30.04.2020

Бар-жоғы 950 теңгеге лимитсіз роуминг!

 

2020 жылдың 04 мамырынан бастап Kcell абоненттері үшін әлемнің 75 елінде роумингте «Лимитсіз интернет» науқаны басталғандығын қуана хабарлаймыз.

Науқанға 659 нөміріне 1 мәтінімен SMS жіберу арқылы қосылуға болады.

Науқан «Kcell travel», «Сүйікті елдер», «Интернет топтамалар» қызметтеріне қосылмаған болсаңыз, роумингте алғаш рет мобильді интернетті пайдаланған кезде іске қосылады.

Интернетті көбірек пайдаланып, аз төлеңіз: тәулігіне бар-жоғы 950 тг. Алғашқы 100 Мбайт жоғары жылдамдықта беріледі, содан кейін Интернет жылдамдығы тәулік аяғына дейін 128 кб/с дейін төмендейді, бірақ бұл мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы мәтіндік хабар алмасу үшін жеткілікті. 

Егер сіз Интернетті пайдаланбасаңыз, ақша алынбайды.

Егер роумингтегі “Лимитсіз Интернет” науқаны бойынша 950 тг алу үшін теңгерімдегі қаражат жеткіліксіз болса, интернет 100 тг/Мб бойынша тарифтеледі.

Сондай-ақ, науқан аясында сіз 400 теңгеге қосымша интернет топтама сатып ала аласыз. Алғашқы 50Мб жоғары жылдамдықта беріледі, содан кейін интернет жылдамдығы тәулік аяғына дейін 128 кб/сек дейін төмендейді.

Науқан әлемнің 75 елінде жарамды: Австралия, Австрия, Әзірбайжан, Албания, Аргентина, Армения, Бахрейн, Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Гана, Германия, Гонконг, Грекия, Грузия, Дания, Мысыр, Израиль, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирландия, Испания, Италия, Канада, Катар, Қытай (Тайваньді қоспағанда), Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Макао, Малайзия, Мальта, Мексика, Моңғолия, Непал, Нидерландтар, Жаңа Зеландия, Норвегия, Біріккен Араб Әмірліктері, Польша, Португалия, Молдова Республикасы, Ресей (Қырымды қоспағанда), Румыния, Сауд Арабиясы, Сербия, Сингапур, Словакия, АҚШ, Тәжікстан, Тайвань, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Украина (Қырымды қоспағанда), Филиппин, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Шри-Ланка, Эстония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Жапония