Смартфондардың иегерлері үшін

Смартфондардың иегерлері үшін роумингтегі ережелер

iOS-гі смартфондар үшін

 

Роуминг серіктестің желісінде қолдан тіркеу:

1. 3G қолдайтын режимнің таңдалғанын тексеріңіз:

  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрлері → Дауыс пен деректер → 3G

2. Қолдан іздеу режимінде:

  • Реттеулер → Оператор → Автоматты түрде → қосып, операторды таңдаңыз (қажет болса, қайталаңыз)

3. Егер оператордың желісінде тіркеу орындалмаса, 3G режимін сөндіріңіз:

  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрлері → Дауыс пен деректер → 2G, телефонды сөндіріп, қосыңыз және қайта қолдан тіркеп көріңіз (қажет болса, бірнеше рет қайталаңыз)

Мобильді интернетті пайдаланғыңыз келсе:

1. Шетелге шықпас бұрын роумингте мобильді интернет қызметінің тарифтерімен және науқандарымен танысыңыз.

2. Реттеулерде APN жиегіне internet кіру нүктесін жазып, төмендегідей ретте деректерді беру қызметін қосыңыз:

  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрлері → Деректерді берудің ұялы байланысы (APN: internet)
  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Ұялы деректер → қосыңыз → Деректер параметрлері → Деректер роумингі → қосыңыз

3. Интернет-трафикті тұтынуды бақылау мақсатында келесідей ретте қосымшалардың автоматты түрде жаңартылуын сөндіріңіз:

  • Реттеулер → iTunes & App Stores → Автоматты жүктеулер (барлығын өшіріп), ұялы деректер арқылы төмендегі жаңартуларды сөндіріңіз
  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Wi-Fi көмегі мен → сөндіріңіз (iOS 9 нұсқасы)

Егер мобильді интернетті пайдаланғыңыз келмесе немесе Wi-Fi қолданбасаңыз:

1. Деректер роумингі сөндіріңіз:

  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Деректер параметрлері → Деректер роумингі → сөндіріңіз

2. Ұялы деректер арқылы барлық жаңартуларды сөндіріңіз:

  • Реттеулер → iTunes & App Stores → Автоматты жүктеулер (барлығын өшіріп), ұялы деректер арқылы төмендегі жаңартуларды сөндіріңіз

3. «Wi-Fi көмегін» сөндіріңіз:

  • Реттеулер → Ұялы байланыс → Wi-Fi көмегі → сөндіріңіз (iOS 9 нұсқасы)

Android-ғы смартфондар үшін

 

Роуминг серіктестің желісінде қолдан тіркеу:

1. Режимді таңдаңыз:

  • Реттеулер → Қосу → Мобильді желілер → Қос режимді таңдаңыз, мысалы, LTE/3G/2G

2. Қолдан іздеу режимі арқылы операторды таңдаңыз (қажет болған жағдайда, талпынысыңызды қайталаңыз). Байланыс жоғалған жағдайда, қолдан іздеуді қайталаңыз (қажет болған жағдайда, бірнеше рет).

Мобильді интернетті пайдаланғыңыз келсе:

1. Шетелге шықпас бұрын роумингте мобильді интернет қызметінің тарифтерімен және науқандарымен танысыңыз.

2. Реттеулерде APN жиегіне internet кіру нүктесін жазып, төмендегідей ретте деректерді беру қызметін қосыңыз:

  • Реттеулер → Қосу → Мобильді желілер → Кіру нүктелері (APN) → жаңа кіру нүктесі (аты: internet, APN: internet, тип APN: default)
  • Реттеулер → Қосу → Мобильді желілер → Роумингтегі деректер → қосыңыз

3. Интернет-трафикті тұтынуды бақылау мақсатында келесідей ретте қосымшалардың автоматты түрде жаңартылуын сөндіріңіз:

  • Play Market → (сол жақ жоғары бұрыштан) пайда болатын мәзірді шақырыңыз → Реттеулер → тек Wi-Fi арқылы «Қосымшаларды автоматты түрде жаңартуды» таңдаңыз

Егер мобильді интернетті пайдаланғыңыз келмесе немесе Wi-Fi қолданбасаңыз:

1. Мобильді деректерді сөндіріңіз:

  • Реттеулер → Қосу немесе бірден Деректерді пайдалану* → Мобильді деректер → сөндіріңіз

2. Роумингтегі деректерді сөндіріңіз:

  • Реттеулер → Қосу* → Мобильді желілер → Роумингтегі деректер → сөндіріңіз

 

 


Смартфон моделіне және астарлау нұсқасына байланысты, реттеулерде айырмашылық болуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Сондай-ақ, WhatsApp, Viber сияқты қосымшалардағы реттеулерде бейне, аудио, суреттердің автоматты түрде жүктелуін сөндіру қажет.