30.04.2020

Корпоративтік абоненттері үшін төтенше жағдай кезеңінде қосымша трафик

 

Құрметті «Карт-Бланш+» және «Бизнес Класс» тарифтік желілерін пайдаланатын Kcell корпоративтік абоненттері!

Төтенше жағдай кезеңінде Интернет желісінде деректерді беру қызметтерін барынша қолайлы пайдалану үшін Сізге тарифтік жоспар бойынша шарттар шеңберінде берілетін трафикке қосымша 01.05.2020 бастап 31.05.2020 жылға дейінгі кезеңде 5ГБ көлеміндегі қосымша бонустық трафик тегін беріледі. Қосымша трафик қосылған тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуге абоненттік төлемнің табысты алынған жағдайында ғана беріледі. Абоненттік төлемнің табысты алынып, негізгі және қосымша бонустық интернет-трафик көлемі ұсынылғаннан кейін бонустар келесідей тәртіппен жұмсалады: алдымен қосымша бонустық интернет-трафик клемі жұмсалып, ол таусылғаннан кейін жұмсалу негізгі көлемнен жүзеге асырылады. Трафктің қосымша бонустық көлемі тарифтік жоспардың қосылған күніне тәуелсіз күнтізбелік айдың соңына дейін жарамды болады. Пайдаланылмаған интернет-трафик көлемі жинақталмайды және келесі айға ауыстырылмайды.