30.07.2020

KASE-де «Кселл» АҚ-ға арналған online эмитент күні

 

2020 жылғы 04 тамызда Алматы уақыты бойынша 10:30

«Кселл» АҚ KASE алаңында «Эмитент күнін» өткізеді, оның аясында «Кселл» АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен Компанияның 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларына арналған онлайн кездесуі өтеді.

Кездесуде «Кселл»АҚ Батқарушы директоры Каспарс Кукелис іс-шараға қатысушыларды компанияның 2020 жылғы есептік кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен таныстырады, сондай-ақ операциялық және қаржылық көрсеткіштерді ұсынады, аудиторияны Компанияның перспективалық жобалары мен жоспарлары туралы хабардар етеді.

«Біздің негізі басымдығымыз қоғам мен экономикаға еліміз бен бүкіл әлемдік экономика үшін аса күрделі кезеңде тиімді жұмыс істеуге көмектесетін озық технологияларды, өнімдер мен қызметтерді ұсыну болып табылады», - дейді Каспарс Кукелис есепке өз түсініктемесінде. 

Осы іс-шараға қатысу үшін қатысушы туралы мәліметтерді (аты-жөні, лауазымы, электрондық поштасының мекенжайы) customers@kase.kz поштасына жолдау қажет.