06.02.2020

Kcell AIX-тегі кросс-листинг туралы жариялайды

 

«Кселл» АҚ (бұдан әрі - «Kcell» немесе «Компания»), Қазақстанның телекоммуникациялар нарығының жетекші операторы, 2020 жылдың 6 ақпанында Компанияның жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттары (ЖДҚ) Astana International Exchange («AIX») ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды.  Сауда 7 ақпанда басталады деп жоспарлануда. Kcell жай акциялары теңге бағамымен және есептеулерімен тикермен (KCEL) белгіленіп, Қазақстан қор биржасында және AIX-те толық айырбасталады. ЖДҚ (KCEL.Y) тикер белгісімен АҚШ долларымен тізімге енгізілген және Лондон және AIX биржаларында толық айырбасталады.

Осы оқиғаға байланысты «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма төрағасы Каспарс Кукелис былай деп атап өтті:

«Ксеll-дың 7 жылдан астам листинг тарихының болуын ескере, мен жаһандық депозитарлық қолхаттардың (ЖДҚ) және қарапайым акциялардың AIX ресми тізіміне енгізілгенін хабарлауға қуаныштымын. Бұл қадам компаниямызға инвестициялық базаны әртараптандыруға және кеңейтуге, сондай-ақ акцияларымыздың өтімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Біз Компанияның 2012 жылы IPO-ға шыққаннан бастап қолданыстағы корпоративтік басқарудың ең жоғары халықаралық стандарттарын ұстануды жалғастырамыз. AIX-пен серіктестік клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін құндылық құруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл ұзақ мерзімді және өзара тиімді болады деп үміттенемін».

AIX басқарма төрағасы Тим Беннеттің айтуынша:                              

«Kcell құнды қағаздарының AIX тізіміне енуі бізге компанияға қызығушылық танытқан инвесторлар санын әртараптандыруға, сондай-ақ жергілікті және шетелдік бөлшек инвесторларға Kcell акцияларымен және ЖДҚ-ларымен бір сауда алаңында сауда жасауға толық мүмкіндік береді».
___________________________________________________________________________________

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ.

Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

Олжас Бибанов, «Кселл» АҚ корпоративтік қатынастар бөлімінің бастығы

+7 701 211 7777, 8 /7272/582-755, 1905, www.kcell.kz, www.activ.kz, pressa@kcell.kz