роумингте қосылған қосымша қызметтерді *145*4#OK немесе Telegram мессенджерінде виртуалды кеңесші арқылы тексеруге болады. Сізге Telegram қосымшасы арқылы ромунгке қосылуға, сондай-ақ ромингке қатысты мәселелерді шешуге (табысты тіркелген жағдайда ғана) болады.

Telegram-дағы ботқа сілтеме: https://t.me/ActivKcellBot

Назар аударыңыз! Авторизация жүргізу қажет!

  1. Уақытша пароль сұрату: Телефоннан *245#OK
  2. Ботқа бұйрық беру: set нөміріңіз (формат +77XXXXXXXXX) уақытша пароль (1 тармақты қараңыз)

Мысалы: set +77012345678 1234

Роумингте қызметтерді USSD арқылы қосу/өшіру барлық роуминг-әріптестерде қолданылмайды. USSD-тіркестің іске аспау себебі сондай-ақ абонент SIM-картасының ескіруі немесе уақытша техникалық іркілістер де болуы мүмкін. Осыған байланысты қызметтерді Қазақстанда болған кезде, роумингке шығар алдында қосуға кеңес береміз.