07.04.2020

«Kcell» компаниясы бизнес клиенттермен орындалған жұмыс актілерін ұсынудың электрондық нысанына көшті

 

4 сәуірден бастап Кселл корпоративтік клиенттері орындалған жұмыс актілерін онлайн ала алады. Құжаттар Кселл порталында, сондай-ақ ISMET.KZ бизнеске арналған ашық цифрлық платформадағы пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Орындалған жұмыстардың электрондық актілерін алу үшін клиенттер электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолдана отырып, көрсетілген сайтта тіркеуден өтуі қажет. Осыдан кейін құжаттар автоматты түрде клиентте пайда болады.

 Кселл бизнес клиенттер үшін орындалған жұмыс актілерін электронды түрде беру жүйесіне көшудің бірқатар артықшылықтарын атап өтті. Оларға мыналар жатады:

 Кез келген жерден немесе құрылғыдан интернет арқылы құжаттарға қол жеткізу;

  • Көрсетілген қызметтер бойынша электрондық құжаттарды онлайн режимінде алу және жеткізу;
  • Қол қою түрі немесе кезеңі бойынша жылдам іздеу жүргізу мүмкіндігі;
  • Кселл кеңсесіне келудің немесе құжаттарды пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ. Операциялар Ұлттық Куәландырушы Орталық (ҚР ҰКО) берген ЭЦҚ арқылы бірнеше минут ішінде жүргізіледі;
  • Электрондық актілерді бірыңғай орында сақтау;
  • Қол қою алдында құжатты алдын ала қарау үшін ыңғайлы интерфейс;
  • QR-код түрінде клиенттің және сіздің компанияңыздың уәкілетті тұлғасының қолы қойылған *.pdf форматында құжаттарды жүктеу мүмкіндігі.