Сөйлесулер

Тарифтік жоспардың талаптары
Қызмет Күнделікті абоненттік төлем алынғандағы тариф, теңге, ҚҚС-пен Күнделікті абоненттік төлем алынбағандағы тариф, теңге, ҚҚС-пен
Күнделікті абоненттік төлем*, ҚҚС-пен 40 -
Бейнеқоңырауларды қоса алғанда, activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулар, минутына 0** 11
Абоненттік төлемнің алынуына тәуелді емес қызметтер көлемі
Қазақстан бойынша басқа ұялы операторларға шығыс қоңыраулары, минутына 11
Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерге шығыс қоңыраулары, минутына 15
Мобильді интернет, 1 МБ-на 20
activ/Kcell желісі ішіндегі SMS, 1 хабарламаға 7
ҚР бойынша басқа желілерге SMS, 1 хабарламаға 12
Абоненттік төлемді алу тарифтік жоспар қосылғанда және әрі қарай күн сайын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00:00-ден 02:00-ге дейінгі кезеңде жүргізіледі. activ/Kcell желісі ішіндегі қоңыраулардың құны абоненттік төлемге қосылған.

Тарифтік жоспардың талаптары

Тарифтік жоспарға қосу абоненттік төлемді алу үшін қажетті соманың болу-болмауына тәуелсіз жүзеге асырылады. Тарифтік жоспарды қосу кезінде теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен абоненттік төлем алынбаса, тарифтік жоспар қосылады, бірақ қызметтерді тарифтеу абоненттік төлем алынбағандағыдай жүргізіледі.

Егер абоненттік төлем теңгерімде қаражаттың жеткіліксіз болуы себебінен сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін алынбаса, онда теңгерім 02:00-ден кейін жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем толық көлемде алынады және тарифтік жоспар бойынша қызметтер келесі белгіленген абоненттік төлемнің алынуына дейін ағымдағы тарифтеу кезеңінде ұсынылады. Тарифтік жоспарды өшіргенде, тарифтік жоспар бойынша бонустық қызметтер көлемі жойылады.

Абонент пайдаланатын, бірақ кестеде көрсетілмеген қызметтерді тарифтеу осындай қызметтерді пайдалану кезінде осындай қызметтер үшін қолданылатын тарифтер бойынша жүргізіледі.

Дауыстық қосылыстарды тарифтеу адымы — 1 секунд. Интернет-трафикті тарифтеу адымы — 1КБ.

Барлық тарифтер теңгемен, ҚҚС есепке ала отырып көрсетілген және, роумингтегі қызметтерді есепке алмағанда, тек Қазақстан аумағында Компанияның қамту аймағында ғана қолданылады. Шығыс қоңырауының ұзақтығы — 30 минутқа дейін.

Тарифтік жоспарды абоненттік нөмірі корпоративтік клиенттің корпоративтік тобына енетін абонент қосқанда, тарифтік жоспарды қосқан абоненттің абоненттік нөмірі корпоративтік топтан шығарылмайды және корпоративтік топтың басқа мүшелерінің тарифтік жоспардағы абоненттің нөміріне шалған қоңыраулары оларда қолданылатын тарифтік жоспарлардың талаптары бойынша тарифтеледі. Тарифтік жоспардағы абоненттің корпоративтік топтың басқа мүшелерінің нөмірлеріне шалған қоңыраулары Тарифтік жоспар талаптарына сәйкес тарифтеледі.

Абоненттер үшін Тарифтік жоспарға қосу былайша жүргізіледі: