29.04.2020

Kcell/activ абоненттері төлемдерді жаңа mobimoney қолданбасында теңгерім көмегімен жасай алады  

 

Жаңа mobimoney қолданбасы абоненттерге мобильді нөмір теңгерімінің көмегімен төлемдерді жылдам және ыңғайлы жасауға мүмкіндік береді.

 Қолданбада тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға болатын мобильді қаржылық қызметтердің барлық ауқымы қолжетімді:

- Kcell/activ абоненттері теңгерімінің көмегімен түрлі тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу

- Kcell/activ және ҚР басқа операторларының басқа нөмірлеріне мобильді аударымдар

- Kcell/activ абоненттерінің теңгерімінен төлем картасына ақша аудару

- «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкоматтарынан шешіп алу үшін теңгерімнен ақша алуға бастамашылық ету

- QR коды бойынша төлем

- барлық операциялардың тарихы, операция бойынша чек алу және т.б.

Төлем жүргізу амалы:

  1. Құрылғыңызға қолданбаны жүктеп, орнатып алыңыз.
  2. Қызықтыратын қызметті таңдаңыз
  3. Төлем деректемелері мен сомасын енгізіңіз
  4. Әрекетті растаңыз

Қолданба Andoroid және iOS ОС үшін қол жетімді. Қолданбаны PlayMarket және AppStore платформаларынан жүктеуге болады.

Аталған қолданбаны біздің технологиялық серіктесіміз «WoopPay» ЖШС әзірледі