30.07.2020

Kcell 2020 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысын жариялады

 

«Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі  «Kcell»  немесе «Компания») акционерлік қоғамы (LSE, KASE: KCEL; AIX: KCEL, KCEL.Y), Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, 2020 жылдың ІІ тоқсанының қорытындыларын хабарлайды.

  • Таза сатылым көлемі 2,0 пайызға артып, 38 626 (37 869) миллион теңгені құрады.
  • EBITDA көрсеткіші біржолғы шығыстарды есептемегенде бұрынғы 16 202 (16 088) млн. теңге деңгейінде қалды. EBITDA бойынша рентабельділік 41,9 (42,5) пайызды құрады.
  • Операциялық пайда біржолғы шығыстарды есепке алмағанда 7,9 пайызға артып, 8 762 (8 121) млн. теңгені құрады.
  • Қаржыландыруға арналған таза шығындар 14,2 пайызға азайып, 2 384 (2 779) млн. теңгені құрады.
  • Таза пайда 59,7 пайызға төмендеп, 3 202 (7 939) млн. теңгені құрады.
  • CAPEX сатуға ара-қатынасы 2,8 (5,6) пайызды құрады.
  • Еркін ақша қаражатының ағыны 11 432 (-3 027) млн. теңгені құрады.
  • Есептік тоқсанда абоненттік база 129 мыңға қысқарып, 7 863 (7 992) мың теңгені құрады.  

 «Кселл» АҚ Басқарма Төрағасы Каспарс Кукелистің түсініктемесі:

«Бизнестің барлық салаларында аса күрделі операциялық ортаға тап болып, біз пандемия әсерін басқаруға ден қойдық. Дағдарысқа қарсы шаралар мен шығындарды оңтайландыру бағдарламаларының көмегімен біздің икемді ден қою шараларымыз және рентабельділікті және EBITDA арттыру бойынша белсенді күш-жігеріміз COVID-19 індетінің біздің пайдалылығымызға әсерін тиімді басқаруға мүмкіндік берді.

Біздің негізі басымдығымыз қоғам мен экономикаға еліміз бен бүкіл әлемдік экономика үшін аса күрделі кезеңде тиімді жұмыс істеуге көмектесетін озық технологияларды, өнімдер мен қызметтерді ұсыну болып табылады.

2019 жылы Компания Кселлдің «Қазақтелеком» АҚ тобының шеңберіндегі барлық мүмкіндіктерді пайдаланумен нарықтағы бизнестің барлық бағыттарындағы көшбасшылық позицияларын сақтап қалуға  бағытталған жаңа стратегияны іске асыруды бастады. Біз желілер мен инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану жөніндегі кейінгі бастамаларда жоғары қаржылық және операциялық мүмкіндіктерді көріп отырмыз.

Біз бір уақытта телефон сату бойынша бизнесті дамыта және деректерді беру жөніндегі қызметтерді монеталандыру деңгейін арттыра отырып, тұтастай Топ шеңберіндегі синергия үшін мүмкіндіктерді анықтауды жалғастырамыз.  Біз сондай-ақ айтарлықтай өсім үшін анық әлеуеті бар барлық салаларды қарастырамыз, оның ішінде мобильді қаржылық қызметтер, big data және инфрақұрылым мен 5G қызметтерін енгізу.

Біз алдағы уақытта да Қазақстандағы ірі телекоммуникациялық оператор болып табылатын ірі акционердің нарықты білуі мен озық тәжірибесін пайдалана отырып, «Қазақтелеком» АҚ-мен синергия мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Сонымен қатар, Қазақтелеком қағидаттарына сәйкес біз халықаралық корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарын сақтауды жалғастырып, барлық салалардағы үздік тәжірибелерді ұстанатын боламыз».