15.06.2020

Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы абоненттік бөлімдердің жабылуы туралы

 

Құрметті абоненттер!

COVID-19 қатысты жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы «Кселл» компаниясының Нұр-Cұлтан (Республика даңғ., 8)және Алматы қ. ( Әлімжанов к-сі, 51 және Алматы Мега-центр сауда орталығында) 15.06.2020 ж. бастап уақытша жабылады.

Компания қызметкерлер мен абоненттер арасында COVID-19 одан әрі таралуына жол бермеу бойынша барлық шараларды қабылдады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Қызмет көрсету мәселелері бойынша Алматы және Нұр-Сұлтан қ. басқа бөлімшелеріне немесе call-орталықтарға 9090 және 3030 нөмірлеріне хабарласа аласыз.

Абоненттік бөлімдердің (АБ) және дүкендердің барлық мекенжайларын мына жерден білуге болады.

Сіз үйден шықпастан төмендегілер арқылы тегін консультация алып, қызметтерді қоса аласыз: 

- www.activ.kz   www.kcell.kz сайттары 

- 9090 және 3030 call-орталықтары

- мобильді қолданбары: My activ / My Kcell

- activ және Kcell ресми парақшалары: Facebook, Instagram

activ нөмірін сайтта тіркеп, қайта ресімдеуге болады: www.reg.activ.kz

Оған қоса, курьер арқылы тегін жеткізілетін телефондарды сатып алуға болатын www.activ.kz/shop онлайн дүкені жұмыс жасауда.

Естеріңізге сала кетейік, дүкендеріміз бен АҚ-ға барған кезде қауіпсіздік шараларын сақтап, бетперде кию қажет.

Өз кезегінде біз бөлімшелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жалпыға бірдей талаптарды ұстанамыз: қызметкерлердің барлығы бетпердемен жұмыс істейді, жабық үй-жайда адамдардың жиналуына жол берілмейді, қол санитайзерлері орнатылады, үй-жайларды дезинфекциялау жүргізіледі.