Ресейде теңгерім толтыру

Ресейде болғанда Кселл немесе activ® нөміріңізді толтыра аласыз!

Ресейде болғанда Кселл және activ® абоненттері дербес шоттарының және Қазақстандағы кез келген басқа Кселл және activ® абонентінің шотын өзіне өзі қызмет көрсетуге арналған QIWI терминалдары арқылы толтыра алады!

Ресейдің тұтастай аумағы бойынша 120 000 QIWI терминал бар.

Дербес шот теңгерімін толтыру QIWI Банк (Ресей) бағамы бойынша Ресей рубльдерімен жүргізіледі. Бағам төлем жүргізу барысында QIWI терминалдарының экранында көрсетіледі.