«Интернет-топтама»

Роумингтегі интернеттің тиімді тарифтерімен әлемді саяхаттап жүріп, жарқын әсеріңізбен бөлісіп, онлайн болыңыз! Сай келетін роумингте 10 күндік топтаманы қосыңыз.

1-мамырдан бастап роумингтегі «Интернет-топтамалар» қосымша қызметінің әрекеті тоқтатылатынын хабарлаймыз.

Интернетке арналған топтамалар

Қосу құны теңгеде (ҚҚС-мен) көрсетілген. Жарамдылық мерзімі — 10 күн.

300 MB

*341*1*1#OK

4 490 теңге

700 MB

*341*2*1#OK

7 690 теңге

1,5 GB

*341*3*1#OK

13 490 теңге

Елдер

Қызмет Kcell абоненттері үшін кез келген қолжетімді оператордың желілерінде 35 елде жарамды.:

Австралия · Грузия · Литва · Таиланд · Австрия · Дания · Молдова · Түркия · Әзербайжан · Израиль · Нидерланды · Өзбекстан · Армения · Испания · Норвегия · Украина (Қырымды қоспағанда) · Беларусь · Италия · Франция · Болгария · Канада · Оңтүстік Корея · Чехия · Ұлыбритания · Қытай (Тайваньды қоспағанда) · Ресей (Қырымды қоспағанда) · Швейцария · Германия · Қырғызстан · АҚШ · Жапония · Гонконг · Латвия · Тәжікстан · БАӘ

Шарттар

Көрсетілмеген басқа елдерде интернетті пайдалану роумингтегі стандартты тарифтерге сәйкес тарифтеледі.

Қызмет бойынша топтаманың жарамдылық мерзімі — қосқан сәттен бастап, 10 күн (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 24:00-ге дейін). Топтаманың пайдаланылмаған көлемі аударылмайды және жиналмайды. Топтама біткенде, топтаманың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін, роумингте қызметтер дисконттық тарифке сәйкес — 1 MB үшін 49 теңгеден тарифтеледі.

Қосқанда, толық құны алынады, қосу құнын алу үшін теңгерім жеткіліксіз болған жағдайда, қызмет қосылмайды. Роуминг қызметі қосулы болса ғана, қызметті қосуға болады. Әртүрлі топтамаларды (қызмет түрлерін) бір уақытта қосу мүмкін емес. Бірдей топтамаларды бір уақытта қосу мүмкін емес, бір топтаманы қайта қосу қажет болса, ағымдағы топтаманы сөндіру қажет.

Қызмет тек роуминг қызметі белсенді болғанда қолжетімді. Нөлдік теңгерімде немесе несиелік лимит таусылғанда, роуминг қызметіне қолжетімділік тоқтатылады, соған сәйкес, «Интернет-топтама» науқандық қызметіне қолжетімділік те тоқтатылады және қызмет бойынша топтама теңгерім толтырылып, роуминг қызметіне қолжетімділік қалпына келтірілгеннен кейін қолжетімді болады.

Қызмет бойынша белсенді интернет-сессия кезінде берілген интернет-трафик жарамды болмайды. Мұндай жағдайларда белсенді сессияны тоқтатып, интернетті пайдалануды қызмет бойынша интернет-трафик берілгеннен кейін қайта бастау ұсынылады.

Серіктес желісіне автоматты тіркеудің табысты жүргізілмеген жағдайында телефон реттеулерінде желінің екілік режимін және оператор роумингін қолдан таңдау қажет, толығырақ: https://www.kcell.kz/kk/article/RoamingInstructions 

Үйлесімділік

Қызметті «Kcell Travel» науқандық қызметімен бір уақытта қосуға болады. Сонымен қатар, ең алдымен «Интернет топтама» қызметі бойынша көлем жұмсалады, ол біткеннен кейін, «Kcell Travel» науқандық қызметі бойынша тариф әрекет етеді.

Қызметті «Сүйікті елдер» науқандық қызметімен бір уақытта қосуға болады, сонымен бірге, ең алдымен жарамдылық мерзімі ең аз интернет-трафик жұмсалады.

Компания осы үйлесімділік шарттарын өзгерте және толықтыра алады.

Телефон баптауларынан роумингте интернетті қосуды ұмытпаңыз.

Шетелге бара жатып, роуминг қызметін қосуды ұмытпаңыз.

Қосылу

Қосылу үшін:

  • 300 MB интернет топтамасы үшін *341*1*1#OK теріңіз
  • 700 MB интернет топтамасы үшін *341*2*1#OK теріңіз
  • 1,5 GB интернет топтамасы үшін *341*3*1#OK теріңіз

Роумингте қосылған қосымша қызметтерді *145*4 # немесе Telegram / WhatsApp мессенджерінде виртуалды кеңесші арқылы тексеруге болады.

Өшіру үшін:

  • *341*4#OK теріңіз

Роумингте қызметтерді USSD арқылы қосу/өшіру барлық роуминг-әріптестерде қолданылмайды. USSD-тіркестің іске аспау себебі сондай-ақ абонент SIM-картасының ескіруі немесе уақытша техникалық іркілістер де болуы мүмкін. Осыған байланысты қызметтерді Қазақстанда болған кезде, роумингке шығар алдында қосуға кеңес береміз.