30.03.2020

Kcell/activ абоненттері Сәтті Жұлдыз лотереясының билеттерін мобильді нөмір теңгерімі арқылы төлей алады

 

Сәтті Жұлдыз лотерея билетін сатып алу оңайырақ болды. Енді Kcell және activ абоненттері лотерея билеттерін сатып алу үшін өз мобильді нөмірінің теңгерімін пайдалана отырып төлей алады.  Мұны екі жолмен істеуге болады:

SMS арқылы төлеу

  1. 9087 нөміріне "Telebingo" немесе "Телебинго” мәтіні бар SMS жолдау
  2. Төлемді растау туралы SMS-хабарлама алу және жауап хабарламасында «1» жолдау.

Төлем сәтті жүргізілген жағдайда абонентке mobimoney нөмірінен хабарлама және билет нөмірі, нөмірлердің тіркесімі және 9087 нөмірінен тираж уақыты туралы хабарлама келеді.

Cайтта төлеу https://www.szhuldyz.kz/

  1. Төлем әдістерінде «мобильді нөмір теңгерімінен төлеуді» таңдау.
  2. Төлем жүргізілетін телефон нөмірін енгізу.
  3. mobimoney нөмірінен растау кодын алу.
  4. Сайтта растау кодын енгізу арқылы төлемді растау.

Билеттерді мобильді нөмір теңгерімінен төлеген жағдайда комиссия ұсталмайды.  Сонымен қатар, банктік картаны қосудың қажеті жоқ.  Билеттерді кез келген уақытта сатып алуға болады.  Сауда нүктелерін іздеудің қажеті жоқ, билеттерді мобильді телефоннан-ақ сатып алуға болады.

15 000 теңгеге дейінгі ұтыстар автоматты түрде сіздің теңгеріміңізге түседі.

Естеріңізге сала кетейік, Kcell және activ теңгерімінен билеттерді сатып алып қоймай, сонымен қатар байланыс, теледидар, коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге болады.