26.06.2020

Fitch Kcell рейтингісін «BB+» дейін көтерді, болжамы «Тұрақты»

 

Коронавирус пандемиясына және нәтижесінде әлемдік және жергілікті нарықта қалыптасқан дағдарыстық жағдайларға қарамастан, Fitch Kcell рейтингісін «BB+» дейін көтерді, болжамы «Тұрақты».

«Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: AIX: KCEL, KCEL.Y) – Қазақстандағы телекоммуникациялық нарықтың жетекші операторы Fitch Ratings («РДЭ») Kcell эмитентінің ұзақ мерзімді дефолт рейтингісін «BB»-дан «BB+», болжам «Тұрақты» етіп көтергенін хабарлайды.

Fitch Ratings сондай-ақ аналық компания «Қазақтелеком» АҚ мерзімінен бұрынғы рейтингісін «BB+»-дан «BBB-», болжам «Тұрақты» етіп көтергенін хабарлайды.

Fitch мамандарының пікірінше, Kcell Қазақстандағы жетекші мобильді байланыс операторы болып табылады. Kcell рейтингінің өсуіне негізгі себеп драйверлер болды, олардың ішінде:
Коронавирус пандемиясының әсері:

Fitch сарапшылары Kcell коронавирус пандемиясының біршама теріс әсеріне тап болады деп есептейді. Роуминг қызметтерінен түсетін кірістерге әсері шамалы.

Орташа левередж:

Fitch Kcell левереджі қалыпты, таза мәнде 2,5x төмен болады деп күтуде (2019 жылдың соңына 0,9x). Еркін ақша ағынының 50%-дан 100%-ға дейінгі дивидендтік саясаты (Kcell ақша қаражатының операциялық және инвестициялық ағындарының сомасы ретінде анықталады) компанияның қаржылық көрсеткіштерімен акционерлерді бөлуді келісуге көмектеседі. Fitch сарапшылары левередж икемділігі түсімнің шамалы өсуімен және кірістіліктің жақсаруымен, сондай-ақ ақша ағынының оң генерациясымен қолдау табады деп күтеді.

Нарықты шоғырландырудың ықпалы:

«Ұялы байланыс нарығының шоғырлануы 2018 жылдың соңында бағаға емес, сапаға баса назар аудара отырып, Қазақстандағы бәсекелестік ортаны тұрақтандыруға көмектесті. Қазақстандық барлық ұялы байланыс операторлары іскерлік белсенділіктің ұзақ уақыт бойы түсуін толықтай өзгертіп, 2019 жылы бір пайдаланушыға шаққандағы түсімнің  (ARPU) артқанын хабарлайды. Жалпы, ресми бағалаулар бойынша, 2019 жылы қазақстандық телекоммуникация нарығы өткен жылмен салыстырғанда жылына 9,8%-ға өсті, бұл орта мерзімді перспективада өсудің неғұрлым қолайлы перспективаларын көрсетеді», - деп есептейді Fitch сарапшылары.

Агенттіктің сарапшылары 2019 жылдың соңына қарай Kcell елдегі ұялы байланыс абоненттерінің 32%-ға жуығына қызмет көрсетеді және белсенді инфрақұрылым мен «Қазақтелеком» тобындағы спектрді бірлесіп пайдалану 5G қосқанда желіні тиімді әрі жылдам жаңарту мен таратуды қамтамасыз ете алады деген қорытындыға келді.

Негізгі рейтингтік драйверлер туралы толық ақпарат https://www.fitchratings.com/research/corporate-finance/fitch-upgrades-kcell-to-bb-outlook-stable-24-06-2020 сілтемесі бойыншаwww.fitchratings.com сайтында орналастырылған.

 Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламалар жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қолжетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, соның ішінде Интернет желісіне қолжетімділік қызметтерін ұсынады. Нарықта компания екі брендпен ұсынылған: нысаналы аудиториясы корпоративтік клиенттер (соның ішінде мемлекеттік мекемелер) болып табылатын Kcell және бұқаралық нарық абоненттеріне бағдарланған Activ. Компания ҚР-ның бүкіл дерлік аумағын  қамтитын өзінің кең ауқымды жоғары сапалы мобильді байланыс желісінің көмегімен қызмет көрсетеді.

2012 жылғы желтоқсан айында Kcell Лондон қор биржасында GDR (жаһандық депозитарлық қолхаттарын) және Қазақстан қор биржасында жай акцияларын сәтті орналастыруды аяқтады. Баға бір GDR үшін 10,50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бұл ретте бір GDR бір акцияға сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-дық үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана санындағы акцияларды сатуын қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ  Kcell-дің Telia Company және Fintur Holdings B.V. компанияларына тиесілі 75% акциясын сатып алды.

Алдағы уақытта компания желілік қамтуды кеңейту және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсыну үшін өзінің 3G/4G желісін дамытуға инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр. Kcell өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағалармен ұсынып, өнімдері мен қызметтерінің ассортиментін кеңейтіп, өз желісінің сапасын қамтамасыз етіп және өз брендінің құндылығын арттырып, мобильді байланыс нарығында қызмет көрсетудің  жоғарғы стандарттарын қолдауға ұмтылады.