19.03.2020

Кселл АҚ 2019 жылы серпінді нәтижелерге қол жеткізді

Қазақстанның жетекші ұялы байланыс операторы 2019 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.

«2019 жыл Кселл үшін бетбұрыс болды. 5 жыл ішінде алғаш рет біз негізгі қаржылық көрсеткіштеріміздің жақсаруына қол жеткіздік. Таза сатылым көлемі 4,6 пайызға артып, 156 657 миллион теңгені құрады (2018: 149 701). Ұқсас импульс қызмет көрсетуден түскен кірістердің динамикасында байқалды, онда қызмет көрсетуден түскен кіріс 4,8% -ға 137 564 млн. теңгеге дейін өскен (2018: 131 269). Бұл өз кезегінде ARPU-дың 15,5%-ға айтарлықтай өсуіне байланысты болды», - деп атап өтті Каспарс Кукелис, «Кселл» АҚ Бас атқарушы директоры және Басқарма төрағасы. 

Басқа негізгі қаржылық көрсеткіштер де алдыңғы есептік кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай жақсарғандығын көрсетті. Онда EBITDA біржолғы шығындарды қоспағанда 24,7% -ға 63 533 млн. теңгеге дейін өскен (2018: 50 943). EBITDA өтімділігі 40,6% дейін өсті (2018: 34,0). Біржолғы шығыстарды қоспағанда, операциялық пайда 36,3% -ға артып, 33 393 млн. теңгені құрады (2018: 24 493). Таза пайда 18,6%-ға артып, 10 117 млн. теңгені құрады (2018: 8 531).

Жоғары сапалы клиенттерді тарту және көлемге негізделген дистрибуциядан кету стратегиясын іске асыру нәтижесінде есептік кезеңде компанияның абоненттік базасы 8,27 миллион пайдаланушыны құрады.

«2019 жылы Компания Кселл-дің датаны монетизациялауды  арттыруға және Қазақтелеком тобының шеңберіндегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланумен нарықтағы бизнестің барлық бағыттарындағы көшбасшылық позицияларын сақтап қалуға  бағытталған жаңа стратегияны іске асыруды бастады.

Стратегия клиенттеріміздің барлық сегменттерде, барлық салаларда үнемі өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жауап беретін әртараптандырылған қызмет портфолиосымен көшбасшылық позицияны сақтауға мүмкіндік береді. Біз «Қазақтелеком» АҚ-мен алғашқы конвергентті өнімді іске қосқан желілер мен инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану жөніндегі кейінгі бастамалардың қаржылық және операциялық мүмкіндіктерін көрудеміз. Сонымен қатар, біз нарыққа бірегей және инновациялық ұсыныстарды берудеміз, мәселен, қазақстандық SIM-карталарды (eSIM) ұсынудамыз, оларды қазақстандық абоненттерге бірінші болып біз ұсындық.

Біз 2020 жылға нық қадаммен кіріп жатырмыз және өткен жылы қол жеткізген қарқынды сақтап қалуды жоспарлап отырмыз. Болашақта біз қаржылық тәртіпті күшейту және клиенттеріміз бен акционерлеріміз үшін құндылықты қалыптастыру үшін инновациялық, жоғары сапалы өнімдер мен қызметтерді дамытуға баса назар аудару арқылы «Қазақтелеком» АҚ-мен синергтя мүмкіндіктерін пайдалануды  жалғастырамыз», - деді Каспарс Кукелис.

Сонымен қатар, B2B сегменті 16,2% өсімін көрсете отырып, түсімнің едәуір артуын қамтамасыз етті, ал жиынтық кірістегі корпоративтік сегменттің үлесі 12%-ға дейін өсті.

Сондай-ақ, телефон сатылымы интернет-дүкеннің іске қосылуының арқасында да бір жыл ішінде 3,6%-ға өсті.

Деректерді беру қызметтерінен түскен кіріс 12,3%-ға 51 430 млн. теңгеге дейін өсті (2018: 45 800).

_____________________________________________________________________________________

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ.

Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс деректері:

Олжас Бибанов, «Кселл» АҚ корпоративтік қатынастар бөлімінің бастығы

+7 701 211 7777, 8 /7272/582-755, 1905, www.kcell.kz, www.activ.kz, pressa@kcell.kz