22.03.2020

Kcell/activ абоненттерінің назарына!

 

«Кселл» АҚ ПОКЕРДОМ және QIWI-мен ешқандай акция өткізбейтінін хабарлайды! VK әлеуметтік желісіне тарап жатқан сондай хабарлама алаяқтардың ісі, Компания ешқандай сыйлық бермек емес! Компаниямыз ондай компаниялармен әріптес емес.

Алаяқтардың «қармағына» ілінбеу үшін, VK-дағы сілтемелерге кірмеңіздер, тіркелмеңіздер, аккаунтыңызды оған мүлде қолданбаңыздар!

Сақ болыңыздар!

Егер душар болсаңыздар, кез келген алаяқтық әрекеттер жайлы бізге хабарлауды сұраймыз!

Біз алаяқтардың шабуылын тойтару үшін бүкіл шараны қарастырып отырмыз.

Дәл қазір Компания VK әлеуметтік желісін қалпына келтіріп отыр.

Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет!