02.03.2020

Kcell мобильді нөмірінің теңгерімі арқылы қоғамдық көлікте жол ақысын төлеп, 10% кэшбэк алыңыз

 

01.03.2020 ж. бастап «Кэшбэк ұста!» науқаны басталады

Алматы қаласының қоғамдық көлігінде мобильді нөмір теңгерімінің көмегімен жол ақысын төлеу кезінде Kcell және activ абоненттері жол ақысының 10% көлемінде кэшбэк алады.

Науқанға қатысу үшін Абоненттерге:

  1. ОҢАЙ терминалындағы көлік кодын 9909 қысқа нөміріне (терминал бетіндегі 6 сан) SMS арқылы жолдау
  2. Электрондық билеті бар SMS алу қажет.

Кэшбэк мобильді нөмірдің теңгеріміне төлем жүргізілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

«Кэшбэк ұста!» науқанына қатысу ережелерін толығырақ  Сіз сілтеме арқылы біле аласыз.