19.03.2020

«Кселл» роумингтегі қазақстандықтарға бонустық минуттар мен интернет-трафик береді

 

Достар, бұл күндері кейбір отандастарымыз шетелде қалуға мәжбүр. Осындай қиын жағдайда отбасымен байланыста болу қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Сондықтан компания 3GB интернет-трафигі бар бонустық топтаманы және қабылдаушы ел ішіндегі кіріс, шығыс қоңыраулар мен үй желісіне шығыс қоңырауларға 30 минут беруге шешім қабылдады.

Топтаманың әрекет ету мерзімі 20 күн.

Бонустық топтама Австрия, Бельгия, Қытай, Франция, Германия, Иран, Италия, Жапония, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Швейцария, АҚШ және Ұлыбританияда жүрген Kcell абоненттеріне де, activ абоненттеріне де беріледі.