01.06.2020

activ\Kcell марафоны жалғасуда, Нұр-Сұлтан қ. кэшбэк ұста!

2020 жылдың 1 маусымынан бастап астанада «Кэшбэк ұста!» науқаны басталатынын хабарлауға қуаныштымыз.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінде мобильді нөмір теңгерімінің көмегімен жол ақысын төлеу кезінде Kcell және activ абоненттері жол ақысының 10% көлемінде кэшбэк алады.

Науқанға қатысу үшін Абоненттерге:

  1. 2505 қысқа нөміріне көліктің кодымен немесе көліктің мемлекеттік нөмірімен SMS жіберіңіз;
  2. My activ қолданбасында QR кодды сканерлеу
  3. Электрондық билеті бар SMS алу қажет.

Kcell/activ теңгерімінен төлеу - бұл кэшбэк ғана емес. Бұл жолақысын жылдам және контактісіз төлеу мүмкіндігі. Оның үстіне бұл арзанырақ және ыңғайлырақ: өзіңмен бірге көлік картасын алып жүрудің немесе әмияннан әрдайым майда ақша шығарудың қажеті жоқ.

Көлік коды мен QR код көлік салонындағы жапсырмада көрсетілген. Көліктің мемлекеттік нөмірін KZ аббревиатурасыз көрсету қажет.

Төлеу сәтінде абонент теңгерімінде операцияны жүргізу үшін жеткілікті сома болуы тиіс.

Науқанға қатысу туралы ереже туралы толығырақ сілтеме арқылы білуге болады.

Науқанның сіздің қалаңызда қашан өтетінін білу үшін жаңалықтарымызды оқып жүріңіз.