25.06.2020

«Мобильді орта» тарифтік жоспары бойынша науқанның ұзартылуы

31.12.2020 дейін

Құрметті «Мобильді орта» тарифтік жоспарының пайдаланушылары, Сіздерге «Мобильді орта» тарифтік жоспарлары бойынша абоненттік төлемнің бір ортадағы пайдаланушылар санына тәуелсіз ең төменгі белгіленген мөлшер бойынша алынатын науқанның әрекет етуі жалғасатындығын хабарлаймыз:

  • «Мобильді орта S» үшін — 2 900 теңге
  • «Мобильді орта M» үшін — 3 900 теңге
  • «Мобильді орта L» үшін — 4 900 теңге

Науқан 31.12.2020 қоса алғандағы мерзімге дейін жалғасады.

«Мобильді орта» тарифтік жоспары — қазақстандық нарықтағы бірегей ұсыныс. Жаңа өнім Мобильді ортаның қолжетімді опцияларының (S, M, L немесе XL) біріне 5 пайдаланушыға дейінгі топты қосуға және олардың арасында белгілі бір интернет-трафик көлемін, сондай-ақ ҚР басқа ұялы операторларына минуттарды өз қалауынша немесе өзара уағдаластық бойынша бөлуге мүмкіндік береді, бұл ретте Kcell/Activ желісі ішінде 0 теңгеден қоңырау шалу және желі ішіндегі белгілі бір SMS саны ортақтасып пайдалану үшін топтың барлық қатысушыларына қолжетімді.

«Мобильді орта» тарифтік жоспары туралы ақпарат