02.04.2020

Uide Bol cup 2020 - Kcell шахмат турнирі

 

Kcell компаниясы Uide bol cup 2020 - онлайн режиміндегі шахмат турнирінің серіктесі болды. Турнир chess.com ойын алаңында 11 сәуірде 18.00-де басталады.

1 сәуірден 11 сәуірге дейін қатысушылардың тіркеу өтеді. Қатысуға өтініш беру үшін:

- Pinger.kz сайтында қатысу үшін барлық жолдарды толтырыңыз

- Қазақстан азаматтығын растайтын құжатты жүктеңіз

 Турнирдің жүлде қоры - 2 000 000 теңге!

1 орын - 350 000 теңге;

2 орын - 250 000 теңге;

3 орын - 150 000 теңге;

4-6 орындар - 75 000 теңге;

7-12 орын - 50 000 теңге.

Жеке номинациялардағы қосымша сыйлықтар:

Әйелдер арасындағы ең жақсы нәтиже:

1 орын - 150 000 теңге;

2 орын - 100 000 теңге;

3 орын - 50 000 теңге;

4 орын - 25 000 теңге көлеміндегі 6 сыйлық;

60 жастан асқан ересектер арасындағы ең жақсы нәтиже - 125 000 теңге.

16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ең жақсы нәтиже - 100 000 теңге.

12 жасқа дейінгі балалар арасындағы ең жақсы нәтиже - 75000 теңге.

8 жасқа дейінгі балалар арасындағы ең жақсы нәтиже - 50 000 теңге.

Әр қатысушыға үйден шықпай-ақ виртуалды қарсыластармен күресуге және үлкен ақшалай сыйлық ұтуға тамаша мүмкіндік бар!