24.10.2018

Kcell және Activ абоненттері үшін мобильді құрылғыларды тіркеу туралы білу керек

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Заңнама талаптарына сәйкес  2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстандағы ұялы телефонның барлық операторлары тіркелмеген абоненттік құрылғылар бойынша байланыс қызметін көрсетуге құқығы жоқ.

Тіркелмеген құрылғыға SIM-картаны салу кезінде, сіз құрылғыны тіркеу қажеттілігі туралы SMS аласыз. Бұл ретте, қоңырау шалуға немесе қабылдауға, 6006 нөмірінен басқа өзге нөмірге SMS жіберуге мүмкіндік болмайды. Мобильді интернетті тек тіркеу үшін пайдалана аласыз.

Толық ақпаратты және сұрақтарыңызға жауаптарды сіз мына жерден ала аласыз