Ерекше

Науқандық тарифтік жоспар кез келген мүгедектік тобының есту бойынша мүмкіндіктері шектеулі абоненттер үшін, сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектері үшін әзірленген.

Қызмет Құны
Activ/Kcell желісі ішіндегі шығыс байланысы (дауыстық және бейнеқоңыраулар), минутына 1 теңге
ҚР бойынша басқа ұялы операторларға және қалалық нөмірлерге шығыс байланысы, минутына 9 теңге
Интернет, 1 MB үшін 0,5 теңге
ҚР бойынша басқа ұялы операторларға SMS, бір хабарламаға 2 теңге
Activ/Kcell желісі ішінде SMS, бір хабарламаға 1 теңге
Activ/Kcell желісі ішінде MMS, бір хабарламаға 2 теңге
Халықаралық SMS, бір хабарламаға 2 теңге
«Әрқашан байланыста» қызметі 0 теңге

Тарифтердің барлығы ҚҚС есебімен көрсетілген және тек Қазақстан Республикасының аумағында ғана жарамды.

Барлық бағыттарға қоңырау шалудағы тарифтік есептеу қадамы — 1 секунда.

Интернет қызметтері дөңгелектеу қадамы — 1 КБ.

Қосылу ұзақтығы — 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспарды қосу үшін немесе Тарифтік жоспарға қосу өлшемдеріне сәйкес келмейтін басқа абонентке/пайдаланушыға тарифтік жоспар қосылған нөмірді беру дерегі анықталған жағдайда, Компания қызметтер көрсетуді толық не ішінара тоқтатуға немесе абонентке Тарифтік жоспарды қосқанға дейін Абонентте әрекет еткен тарифтік жоспар бойынша, осындай тарифтік жоспардың әрекеті тоқтаған жағдайда — бұл туралы Абонентті хабардар ете отырып, басқа қолжетімді тарифтік жоспар бойынша қызмет көрсетуді жалғастыруға құқылы.

Абонент бірнеше сервисті/абоненттік төлем алынатын тарифтік жоспарды қосқан жағдайда, абоненттік төлемдерді алу кезектілігі белгіленбеген. Осыған орай барлық қосылған сервистер бойынша абоненттік төлемді алу үшін теңгерімді жеткілікті етіп ұстауға және тарифтік жоспар/сервис бойынша абоненттік төлемнің алынған-алынбағанын тексеріп отыруға кеңес береміз.

Абоненттер үшін Тарифтік жоспарға қосу былайша жүргізіледі:
  • Тарифтік жоспар тек жеке тұлғаға (жеке адамға) рәсімделген нөмірге ғана қосуға қолжетімді.
  • 1 немесе 2 топ мүгедектігін немесе есту бойынша (кез келген топ) мүгедектігін растайтын құжаттардың бірін ұсынған кезде Kcell немесе дилер офистерінде қосу.
  • Тарифтік жоспар Абонентке рәсімделген бір Kcell/Activ абоненттік нөміріне ғана қосыла алады.