31.03.2020

Kcell абоненттері үшін елдегі төтенше жағдай кезінде несиелік қызметке ауысу жеңілдетілді

 

 2020 жылдың 30 наурызынан бастап алғытөлемдік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттерге несиелік төлеу тәртібіне ауысудың жеңілдетілген мүмкіндігі беріледі.

  1. Kcell | activ кеңселері арқылы хабарласуға болады (Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантинге уақытша жабылған кеңселерден басқа) немесе байланыс орталығы (9090) арқылы, абоненттің жеке деректерін міндетті түрде тексергеннен кейін оператор өтінішті қабылдайды;
  2. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қаралады.

Ағымдағы Абоненттер үшін есеп айырысу тәсілін өзгертудің міндетті шарттары:  

- Абонент нөмірдің заңды иесі болып табылады,

- абоненттік нөмір теңгерімі оң қалыпта

- несие лимиті байланыс қызметтеріне абоненттердің соңғы 6 айдағы орташа шығындарына  сәйкес белгіленеді

Жаңа абоненттер үшін: абоненттік төлемсіз тарифтік жоспарды қосқан кезде несие лимиті 2000 тг. көлемінде орнатылады. Абоненттік төлемі бар тарифтік жоспарды қосқан кезде несие лимитінің мөлшері формула бойынша есептеледі - 1,2 * AТ (абоненттік төлем) мөлшері.

30.03.2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде төлемнің несиелік тәртібіндегі абоненттер (жеке тұлғалар) үшін есептік кезеңде берешек болған жағдайда (халықаралық роумингтік қызметтерді қоспағанда) байланыс қызметтерін пайдалану мүмкіндігіне шектеулер алынып тасталады және Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың барлық кезеңінде байланыс қызметтерінің ақысын кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі.