18.06.2020

250+: Мобильді интернет әр ауылда

 

«Кселл» компаниясы басқа мобильді операторлармен бірлесе отырып, халық саны 250 + адамы бар ауылдық елді мекендерді (АЕМ) кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша 250+ жобасын іске асыруды жалғастыруда.

 Бүгінгі таңда аталған жоба бойынша «Кселл» АҚ 24 елді мекенде станцияларды іске қосты.

Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл ұялы байланыс операторларының өз есебінен жүзеге асырылатын өте ауқымды инфрақұрылымдық жоба. «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы мобильді желілер құрылысына жұмсалатын барлық шығындардың 65% -ын көтереді.

Айбек Нұрқадыр, «Кселл» АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры:

 «Кселл» АҚ өзге мобильді операторлармен бірлесіп жүзеге асыратын 250+ жобасының еліміз үшін маңызы зор.

Жоспар әкімдіктермен бірлесіп әзірленді және оған 250 адамнан астам халқы бар 1000-нан астам ауыл кірді. Осылайша, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздіктің қырлары жойылады. 250+ жобасы ел экономикасын дамытудағы драйверлердің бірі болады. Жақын арада ауыл тұрғындары телемедицина, мемлекеттік цифрлық қызметтер, цифрлық білім және т.б. қызметтерді ала алады.

 Асқар Есеркегенов, «Кселл» АҚ Бас техникалық директоры:

 «Біздің 2018 жылдан бастап АЕМ ТОБЖ бағдарламасын жүзеге асырып келе жатқан серіктесіміз «Қазақтелеком» АҚ арқасында еліміз бойынша ауылдық елді мекендерге арналған талшықты оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) салу, мобильді операторлар құрылып жатқан инфрақұрылым базасындағы трансмиссияны пайдалана отырып, ауылдық елді мекендерге арналған Интернет желісіне мобильді кең жолақты қол жеткізу қызметтерін қамтамасыз етеді».

Барлығы, 1 000-нан астам қазақстандық ауыл 2020 жылдың соңына дейін жылдам интернетке қол жеткізе алады.

Осы ауылдардың тұрғындары тек жылдам мобильді интернетке ғана емес, сонымен қатар электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне, қашықтықтан оқытуды пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Жоба телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Осы жобаны іске асыру қорытындысы бойынша 2020 жылдың соңына дейін қала тұрғындарының 93,5 пайызы Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтылады. Жобаны дамыту жоспар бойынша жалғасуда және жоба мерзімінде іске асырылатын болады.