Қоңыраулар қызметтері

 

Автоматты қоңырау шалу

«Автоматты қоңырау шалу» қызметімен сізге шақырылатын абонентке оның бос болмаған немесе оның телефонының өшірулі немесе қамту аясынан тыс болған кезінде оңайырақ қоңырау шалу мүмкін болады.

Қызмет абоненттерге шақырылатын абонент нөміріне оператор желісі арқылы автоматты түрде қоңырау шалу функциясын пайдалану мүмкіндігін береді. Қызметті үнсіз келісім бойынша барлық Kcell, activ® абоненттері пайдалана алады және Компанияның абоненттік нөмірлеріне қоңырау шалмақ болған кезде, егер шақырылатын абонент нөмірі бос емес немесе желінің әрекет ету аясынан тыс жерде болса, жұмыс істейді.

Қызмет қоңырау шалушы абоненттің қалыпты шығыс қоңырау шалған кезінде іске қосылады. Егер шақырылатын абонент бос болмаса немесе қызмет көрсету аясынан тыс болса, қоңырау шалушы абонент шақырылатын абоненттің қызмет көрсету аясына оралғанынан кейін автоматты қосылысқа IVR ұсыныс немесе Push USSD сұраным* алады. Егер қоңырау шалушы абонент осы ұсыныстарға келісім берсе, шақырылатын абонент 2 сағат ішінде қызмет аясына енсе**, қызмет автоматты түрде екі абонентті де қосады.

Егер шақыратын абонент қызметті пайдалану ұсынысына келіспесе, шақырылатын Абонентке оның шақырушы Абонент қоңырауы шалынғаннан кейінгі 30 минут ішінде қызмет аясына оралған жағдайында ол кіріс қоңырауларды қабылдау үшін қолжетімді бола салысымен қызмет платформасынан ұзақтығы 0,5 секундтық шығыс дауыстық қоңырау жолданады. Бұл жағдайда қызмет платформасынан жолданған шығыс дауыстық қоңырау шақырылатын Абоненттің абоненттік құрылғысында шақырушы Абоненттің абоненттік нөмірінен жауапсыз қалған қоңырау ретінде белгіленеді.

Қызметке табысты қосылыс шақырушы Абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.

Егер шақырылатын абонент 30 минут және одан көп уақыт ішінде қызмет аясына оралса, онда бұл жағдайда ол жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS мәлімдеме алады.

Қызмет бойынша табысты қосылыс қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.

Шарттары

Қоңырау шалушы Абоненттің дербес шотында шығыс дауыстық қоңырау шалуы үшін жеткілікті ақша қаражатының болуы шарт.

Қоңырау шалушы Абоненттің Абоненттік нөмірі шақырылып отырған Абоненттің «Қоңыраулар сүзгісі» қызметінің «қара тізіміне» енгізілмеген.

Шақырылып отырған абонент нөмірінде қоңырауды күту қызметі іске қосылмаған.

Қоңырау шалушы Абонент нөмірінде «бос емес», «қолжетімсіз» жағдайларында бағыттау немесе басқа абоненттік нөмірге бағыттау орнатылмаған.

Қоңырау шалушы Абоненттің нөмірі роумингте емес. Қызметті роумингтегі абонент пайдалана алмайды.


 
Егер шақырылатын абонентте «Дауыстық пошта» немесе «Әрдайым байланыста» қызметі қосылған болса, қоңырау шалушы абонент шақырылатын абоненттің қызмет аясына оралған кезінде автоматты қосылу ұсынысы бар Push USSD мәлімдеме алады.Егер шақырылатын абонент қызмет аясына 2 сағат өткеннен кейін оралатын болса, бұл жағдайда ол жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS мәлімдеме алады.

Бейнеқоңырау

«Бейнеқоңырау» қызметі мобильді телефоныңызда егер сіздің мобильді телефоныңыз бен Сіз шақырып отырған абоненттің мобильді телефоны «бейнеқоңырау» қызметін және 3G форматын қолдаса және 3G қамту аймағында болса, қосылады.

Сіз бейнеқоңырауды бастаған сәтте шақырылатын абонент нөмірін тергеннен кейін қоңырау түрін – дауыстық қоңырау немесе бейнеқоңырау екендігін таңдау қажет.

Басқа абоненттен бейнеқоңырау алған кезде, егер Сіз шақырылатын абонентпен бейнеқоңырау арқылы хабарласқыңыз келсе, оны қабылдай аласыз.

Егер Сіз бейнеқоңырауды қабылдағыңыз келмесе, Сізге бейнеқоңырауан бас тарту қажет. Бұл жағдайда Сіз қоңырау шалушы абонентті көресіз, ал ол Сізді көрмейтін болады.

Бейнеқоңырауды егер Сіз және Сіз шақырып отырған абонент 3G Kcell қамту аймағында болсаңыздар, пайдалана аласыздар.

Егер Сіз бейнеқоңырау қызметін пайдаланғыңыз келмесе, ұялы телефоныңыздан қоңырау шалған кезде дауыстық қоңырау функциясын таңдау қажет.

Әзірше шетелге «Бейнеқоңырау» қызметі арқылы хабарласу мүмкін емес.

Ксell, activ® желі ішіндегі бейнеқоңырау тарифтік жоспар бойынша есептеледі.

Қоңырауды күткізу тәртібі

Енді, егер кіріс қоңырау абонентке ол сөйлесіп жатқан кезде келетін болса, абонент созылыңқылығы бірнеше дыбыс және ұзақтығы 10 секунд дыбыстық белгі естіп, экранда телефон шалып тұрған адамның аты мен нөмірін көреді және екінші қоңырауға жауап беруге немесе оны қабылдамауға мүмкіндігі болады.

Сөйлесіп жатқан абоненттің нөмірін терген абонент әдеттегідей емес ұзақ дыбыс, содан кейін «Абонент нөмірі бос емес. Жауапты күте тұрыңыз немесе кейінірек хабарласуыңызды өтінеміз» деген автожауапшының жауабын еститін болады. Мәтін алдымен қазақ тілінде, одан кейін орыс және ағылшын тілдерінде айтылатын болады, артынша қайтадан қайталанады.

Аталмыш өзгеріс сөйлесіп жатқан абонентті оған екінші желі бойынша қоңырау келіп түскендігі туралы хабардар етіп қана қоймай, телефон шалған абонентке ол екінші желіде тұрғандығын хабарлауға мүмкіндік береді.

Мүмкіндіктер

  • 2-ні және шақыру тетігін басу арқылыабонент ағымдағы байланысты үзбей, келіп түскен қоңырауға жауап бере алады.
  • Тағы бір рет 2-ні және шақыру тетігін басу арқылыбірінші қоңырауға қайтып орала алады.
  • Ағымдағы байланысты аяқтау үшін тоқтату тетігін немесе 1-ді және шақыру тетігінбасу керек.
  • Егер абонент келіп түскен қоңырауға жауап бергісі келмесе, 0-ді және шақыру тетігінбасу керек - бұл жағдайда қоңырау шалған абонент «бос емес» дыбысын естиді.
  • Қоңырауды күту тәртібін өшіріп тастау үшін #43# пәрменін теріп, шақыру тетігін басу керек.
  • Қоңырауды күту тәртібін қайтадан қосу үшін *43# пәрменін теріп, шақыру тетігін басу керек.

Құны

Қоңырауды күту қызметі Kcell/Activ-тің барлық абоненттері үшін тегін ұсынылады.

Қоңырау соғып тұрған абоненттің шығыс байланысы байланыс ұзақтығына қарай оның тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі. Қоңырауды күту қызметін барлық тарифтік жоспарларда пайдалануға болады.

Әрдайым байланыста

«Әрдайым байланыста» қызметімен бірге Сіз бір де бір қоңырауды жіберіп алмайсыз. Егер телефоныңыз өшірулі немесе желінің қамту аймағынан тыс болса, сізге қоңырау шалушы әр адам сізге дауыстық хабарлама қалдыра алады. Дауыстық хабарламаны алғаныңыз туралы сізге қоңырау шалған абонент нөмірі, күні және уақыты көрсетілген SMS хабарлама мәлімдейді. Сондай-ақ егер сізге қоңырау шалған абонент дауыстық хабарлама қалдырмайтын болса, сіз жауапсыз қалған қоңырау туралы SMS арқылы хабардар етілесіз.

Дауыстық хабарламаның алынғаны туралы сізге хабарласқан абонент нөмірі, күні және уақыты көрсетілген SMS хабарлама келеді.

Кіріс дауыстық хабарламаның барынша ұзақтығы 30 секунд.

Сіздің жәшігіңізге 10 дауыстық хабарламаға дейін сыяды. Хабарламалар дауыстық жәшікте 3 күн бойы сақталады, одан кейін – автоматты түрде жойылады.

Қызметті әрекеттегі тарифтік жоспар шарттарына сәйкес «Телефон өшірулі немесе байланыс аясынан тыс қалпындағы» бағыттау түрі орнатылмаған барлық абоненттер пайдалана алады. Егер сізде осы шарт бойынша бағыттау орнатылған болса, осындай бағыттаудың алып тасталғанынша «Әрдайым байланыста» қызметінің әрекеті тоқтатылады.

Құны

Шақырылатын абонент үшін қызметті пайдалану – 0 теңге.

Хабарламаларды тыңдау (2002 немесе +77012002000 нөміріне қоңырау шалу) – 0 теңге. Хабарламаларды роумингте тыңдау барысында қоңыраудың тарификациясы абоненттің барған еліндегі роуминг тарифтеріне сәйкес жүргізіледі..

Хабаралманы жазу – қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес. Kcell, activ® абоненттеріне дауыстық хабарлама қалдыру абонент қалауы бойынша қызмет туралы автоматты мәлімдемеден кейін жүргізіледі. Егер абонент қосылысты үзбесе, сигналдан кейін ол дауыстық хабарлама қалдыра алады, солай бола тұра қосылыс қоңырау шалушы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі. Егер қоңырау шалушы абонент қосылысты сигналға дейін үзсе, тарификация жүргізілмейді.

«Әрдайым байланыста» қызметі сіздің роумингте болып, телефоныңыз өшірулі немесе байланыс аясынан тыс жерде болған жағдайда және жауап жоқ жағдайға бағыттау қосылған жағдайда көрсетілмейді. Бұл ретте сіз +77012002000 нөміріне қоңырау шалу арқылы өзіңізге бұрын қалдырылған дауыстық хабарламаларды тыңдай аласыз.

Егер шақырушы абонент басқа оператор желісінің абоненті болса, оны тарифтеу шарттарын қызметке қосылу барысында сәйкес байланыс операторы анықтайды. Тарификацияны қызметке қосылу барысында шақырушы абонент желісінің операторы жүргізеді.

Қосылу:

  • 162 нөміріне кез келген бос емес SMS хабарлама жолдаңыз.
  • *162*1#OK USSD пәрмені арқылы.

Өшіру:

  • *162#OK USSD пәрмені арқылы.
  • Қызмет көрсету орталықтарында жазбаша өтініш беру арқылы.

Мен байланыстамын!

Қызмет іске қосқаннан кейін, Сіз желіде болмаған кезінде қоңырау шалған Kcell, activ® абоненттері Сіздің желіге қосылғандығыңыз туралы ақпараттық хабарлама алады.

Қызмет тегін және оны нөмірлерінде «Әрдайым байланыста» және «Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме» қызметтері қосылған Kcell және activ® абоненттері пайдалана алады.

Қосылу:

  • *202*1#OK пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Старт немесе Start мәтіні бар SMS жолдаңыз.

Өшіру:

  • *202*2#OK пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Стоп немесе Stop мәтіні бар SMS жолдаңыз.

Ақпарат:

  • *202*3#OK пәрменін теріңіз немесе 202 нөміріне Инфо немесе Info мәтіні бар SMS жолдаңыз.

Дауыстық пошта

Сізге қоңырау шалынған уақытта Сіз қоңырауға жауап бере алмасаңыз, «Дауыстық пошта» қызметімен Сіз бір де бір қоңырауды жіберіп алмайсыз. Қоңырауларыңызды дауыстық пошта нөміріне (2000) бағыттаңыз. Сізге қоңырау шалатын әр адам Сіздің сәлемдік хабарламаңыз бен дыбыстық белгіден кейін Сізге дауыстық хабарлама қалдыра алады. Дауыстық хабарлама алғаныңызды Сізге қысқа хабарлама мәлімдейді.

Қосылу

  • Барлық кіріс қоңырауларды бағыттау үшін **21*2000#OK теріңіз.
  • Жауап жоқ кездегі қоңырауларды бағыттау үшін **61*2000#OK теріңіз.
  • Өшірілген немесе байланыс аясынан тыс жердегі қоңырауларды бағыттау үшін **62*2000#OK теріңіз.
  • Телефонның бос болмаған қалпындағы қоңырауларды бағыттау үшін **67*2000#OK теріңіз.

Өшіру

  • Бағыттаудың барлық түрлерінен бас тарту үшін ##002#OK теріңіз.

Кіріс дауыстық хабарламаның барынша ұзақтығы 120 секунд. Жәшікке 20 дауыстық хабарламаға дейін сыяды.

Құны

  • 2000 нөміріне бағыттау – тегін.
  • Хабарламаларды тыңдау (2000 нөміріне қоңырау шалу) – тегін.
  • Хабарламаны жазу – қалдырылған хабарлама қызмет автожауапшысымен қосылған сәттен бастап абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес тарифтеледі.

Сілтеушісі:

Егер Сізде ең болмағанда бір хабарлама болса:

  • 1 – Жаңа хабарламаға ауысу.
  • 3 – Жеке реттеулерге ауысу.
  • * – Қосымша ақпарат алу.

Жеке реттеулерді басқару мәзірі:

  • 1 – Тілді таңдау.
  • 2 – Мәлімдемелерді реттеу.
  • 3 – Сәлемді реттеу.
  • 4 – Парольді басқару.
  • * – Бас мәзірге оралу.

Конференция

Бір телефон сұхбатына бірнеше адамды қосуға бірегей мүмкіндік беретін қызмет. Әр абонент басқа 5 абонентпен конференция жүргізе алады.

Қызметті қоңырауды бастаушы ғана өзінің тарифтік жоспарына сәйкес жүргізеді. Конференцияның басқа қатысушылары үшін – сұхбат тегін.

Сұхбаттасушыны конференцияға қосу үшін абонентпен сұхбат жүргізу режимінде телефоныңыздың реттеулерінде сұхбаттасушыны қолдан енгізу қажет: «Функциялар → жаңа қоңырау», ары қарай «функциялар → конференция түзу».

Телефон маркасы мен моделіне байланысты конференция түзу ұстанымы жоғарыдағыдан өзгешеленуі мүмкін.

Жасырын нөмірлерді анықтаушы

Өзінің барлық абоненттеріне Kcell «жасырын» нөмірдің астында кімнің тығылып отырғанын білуге мүмкіндік береді. Қызметімізді пайдаланып, кімнің қоңырау шалып жатқанын көріңіз!

«Жасырын нөмірлерді анықтаушы» қызметінің арқасында Сіз кіріс қоңырау кезінде телефон бетінен #31#OK кодымен жасырылған (кез келген қазақстандық ұялы оператордың) шақырушы абонент нөмірін көресіз.

«Жасырын нөмірлерді анықтаушы» қызметін осы қызметті қамтитын тарифтік жоспарлардан басқа барлық тарифтік жоспарларда қосуға болады.

Қызметті роумингте пайдалану мүмкін емес.

Телефондардың кейбір үлгілері мен нұсқалары «Жасырын нөмірді анықтаушы» қызметін қабылдамайды.

 

Немесе

  • Келесі сөздердің бірі бар SMS жолдау: 5500 нөміріне тырнақшасыз «1», «один».
  • *700*1#OK пәрменін теру.

Қызметті өшіру

  • Келесі сөздердің бірі бар SMS жолдау: 5500 нөміріне тырнақшасыз «0», «ноль».
  • *700*2#OK пәрменін теру.

Сіз қызметті қосу/өшіру үшін қызмет көрсету орындарына хабаласа аласыз немесе оны өзіңіз қосып, өшіре аласыз.

Құны

  • Қызметті қосу құны 0 теңге.
  • Абоненттік төлем күніне 19 теңге.

Қызмет абоненттік төлем сәтті алынған жағдайда көрестіледі. Абоненттік төлем қызметке қосылған сәтте толық көлемде алынып, содан кейін абоненттік төлемді алу тек қана теңгерімдегі қаражат (аванстық есеп айырысу тәртібі үшін) немесе несиелік лимит шегі (несиелік есеп айырысу тәртібі үшін) жеткілікті болған жағдайда ғана жүргізіледі, кері жағдайда қосымша қызмет бойынша абоненттік төлем алынбайды. Теңгерімнің жеткілікті сомаға толтырылған жағдайында абоненттік төлем кезекті тәулік үшін Астана қ. уақытымен сағат 00:00 кейін орнатылған уақытта алынады.

Соңғы жасырын нөмір

Қызметті пайдалану үшін *556#OK USSD-сұранымын жолдап, шыққан мәзірден «1. Иә» тармағын таңдау немесе *556*1#OK тікелей сұранымын жолдау қажет.

 

Техникалық ерекшеліктерге байланысты жасырын нөмірді анықтау 15 минутқа дейін кешіктірілуі мүмкін. Осыған байланысты осы қызметті жасырын нөмір түскеннен кейінгі 15 минут өткен соң пайдаланған жөн.

Соңғы жасырын нөмірді осы жасырын нөмірден қоңырау түскен күннен кейінгі 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде анықтауға болады.

Жасырын нөмірді абоненттер арасындағы қосылыстың орын алған жағдайында да, орын алмаған жағдайында да, сондай-ақ Абоненттің "Әрдайым байланыста", "Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме", "Мен байланыстамын" қызметтерін пайдаланған жағдайында және Абонентте желі ішіндегі басқа нөмірге бағыттау орнатылған жағдайда да анықтауға болады.

Жасырын нөмірдің табысты анықталған жағдайында жолданған жасырын нөмір осы қызметтің деректер қорынан жойылады.

Қызметті аванстық есеп айырысу тәртібіндегі Kcell абоненттері пайдалана алады.

Қызметті роумигте пайдалану мүмкін емес.

Құны

  • Соңғы жасырын қоңырау нөмірін анықтау құны – 200 теңге.
  • Қызмет тек табысты көрсетілген жағдайда ғана тарифтеледі.
  • Сұранымдарды жолдау тегін.

Қоңырауларды бағыттау

Сіз телефоныңызға кіретін қоңырауларды:

  • Kcell, activ® желісіндегі кез-келген телефонға;
  • ҚР бойы барлық желілерге;
  • Дауыс поштасына (2000); Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімет беру қызметіне (2050);
  • Кез-келген қала нөміріне (ЖПТЖ) бағыттай аласыз.

Бағыттау түрлері

  • 21 - «біріңғай» – - кіріс қоңыраулардың барлығын бағыттау (мұнда бағыттау түрлерінің барлығы күшін жояды);
  • 67 - «бос емес» – Сіз ұялы телефоныңыз арқылы сөйлесіп жатқан кездегі бағыттау;
  • 61 - «жауап жоқ» – Сіз қоңырауға жауап бермеген кезде қосылатын бағыттау түрі;
  • 62 - «байланыс аясынан тыс жерде» - Сіз байланыс аясынан тыс жерде болғанда немесе телефоныңыз сөндірулі болғандағы бағыттау.

Қысқа пәрмендер арқылы бағыттауды қою үшін:

  • * басыңыз
  • қоңырауларды бағыттаудың сәйкес кодын енгізіп, * басыңыз
  • қоңырауларыңызды бағыттағыңыз келетін нөмірді енгізіңіз
  • # басып, «қоңырауды жолдау» пернесін басыңыз.

Мысалы: +7(DEF код)ХХХХХХХ нөміріне «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттау түрін қою үшін: **62*+7(DEF код)ХХХХХХХ#OK. +77272ХХХХХХ қала нөміріне «байланыс аясынан тыс жерде» бағыттау түрін қою үшін **62*+7727XХХХХХХ#OK теріңіз.

Қоңырауларды бағыттауды алып тастау үшін:

  • # басып, алып тастағыңыз келетін бағыттау түрінің кодын енгізіңіз, # теріп, «қоңырауды жолдау» пернесін басыңыз.

Мысалы: #62#OK.

Қоңыраулардын барлық бағыттау түрлерін алып тастау үшін:

  • #002#OK

Қоңырауларды бағыттау жағдайын тексеру үшін:

  • * басып, содан кейін # басыңыз
  • тексергіңіз келетін бағыттау кодын енгізіңіз
  • # теріп, «қоңырауды жолдау»

Мысалы, «байланыс аясынан тыс жерде» жағдайын тексеру үшін: *#62#OK.

DEF код түрлері - 701, 702, 775, 778.

Құны:

  • Қосылу/өшіру – тегін.
  • Абоненттік төлем – тегін.

Абонент өзінің Kcell, activ® нөмірінен қоңырауларды ҚР бойы барлық желілерге бағыттау қызметін орнатқан жағдайда Оператордың қамту аймағында қоңырау төмендегідей ретте тарифтеледі:

  • Қоңырау шалушы абонентке қосылыс оның тарифтік жоспарына сәйкес бағыттауды орнатқан абонент нөміріне шығыс қоңырау ретінде тарифтеледі.
  • Қоңырауды бағыттау қызметі орнатылған, қоңырауды қабылдайтын нөмірге қабылдайтын абонент үшін бұл қосылыс кіріс қоңырау ретінде бағаланып, тарифтелмейді.
  • Бағыттау қызметін орнатқан Абонентке бұл қоңырау оның тарифтік жоспарына сәйкес қоңырауды бағыттайтын нөмірден қоңырауды қабылдайтын нөмірге қоңырау шалу құны бойынша тарифтеледі.
  • Қоңырауды бағыттау қызметін роумингте де пайдалануға болады. Солай бола тұра қоңыраулардың тарификациясы роуминг-серіктестің тарифтеріне сәйкес роумингтегі қоңырауларды тарифтеу ережесі бойынша кіріс қоңыраулар үшін де, шығыс қоңыраулар үшін де жүргізіледі.

Жауапсыз қалған қоңыраулар

Енді, Сіз осы қызметті пайдалана отырып, таныстарыңыз бен достарыңыз сіздің қызмет көрсету аясынан тыс болғандағы немесе ұялы телефоныңыздың сөндірулі кезінде сізге соңғы 24 сағаттың ішінде кім қоңырау шалғанын біле аласыз.

Телефоныңызды қосып, қызмет көрсету аясына енгеннен кейін Сіз қоңырау шалған адамдардың нөмірлері, уақыты мен күні көрсетілген жауапсыз қалған қоңыраулар тізімі бар қысқа хабарлама (SMS) аласыз.

Мобильді телефоныңызды қосып, қызмет көрсету аясына оралғаннан кейін сіз қоңырау шалушының нөмірі, қоңырау уақыты және күні көрсетілген қысқа хабарлама (SMS) аласыз. Осы қызметті пайдалана отырып, сіз сондай-ақ өзіңізге хабарласқан абонентке «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдалану мүмкіндігін бересіз, бұл қызмет оған тапсырыс берілген және сіздің 2 сағат ішінде кіріс қоңырау шалу үшін қызмет аясында болған жағдайыңызда сіздің желіге шыққаныңыздан кейін сізді автоматты түрде қосады. Егер шақыратын абонент «Автоматты қоңырау шалу» қызметін пайдаланса және соның нәтижесінде араңызда осы қызмет арқылы табысты автоматты қосылыс орын алса, сіз осы абоненттен жауапсыз қалған қоңыраулар тізімі туралы қысқа хабарлама алмайсыз.

Осы қызметке қосылу үшін телефонда қоңырауларды «байланыс аясынан тыс жерде немесе сөндірулі» опциясымен 2050 нөміріне бағыттау қажет (реттеулер телефон үлгісіне байланысты түрлі болып келеді). Қызметтен дәл осы жолмен, яғни қайта бағыттауды 2050 нөмірінен алып тастау арқылы бас тартуға болады.

Қосу:

  • 2050 нөміріне «бос емес» қалпындағы бағыттауды орнату үшін **67*2050#OK теріңіз.
  • 2050 нөміріне «қамту аясынан тыс жерде/ телефон сөндірулі» қалпындағы бағыттауды орнату үшін **62*2050#OK теріңіз.

Қызметтен бас тарту:

  • ##002#OK теріңіз.
  • «Қамту аймағынан тыс/телефон өшірулі» шарты бойынша қызметтен бас тарту үшін *162#OK пәрменін теру қажет. Осы пәрмен сондай-ақ «Әрдайым байланыста» қызметін өшіреді.

Кіріс байланыс сүзгісі

«Кіріс байланыс сүзгісі» қызметі Сізге өзіңіздің кіріс қоңырауларыңыз бен SMS-теріңізді басқаруға мүмкіндік береді: «Қара» тізім бойынша, жасырын нөмірлерден соғылған қоңырауларды қоса, бұғаттауға, немесе «Ақ» тізім бойынша рұқсаттауға.

Сондай-ақ қызмет Сізге барлық немесе белгілі нөмірлерден SMS-терді бағыттауды орнатуға мүмкіндік береді. Ол үшін Android, iOS, Windows Phone мобильді қосымшасын орнатып немесе компьютер арқылы Жеке кабинетке кіріп, «Қара» тізімге енгізілген нөмірлер үшін SMS-ке қолданылатын әрекетті орнату керек.

 

«Қара» тізім Сізге белгілі бір нөмірлерден, сондай-ақ жасырын нөмірлерден соғылған кіріс қоңырауларды және/немесе SMS-терді бұғаттауға мүмкіндік береді.

«Ақ» тізім тек Сіз кіріс қоңыраулар және/немесе SMS алғыңыз келетін ғана нөмірлерді тағайындауға мүмкіндік береді.

«Қара» және «Ақ» тізімдерді келесі байланыс қызметтеріне тағайындауға болады:

  1. Кіріс дауыстық қоңыраулар және SMS;
  2. Тек кіріс дауыстық қоңыраулар;
  3. Тек кіріс SMS.

Егер бұғатталған абонент Сізге қоңырау шалуға тырысса, ол қысқа гуілдерді естиді. Қысқа гуілдер Сіздің жеке сәлемдемеңізбен немесе, тізімді мобильді қосымша немесе компьютерден жеке кабинет арқылы басқарған жағдайда, желінің стандартты жауаптарының бірімен алмастырыла алады: бос емес, байланыс аясынан тыс жерде немесе дұрыс емес нөмір. Сондай-ақ, мобильді қосымша немесе компьютерден жеке кабинет арқылы қоңырау шалу немесе SMS жолдау әрекеттері туралы хабарлама алуды орнатуға болады.

Қызметті барлық Kcell, activ® абоненттері пайдалана алады.

Қызмет роумингте де көрсетіледі.

Қара және Ақ тізімге кез келген ұялы, қалалық, қалааралық және халықаралық нөмірлерді енгізуге болады.

Қара және Ақ тізімдегі барынша мүмкін болатын нөмірлер саны – 500.

Қызмет нөмір дұрыс анықталған жағдайда ғана жұмыс істейді.

Қызмет қаржының жеткіліксіз болу себебімен өшірілген жағдайында тізімдерге енгізілген барлық нөмірлер абонент профилінде 30 күн бойы сақталады.

Қызметті абонент өзі өшіретін болса, тізімдерде тағайындалған нөмірлер жойылады, абонент профилі тазартылады.

Назар аударыңыз! Кіріс байланыс сүзгісі қызметі бейне қоңырауларға жарамсыз.

Құны

  • Қызметтің тәуліктік абоненттік ақысы – 10 теңге.
  • Қызметті қосу/өшіру - тегін.
  • Қызметті басқару - тегін.

Абоненттік төлем Абонент теңгерімінен Қызметке қосылған сәтте толық көлемде алынып, содан кейін тәулік сайын Астана қ. уақытымен 00:00 - 02:00 аралығында теңгерімде қаражаттың болған жағдайында алынатын болады. Абоненттік төлемді енгізу Қызметті пайдаланудың міндетті шарты болып табылады. Қызмет бойынша Абоненттік төлем оны Абонент өшіргенше алынады.

Қызметті басқару

Қызметті оңай және барлық функцияларға қол жеткізумен басқару үшін Android, iOS, Windows Phone мобильді қосымшасын орнатыңыз немесе, компьютер арқылы Жеке кабинетке кіріп, «Менің activ» бөлімінде «Кіріс байланыс сүзгісі» қызметін таңдаңыз.

*155#

Негізгі мәзірі

Егер қызмет әлі қосылмаса

*155*1#

Қосылу

*155*2#

Ақпарат

*155#

Негізгі мәзірі

Егер қызметке қосылған болсаңыз

*155*1#

«Қара» тізімді басқару

*155*2#

«Ақ» тізімді басқару

*155*3#

«Қара» немесе «Ақ» тізімді іске қосу

*155*4#

Ақпарат

*155*5#

Өшіру

Қосу 801, 802, 803, 901, 902, 903 нөмірлерінің біріне "вкл" немесе "on" сөзін жолдаңыз
Өшіру 801, 802, 803, 901, 902, 903 нөмірлерінің біріне "откл" немесе "off" сөзін жолдаңыз
Қалпын тексеру 801, 802, 803, 901, 902, 903 нөмірлерінің біріне "стат" немесе "stat" сөзін жолдаңыз
Қара тізімді іске қосу 801, 802, 803 нөмірлерінің біріне "акт" немесе "act" сөзін жолдаңыз
Ақ тізімді іске қосу 901, 902, 903 нөмірлерінің біріне "акт" немесе "act" сөзін жолдаңыз
Ақпаратты алу 801, 802, 803, 901, 902, 903 нөмірлерінің біріне "инфо" немесе "info" сөзін жолдаңыз

Қызмет қосылғаннан кейін Қара тізім белсенді болады. Ақ тізім іске қосылғаннан кейін Қара тізім істен шығарылады, солай бола тұра Қара тізімнің барлық нөмірлері сақталады. Қара тізім іске қосылғаннан кейін Ақ тізім істен шығарылып, Ақ тізімнің барлық нөмірлері сақталады.

Әрекет

Қоңыраулар мен SMS үшін,

801-ге жолдау

Қоңыраулар үшін,

802-ге жолдау

SMS үшін,

803-ке жолдау

нөмір халықаралық пішімде көрсетіледі

(мысал: 77011234567, 18001234567, 963581234567)

Қосу

нөмірді

+нөмір

+нөмір

+нөмір

жасырын нөмірлерді бұғаттауды

+0

+0

кез-келген нөмірлерді бұғаттауды

+00

+00

+00

Жою

нөмірді

-нөмір

-нөмір

-нөмір

жасырын нөмірлерді бұғаттауды

-0

-0

кез-келген нөмірлерді бұғаттауды

-00

-00

-00

Тізімді тазарту

«Қара» тізімді толықтай тазарту

---

Тізімді алу

«list» немесе «список»

«list» немесе «список»

«list» немесе «список»

Әрекет

Қоңыраулар мен SMS үшін,

901-ге жолдау

Қоңыраулар үшін,

902-ге жолдау

SMS үшін,

903-ке жолдау

нөмір халықаралық пішімде көрсетіледі

(мысал: 77011234567, 18001234567, 963581234567)

Нөмірді қосу

+нөмір

+нөмір

+нөмір

Нөмірді жою

-нөмір

-нөмір

-нөмір

Тізімді тазарту

Тізімді алу

«list» немесе «список»

«list» немесе «список»

«list» немесе «список»

Қызмет қосылғаннан кейін автоматты түрде Қара тізім белсенді болады.

Белсенді тізім атаудан кейін сөздің (қосулы) пайда болғанынан кейін қосылады.

Назар аударыңыз! Егер Сіз Ақ тізімді іске қосып, ол бос болатын болса, Сізге кіріс дауыстық қоңыраулар мен СМСтер келмейтін болады.

2550 дауыстық порталына коңырау шалып, бұғатталған абоненттерге жеке сәлемдемеіңізді жазыңыз. Сәлемдемені қайта жазу мен жою да 2550 дауыстық порталында жүргізіледі.

Сәлемдеме жазылып сақталғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады да барлық бұғатталған абоненттерге гуілдердің орнына ойнатылатын болады.

Жазылған сәлемдеме шақырылатын абонент роумингте болған кезде ойнатылмайды. Жеке сәлемдемені басқару роумингте қолжетімсіз.

Шығыс байланыс сүзгісі

«Шығыс байланыс сүзгісі» қызметі Сізге өзіңіздің шығыс қоңырауларыңызды басқаруға мүмкіндік береді: «Қара» тізім бойынша бұғаттауға немесе «Ақ» тізім бойынша рұқсаттауға.

 

«Қара» тізім Сізге белгілі бір нөмірлерге шығыс қоңырауларды бұғаттауға мүмкіндік береді.

«Ақ» тізім тек Сіз шығыс қоңыраулар шалғыңыз келетін нөмірлерді тағайындауға мүмкіндік береді.

«Қара» және «Ақ» тізімдер екі тізімге де нөмірлер енгізілгеннен кейін бірге жұмыс істей алады. Бұл ретте «Ақ» тізім басым болады. Мысалы, шығыс қоңыраулар белгілі нөмірлерге ғана қолжетімді болу үшін, алдымен сәйкес пәрмен арқылы «Қара» тізімге барлық нөмірлерді бұғаттауды қосып, кейін «Ақ» тізімге қажетті нөмірлерді енгізу керек.

Бұғаттаулы нөмірге қоңырау шалған кезде сіз қоңырауға тыйым салынғаны туралы хабарлама естисіз. Роумингте болғанда сіз қысқа гуілдерді естисі, бұл жағдайда мәлімдеме SMS түрінде жолданады.

Қызмет арқылы Сіз қалыпты нөмірлерге де, ақылы қысқа нөмірлерге де шығыс қоңырауларды бұғаттай аласыз.

Қызмет роумингте де көрсетіледі.

Қызметті нөмірлері жеке тұлға атына тіркелген барлық Актив және Кселл абоненттері пайдалана алады.

Қара немесе Ақ тізімдегі нөмірлердің барынша мүмкін болатын саны – 500.

Қызметті абонент өзі өшірген кезде тізімдердегі нөмірлер жойылып, абонент профилі тазартылады.

Қызмет тек шығыс дауыстық қоңыраулар үшін ғана жарамды.

Қара және ақ тізімдер SMS немесе MMS-хабарлама жолдау және басқа да ұялы байланыс қызметтері үшін жарамсыз.

Құны

  • Абоненттік төлем тәулігіне 10 теңге, ҚҚС есебімен. Бірінші абоненттік төлем қызмет қосылған кезде автоматты түрде алынады.
  • Қызметті қосу/өшіру - тегін.
  • Қызметті басқару - тегін.

Абоненттік төлем Абонент теңгерімінен Қызметке қосылған сәтте толық көлемде алынып, содан кейін тәулік сайын Астана қ. уақытымен 00:00 - 02:00 аралығында теңгерімде қаражаттың болған жағдайында алынатын болады. Абоненттік төлемді енгізу Қызметті пайдаланудың міндетті шарты болып табылады. Қызмет бойынша Абоненттік төлем оны Абонент өшіргенше алынады. Қызмет абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде қаражаттың жеткілікті болмаған жағдайында автоматты түрде өшірілмейді. Қызмет бойынша абоненттік төлем оны Абонент өзі өшіргенше алынады.

Қызметті басқару

Қызметті оңай және барлық функцияларға қол жеткізумен басқару үшін Android, iOS, Windows Phone мобильді қосымшасын қолданыңыз.

Қызметті USSD интерфейсі арқылы басқару үшін *156#OK пәрмені пайдаланылады.

*156#

Негізгі мәзірі

Егер қызметке әлі қосылмасаңыз

*156*1#

Қосылу

*156*2#

Ақпарат

*156#

Негізгі мәзірі

Егер қызметке қосылған болсаңыз

*156*1#

«Қара» тізімді басқару

*156*2#

«Ақ» тізімді басқару

*156*3#

Ақпарат

*156*4#

Өшіру

Тізімдерге қысқа нөмірлерді (3-6 сан), ҚР қалалық нөмірлері мен ұялы операторлардың нөмірлерін, сондай-ақ шетел оператрларының нөмірлерін (10-17 сан) қосуға болады. ҚР қалалық нөмірлері мен ұялы операторларының нөмірлері, сондай-ақ шетел операторларының нөмірлері келесі форматта көрсетілуі тиіс: ел коды- оператор коды- телефон нөмірі.

Қосу 402, 602 нөмірінің кез келгеніне "вкл" немесе "on" мәтінін жолдаңыз
Өшіру 402, 602 "откл" немесе "off" мәтінін жолдаңыз
Қалпын тексеру 402, 602 "стат" немесе "stat" мәтінін жолдаңыз
Ақпарат алу 402, 602 "инфо" немесе "info" мәтінін жолдаңыз

Әрекет

«Қара» тізімді басқару үшін,

402-ге жолдау

«Ақ» тізімді басқару үшін,

602-ге жолдау

нөмір халықаралық пішімде көрсетіледі

(мысал: 77011234567, 18001234567, 963581234567)

Қосу

нөмірді

+нөмір

+нөмір

кез-келген нөмірлерді

+00

+00

Жою

нөмірді

-нөмір

-нөмір

кез-келген нөмірлерді

-00

-00

Тізімді тазарту

Қос тізімді толықтай тазару

---

Тізімді алу

«list» немесе «список»

«list» немесе «список»

 

 
Барлық бағалар теңгеде ҚҚС-мен қоса есептеліп көрсетілген.