05.08.2020

«Кселл» АҚ-на арналған KASE-де online эмитент күні өтті

Алматы уақыты бойынша 2020 жылғы 4 тамызда 10:30-да

KASE алаңында «Эмитент күні» өтті, оның барысында «Кселл» АҚ басшылығының инвесторлармен, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен және БАҚ өкілдерімен Компанияның 2020 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің қорытындыларына арналған онлайн-кездесуі өтті.

Кездесуде «Кселл» АҚ-ның бас атқарушы директоры Каспарс Кукелис іс-шараға қатысушыларды компанияның 2020 жылғы есепті кезеңдегі қызметінің қорытындыларымен, сондай-ақ операциялық және қаржылық көрсеткіштерімен таныстырды, тыңдаушыларды Компанияның келешектегі жобалары мен жоспарлары туралы хабардар етті.

2020 жылдың II- тоқсанында кіріс 2%-ке өсіп, 38,6 млрд теңгеге жетті. Смартфондар сатылымы 62,1%-ке өсті. Каспарстың айтуынша, смартфондар сатылымының өсуі жаңа iPhone SE моделінің шығарылуымен байланысты. Ол сонымен қатар компанияның онлайн-дүкені арқылы сатылымдардың айтарлықтай өскенін атап өтті..

Kcell-дің 2020 жылғы II-тоқсандағы қаржылық көрсеткіштері туралы толығырақ ақпаратпен мына жерде танысуға болады.

Каспарс Кукелис сонымен бірге пандемияның компанияның жұмысына және оның қаржылық көрсеткіштеріне әсері туралы айтты . Компания қоғамға карантин кезеңінде қолдау көрсету үшін бірқатар бастамалар жасады. Олардың ішінде медицина қызметкерлеріне тегін байланыс және интернет трафик беру, модульді жұқпалы аурулар ауруханасын 4Gбайланыспен қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытудың 400-ден аса веб-сайттарына, онлайн-банкингтің 27 мобильді қосымшасына тегін кіру және симкоматтарды (өз-өзіне қызмет көрсету терминалдарын) іске қосу.

«Карантин кезеңінде біздің активтердің тұтас тізімі бойынша аз кіріс алдық. Біздің отыз үш бөлшек сауда дүкендеріміздің ішінде оннан азы қалыпты жұмыс істейтін кезең болды. Қосымша жоспардан тыс шығындар болды. Бірақ біздің дағдарысқа қарсы бағдарламамыз пандемиямен байланысты шығындардың орнын толтыруға көмектесті. Бірінші жарты жылдық бойынша бізде бар көрсеткіштердің едәуір бөлігі шығып қалғандардың орнын толтыру үшін тез құрылып, іске қосылған жаңа кірістерден тұрады. Біз жағдайдан тыс қалмадық. Осы жарты жылдықта біз шығындарды өтеу және алдымызға қойған мақсаттарымызға жақын болу үшін көп жұмыс жасадық », - деді Каспарс Кукелис.

Қосымша ақпарат алу үшін байланыс:

Шарип Алниязов, «Кселл» АҚ-ның корпоративтік байланыс бөлімінің басшысы

+7 701 211 7777,  pressa@kcell.kz

Ирина Шоль, инвесторлармен байланыс бөлімінің сарапшысы

+7 701 211 1202, Irina.Shol@kcell.kz

____________________________________________________________________________

Компания туралы

Kcell мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалар, мобильді контентке қол жетімділік сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ интернет желісіне қосылуды қоса, деректерді жіберу қызметтерін ұсынады. Компанияны нарықта екі бренд ұсынады: Kcell, оның мақсатты аудиториясы корпоративті клиенттер болып табылады (оның ішінде мемлекеттік мекемелер) және Activ, ол бұқаралық нарық абоненттеріне бағытталған.

Компания ҚР-ның барлық дерлік аумағын қамтитын кеңейтілген жоғары сапалы мобильді байланыс желісі арқылы қызметтер көрсетеді.

2012 жылдың желтоқсанында Kcell Лондон қор биржасында GDR (ғаламдық депозитарлық қолхаттар) және қарапайым акцияларды Қазақстан қор биржасында орналастыруды сәтті аяқтады. Бағасы бір GDR үшін 10.50 АҚШ доллары және бір акция үшін 1,578.68 теңге деңгейінде белгіленді, бір акцияға бір GDR сәйкес келеді. Орналастыру Kcell акционерлік капиталының 25%-тік үлесіне сәйкес келетін 50 миллион дана мөлшерінде акция сатуды қамтыды.

2018 жылғы 21 желтоқсанда «Қазақтелеком» АҚ Telia Company және Fintur Holdings B.V иелік ететін Kcell акцияларының 75% сатып алды.

Алға қарай, компания 3G/4G желісін дамытуға және желінің қамтуын кеңейтуге және жоғары сапалы байланыс қызметін ұсынуға инвестиция салуды жалғастыруды жоспарлайды. Kcell мобильді байланыс нарығында өз өнімдері мен қызметтерін бәсекеге қабілетті бағамен ұсына отырып, өнімдер мен қызметтердің түрлерін кеңейту, өз желісінің сапасын сақтау және брендтік құндылығын арттыру арқылы жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылады.