Құжаттар

 

Өтініш үлгілері

  1. Ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді ауыстыру өтініші;
  2. 1-қосымша нөмірді қайта тіркеуге өтініш;
  3. 2-қосымша келісім нысаны;
  4. 3-қосымша келісім нысаны;
  5. Жабдықты қабылдау-қайтару актісі;
  6. Сауалнама (жабдықты қайтару);
  7. Ағымдағы шотқа қате аударылған қаражатты қайтару;
  8. Роумингті қосуға кепілдік хат;
  9. Жеке тұлғаларға арналған шот детализациясы;
  10. Заңды тұлғаларға арналған шот детализациясы;
  11. SIM және пайдаланушы тіркеуін ауыстыру;
  12. Басқа қызметтер үшін өтініш;
  13. SIM ауыстыру, пайдаланушы атына тіркеу;
  14. Заңды тұлғаларға арналған SIM ауыстыру;
  15. Жеке тұлғаның несиелік қызмет алуға өтінімі;
  16. Шартты бұзу өтініші;
  17. Kcell нөмірін қайта тіркеу;
  18. Роумингті қосу;
  19. Заңды тұлғалар үшін роуминг қосу;
  20. Қалпына келтіруге аналған нөмір белсенділігін тексеру;
  21. Пайдаланушы деректерін тексеру;
  22. Телефонды бұғаттан шығару;
  23. Өтініштің еркін нысаны;
  24. Дербес деректерді өңдеуге келісім;
  25. Қайта тіркеуге келісім;
  26. Қаражат алуға келісім;
  27. Ата-ана келісімі;
  28. Қайта ресімдеу туралы хабарлама;
  29. Байланысушы тұлға нысаны;
  30. Ілеспе хат нысаны.

Қосымша ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету ережесі

Осы Ереже төмендегі қызметтерді (бұдан былай — Қызметтер) көрсету шарттарын анықтайды:

  • Теңгерім туралы автоматты ақпарат;
  • Жауапсыз қалған қоңыраулар туралы мәлімдеме (MCN);
  • Мен үшін төле» қызметінің шеңберіндегі SMS-мәлімдеме;
  • Маған қоңырау шал» қызметінің шеңберіндегі Смс-мәлімдеме.

Оператор Абоненттерге төменде көрсетілген шарттарда (бұдан былай — Шарттар) Қызметтерді пайдалануды ұсынады.

ҚР азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Қызметтерді көрсету шарттары Абоненттерге бағытталған оферта (бұдан былай — Оферта) болып табылады.

Корпоративті клиент Корпоративтік топқа кіретін Абонентке көрсетілетін Қызметтерді пайдаланушылардың Қызметтерді қосу, басқару, пайдалану мен өшіру жөніндегі әрекеттері Корпоративті клиент әрекеттері болып саналатындығымен келіседі.

Бұдан былай осы Шарттардың мәтінінде Корпоративті клиенттердің әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі деп оның ішінде Қызметті пайдаланушының әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі түсініледі.

1. Қызметтерді қосу

1.1. Қызметтер барлық Абоненттерге көрсетіледі. Қызметтерді қосымша қосудың қажеті жоқ.

2. Қызметтерді көрсету тәртібі

2.1. Қызметтер Абоненттің Абоненттік құрылғысы қосылған жағдайда жұмыс істейді.

2.2. Сұранымдар тізімі осы Шарттардың қосымшасында келтірілген.

2.3. Сұранымдарды жолдай отырып, Абонент сәйкес Қызмет шеңберінде ұсынылатын ақпаратқа қосымша Оператор өзі көрсететін қызметтер мен науқандар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тауарлары мен қызметтері туралы ақпаратты бере алатындығымен келіседі, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты алуға келісімін береді.

2.4. Егер Абоненттің Абоненттік құрылғысы белгілі бір Сұраным түрін жасау мүмкіндігін қолдамаса, Оператор Абонентке қызметті көрсетуге кепілдік бермейді.

2.5. Абоненттің роумингте болған қалпында Қызметтің көрсетілуіне кепілдік берілмейді.

2.6. Осы Офертаны қабылдау арқылы Абонент Қызметті көрсетудің жоғарыда көрсетілген шектеулерімен келіседі. Егер Абонент осы Шарттарда көрсетілген шектеулері бар Қызметті пайдалануды қаламаса, Абонент Қызметті пайдаланудан бас тартып, Сұраным жасамауға құқылы.

3. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі

3.1. Абоненттің Қызметтер шеңберінде жасайтын сұранымдары тарифтелмейді.

4. Қызметтердің әрекет ету мерзімі

4.1. Абоненттің/Корпоративтік клиент пайдаланушысының Қызмет шеңберінде алғаш Сұраным жолдауы Абоненттің осы Шарттармен (Офертаны қабылдау) толық әрі үнсіз келісетінін білдіреді және Оператордың Абонентпен жасалған Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыруға әкеледі.

4.2. Осы Шарттар олардың Оператордың www.kcell.kz және www.activ.kz сайттарында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді және оларды Оператор өзгерткенше немесе тоқтатқанша күшінде болады. Абоненттер осы Шарттардың өзгертілгені немесе тоқтатылғаны туралы Оператор сайттарында осындай өзгерістердің күшіне енгеніне дейінгі 10 (он) күн бұрын жариялануы арқылы хабардар етіледі. Осы Шарттар сәйкес мәлімдемеде көрсетілген сәттен бастап өзгертілген немесе тоқтатылған болып саналады.

4.3. Осы Шарттарды олардың 4.2 тармағында көрсетілген тәртіпте өзгерту және/немесе тоқтату Абоненттің Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдағанының нәтижесінде Келісімшарт талаптарының әрекет етуінің тоқтауының және/немесе өзгергенінің сәйкесінше тоқтатылуын және/немесе өзгергендігін білдіреді.

4.4. Егер Абонент Операторға Келісімшарттың өзгергендігі және/немесе толықтырылғанынан кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде Келісімшарт өзгерістерінен/толықтыруларынан (Абоненттің осы Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдауының нәтижесінде пайда болған) бас тартуын жазбаша мәлімдемесе, осындай өзгертулерді/толықтыруларды Абонент қабылданған болып есептеледі. Егер өзгерістер күшіне енгеннен кейін Абонент Қызметтерді пайдалануды жалғастырса, өзгертулер/толықтырулар қабылданған болып есептеледі.

Осы Шарттардың мақсатында төмендегідей ұсыныстар пайдаланылады:

Абонент сұранымы – бірге немесе бөлек аталатын қысқа нөмірге жолданатын SMS-сұраным, USSD- сұраным (*XXX#) немесе дауыстық қоңырау.

Корпоративтік клиент (абонент) – заңды тұлға мәртебесіне ие; жеке кәсіпкер болып табылатын, қызметтің корпоративтік шарттарында қызмет алатын Оператор Абоненті.

Осы Шарттарда қолданылатын басқа ұғымдар Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарында орнатылған Ұғымдарға сәйкес келеді.

Дербес шоттың толтырылғаны туралы мәлімдеме

Осы Шарттар келесі қызметті (бұдан былай — Қызмет) көрсету ережесін анықтайды:

Оператор Абоненттерге төменде көрсетілген шарттарда (бұдан былай — Шарттар) Қызметті пайдалануды ұсынады.

ҚР азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Қызметті көрсету шарттары Абоненттерге бағытталған оферта (бұдан былай — Оферта) болып табылады.

Корпоративті клиент Корпоративтік топқа кіретін Абонентке көрсетілетін Қызметтерді пайдаланушылардың Қызметтерді қосу, басқару, пайдалану мен өшіру жөніндегі әрекеттері Корпоративті клиент әрекеттері болып саналатындығымен келіседі.

Бұдан былай осы Шарттардың мәтінінде Корпоративті клиенттердің әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі деп оның ішінде Қызметті пайдаланушының әрекеттері және/немесе әрекетсіздігі түсініледі.

Осы Шарттардың мақсатында төмендегідей ұсыныстар пайдаланылады: корпоративтік клиент (абонент) — заңды тұлға мәртебесіне ие; жеке кәсіпкер болып табылатын, қызметтің корпоративтік шарттарында қызмет алатын Оператор Абоненті.

Осы Шарттарда қолданылатын басқа ұғымдар Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шарттарында орнатылған Ұғымдарға сәйкес келеді.

1. Қызметті қосу

1.1. Қызмет барлық Абоненттерге көрсетіледі. Қызметті қосымша қосудың қажеті жоқ.

2. Қызметті көрсету тәртібі

2.1. Қызмет Абоненттің Абоненттік құрылғысы қосылған жағдайда жұмыс істейді.

2.2. Қызметті пайдалану амалдарының тізімі осы Шарттардың қосымшасында келтірілген.

2.3. Қызметті Қосымшада көрсетілген тәсілдермен пайдалана отырып, Абонент сәйкес Қызмет шеңберінде ұсынылатын ақпаратқа қосымша Оператор өзі көрсететін қызметтер мен науқандар, сондай-ақ үшінші тұлғалардың тауарлары мен қызметтері туралы ақпаратты бере алатындығымен келіседі, сондай-ақ көрсетілген ақпаратты алуға келісімін береді.

2.4. Егер Абоненттің Абоненттік құрылғысы белгілі бір Қызметті пайдалану тәсілін жүзеге асыру мүмкіндігін қолдамаса, Оператор Абонентке қызметті көрсетуге кепілдік бермейді.

2.5. Абоненттің роумингте болған қалпында Қызметтің көрсетілуіне кепілдік берілмейді.

2.6. Осы Офертаны қабылдау арқылы Абонент Қызметті көрсетудің жоғарыда көрсетілген шектеулерімен келіседі. Егер Абонент осы Шарттарда көрсетілген шектеулері бар Қызметті пайдалануды қаламаса, Абонент Қызметті пайдаланудан бас тартып, Қосымшада көрсетілген тәсілдерді жүзеге асырмауға құқылы.

3. Қызметтердің құны мен төлеу тәртібі

3.1. Қызметерді пайдалану тарифтелмейді.

4. Қызметтердің әрекет ету мерзімі

4.1. Абоненттің/Корпоративтік клиент пайдаланушысының Қызметті Қосымшада көрсетілген тәсілдермен пайдалануы Абоненттің осы Шарттармен (Офертаны қабылдау) толық әрі үнсіз келісетінін білдіреді және Оператордың Абонентпен жасалған Келісімшартты өзгерту және/немесе толықтыруға әкеледі.

4.2. Осы Шарттар олардың Оператордың www.activ.kz сайтында жарияланған сәтінен бастап күшіне енеді және оларды Оператор өзгерткенше немесе тоқтатқанша күшінде болады. Абоненттер осы Шарттардың өзгертілгені немесе тоқтатылғаны туралы Оператор сайттарында осындай өзгерістердің күшіне енгеніне дейінгі 10 (он) күн бұрын жариялануы арқылы хабардар етіледі. Осы Шарттар сәйкес мәлімдемеде көрсетілген сәттен бастап өзгертілген немесе тоқтатылған болып саналады.

4.3. Осы Шарттарды олардың 4.2 тармағында көрсетілген тәртіпте өзгерту және/немесе тоқтату Абоненттің Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдағанының нәтижесінде Келісімшарт талаптарының әрекет етуінің тоқтауының және/немесе өзгергенінің сәйкесінше тоқтатылуын және/немесе өзгергендігін білдіреді.

4.4. Егер Абонент Операторға Келісімшарттың өзгергендігі және/немесе толықтырылғанынан кейінгі 10 (он) жұмыс күні ішінде Келісімшарт өзгерістерінен/толықтыруларынан (Абоненттің осы Шарттардың 4.1 тармағына сәйкес Офертаны қабылдауының нәтижесінде пайда болған) бас тартуын жазбаша мәлімдемесе, осындай өзгертулерді/толықтыруларды Абонент қабылданған болып есептеледі. Егер өзгерістер күшіне енгеннен кейін Абонент Қызметтерді пайдалануды жалғастырса, өзгертулер/толықтырулар қабылданған болып есептеледі.

«Нөмір таңдау» қызметін пайдалану жөніндегі нұсқау

FAQ

«Нөмірді таңдау» қызметі арқылы қандай нөмірлерді таңдауға болады?

«Нөмірді таңдау» қызметі арқылы Сіз 701 және 702 префиксі бар Kcell нөмірін және 701, 778 және 702, 775, 778 префиксі бар activ® нөмірін таңдай аласыз.

«Нөмірді таңдау» қызметі арқылы таңдалған нөмірлер қай тарифтік жоспармен бірге беріледі?

«Нөмірді таңдау» қызметі арқылы таңдалған нөмірлер «11» тарифтік жоспарына қосылған.

«Нөмірді таңдау» қызметі арқылы таңдалған activ® нөмірлері «Күндізгі лимитсіздік» тарифтік жоспарына қосылған.

Сіз нөмірдің тарифтік жоспарын әрекеттегі Kcell, activ® тарифтік жоспарларының кез келгеніне ауыстыра аласыз.

Таңдалған нөмірі бар Абоненттік жинақты қай уақытта алып қойып, алып кетуге болады?

Сайттағы нөмірлерді тәулік бойы брондауға болады. Таңдалған нөмірлері бар Абоненттік жинақтарды:

Қалаңыздағы Kcell Center кеңселерінен:

  • Дүйсенбіден бастап жұмаға дейін 09.00-20.00 аралығында;
  • Сенбіде 09.00-18.00 аралығында алып кетуге болады;
  • Жексенбіде таңдалған нөмірлері бар Абоненттік жинақтар берілмейді;
  • Мейрам күндері – кеңселердің жұмыс кестелеріне сәйкес.

Қызмет көрсетудің дилерлік нүктелерінен, кеңселердің жұмыс кестесі бойынша. Жұмыс кестесі «Қызмет көрсету нүктелері» тармағында келтірілген.

Таңдалған нөмірді алып қою мерзімі қанша уақыт жарамды?

Таңдалған нөмірлерді алып қою мерзімі тапсырыс жүргізілген сәттен бастап 24 сағат бойы жарамды болады.

Таңдалған нөмірді тіркеу үшін қандай құжаттарды көрсету қажет?

Нөмірді жеке тұлға атына тіркеу үшін ЖСН бар жеке куәлікті көрсету, сондай-ақ тұратын мекенжайды айту қажет.

Нөмірді заңды тұлға атына тіркеу үшін келесі құжаттарды көрсету керек:

  • БСН нөмірі бар мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе тіркелген заңды тұлға туралы анықтама;
  • ҚҚС бойынша есепке тұру куәлігі (болған жағдайда);
  • Банктік деректемелері;
  • Заңды мекенжайы;
  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте БСН нөмірінің болмаған жағдайында БСН нөмірі бар тіркелген заңды тұлға туралы анықтама ұсыну қажет.

«Нөмірді таңдау» қызметі аясында сайтта мен резерв жасай алатын нөмірлердің ең көп саны неше?

Бір күнтізбелік айдың ішінде 10 нөмір.

«Нөмірді таңдау» қызметіне қанша ақы төлеу қажет?

«Нөмірді таңдау» қызметінің ақысын нөмір категориясы мен әрекеттегі жеңілдіктерге сәйкес төлейсіз, сондай-ақ нөмірге аванстық төлем жүргізу керек:

  • Kcell нөмірлеріне – 2000 теңге.
  • activ® нөмірлеріне – жоқ.

Kcell Center-ге өзіме ыңғайлы уақытта баруым үшін алдын ала кезек ала аламын ба?

Сіз төмендегі сілтемеге өту арқылы Kcell-Center-ге бару уақытын алдын ала белгілей аласыз.

Жолығуға орын алыңыз

1. КЕЛІСІМ НЫСАНЫ

1.1. Осы Келісім (бұдан былай - Келісім) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі берген 08.06.1998 жылғы ККМ №ДС 0000270 лицензиясының негізінде әрекет ететін, бұдан былай «Оператор» деп алататын «Кселл» АҚ және Пайдаланушы арасында Оператордың Веб-беті (http://www.kcell.kz) арқылы абоненттік нөмірді резервтеу қызметін ұсыну мен пайдалану жөнінде жасалды.

2. КЕЛІСІМДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ТЕРМИНДЕР

2.1. Веб-сайт – http://www.kcell.kz домен атауы мен келесі кезеңдердегі домен атауларымен HTTP/HTTPS протоколдары арқылы Интернет желісінде қолжетімді Оператордың интернет-ресурсы.

2.2. Веб-бет – Пайдаланушылардың Абоненттік нөмірлерді резервтеулеріне арналған келесі кезеңдердегі барлық домен атауларын қосқанда http://shop.kcell.kz домен атауымен Веб-сайтта орналастырылатын ақпараттық ресурс.

2.3. Абоненттік нөмір – Пайдаланушының Веб-бетте резервтейтін және кейінен Пайдаланушыға Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ келісімшарты бойынша бөлініп берілетін телефон нөмірі.

2.4. Пайдаланушы – нөмірді резервтеу мақсатында Веб-бетті және Қызметті пайдаланатын тұлға.

2.5. Резервтеу (резерв) – Пайдаланушының Веб-бетте Оператор іріктеген абоненттік нөмірді таңдауы, таңдалған нөмір бойынша «Резервтеу» функциясын іске қосуы мен Пайдаланушының абоненттік нөмірді кейіннен тіркеуі үшін Веб-бетте қажет ақпаратты орналастыруы жөніндегі әрекеттері.

2.6. Резервтеу коды – Пайдаланушының Абоненттік нөмірді резервтеу жайтын растайтын бірегей сандық код.

2.7. Қызмет – Пайдаланушыға Веб-бет немесе USSD сұраным арқылы Абоненттік нөмірді резервтеу, оның ішінде «Нөмірді таңдау қызметін қамтитын қызмет.

2.8. Kcell Center – Оператордың Веб-сайтта орналасқан мекенжайлардың бірі бойынша абоненттерге қызмет көрсету жөніндегі арнайы орталығы.

2.9. Абоненттік нөмірді тіркеу – Пайдаланушының Ұялы байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі жалпыға ортақ келісімшартқа қосылу процедурасы, осыған байланысты Пайдаланушыға резервтелген Абоненттік нөмір беріледі.

2.10. Резервтеу мерзімі – Астана уақыты бойынша нөмірді резервтеу сәтінен бастап саналатын Пайдаланушының Операторға хабарласып, оның брондаған абоненттік нөмірді өз атына тіркей алатын мерзімі.

2.11. USSD – мезеттік қысқа хабарламаларды алмасу режимінде Абонент пен сервистік қосымша арасындағы интерактивті ара-қатынасты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін деректерді беру технологиясы.

3. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР

3.1. Осы Келісім шарттарын Оператордың Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес өз бетінше орнататын және Пайдаланушының жалпы алғанда осы Келісімге қосылу жолынан басқа түрде қабылданбайтын жалпыға ортақ оферта (қосылу шарты) болып табылады.

3.2. Осы Келісім Пайдаланушының Қызметті пайдалана бастаған сәттен бастап күшіне енеді және Пайдаланушыға таралады.

3.3. Осы Келісім Келісіммен және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен ескерілген негіздерде бұзылуы мүмкін.

3.4. Осы Келісімнің қандай да бір қағидаларын жарамсыз деп табу Келісімнің басқа қағидаларының жарамсыздығына немесе орындалмаушылығына алып келмейді.

3.5. Тараптардың осы Келісіммен ескерілмеген қатынастарын Келісімшарт пен Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасы реттейді.

3.6. «Нөмірді таңдау» қызметін көрсету шарттарын, оның ішінде төлем шарттарын Оператор орнатады және олар Пайдаланушыны алдын ала ескертпестен бір жақты өзгертіле алады.

4. ҚЫЗМЕТТІ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫ

4.1. Қызмет Пайдаланушыға Веб-бетте орналастырылған және резервтеу үшін қолжетімді Абоненттік нөмірді тікелей Веб-бетте немесе USSD арқылы резервтеуге мүмкіндік беретін қызмет.

4.2. Абоненттік нөмірді резервтеу үшін Пайдаланушы Веб-беттегі сәйкес жиекте өз деректерін (Т.А.Ә., қаласы, байланыс телефон нөмірі, туған күні, жынысы, жеке куәлік ЖСН) енгізуі қажет, сондай-ақ жалпыға ортақ офертамен танысып, онымен танысқандығы туралы қанат белгісін соғуы қажет. Солай бола тұра Пайдаланушы осы Келісімнің 5.7 тармағында көрсетілген жағдайлардың алдын алу үшін өз бетінше резервтеу мерзімін демалыс және мейрам күндерінің есебімен Оператордың жұмыс кестесімен және жұмыс уақытымен салыстыруы тиіс. Веб беттегі резевр мерзімі резервтеу сәтінен бастап 24 сағат құрайды, осы мерзім өткеннен кейін Пайдаланушы брондаған Абоненттік нөмірге қойылған бронь алып тасталады.

4.3. USSD арқылы резервтеу үшін Пайдаланушы абоненттік құрылғыдан қажет USSD пәрменін теріп, келесі нұсқаулықтарды орындауы тиіс.

4.4. Пайдаланушы *222# USSD комбинациясы арқылы резервтеуды қоспағанда Қызметті бір күнтізбелік ай ішінде 10 реттен астам пайдалана алмайды.

4.5. *222# USSD комбинациясы арқылы резервтеу мерзімі резервтеу сәтінен бастап 72 сағат, осы мерзім аяқталғаннан кейін Пайдаланушы резервтеген Абоненттік нөмірге резерв алып тасталады. Kcell Center арқылы резервтеу мерзімі резерв сәтінен бастап 24 сағат, осы мерзім аяқталғаннан кейін Пайдаланушы резервтеген Абоненттік нөмірге резерв алып тасталады.

4.6. Оператор Пайдаланушы беретін деректердің дұрыстығына, толықтығына және нақтылығына жауап бермейді, олардың іс жүзіндегі деректерге сәйкес келмеген жағдайында Пайдаланушыға Абоненттік нөмірді тіркеуден бас тартуға құқылы болады.

4.7. Резервтеу сәтті жүргізілгеннен кейін Пайдаланушыға Оператор орнатқан тәсілдермен резервтеу коды жолданады (SMS түрінде және/немесе монитор бетінде көрсету арқылы). Резервтеу коды Пайдаланушының резервтеу жайтын растайды. Веб-бетте брондаған жағдайда резервтеу кодымен қатар резервтеуді Абоненттік нөмір мен осы Келісімнің 4.2 тармағында аталған деректер болып табылады, олар Пайдаланушыны Абоненттік нөмірді тіркеу барысында сәйкестендіреді.

4.8. Пайдаланушы Резервтеу кодын сақтап, оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Резервтеу коды жарияланған жағдайда осындай ашылудың бар жауапкершілігі толықтай Пайдаланушыға жүктеледі.

4.9. Резервтеу сәтті жүргізілгеннен кейін Пайдаланушыға резервтеу тәсіліне байланысты 24 сағат немесе 72 сағат ішінде Пайдаланушы резервтеу барысында көрсеткен қаладағы Kcell-центрге хабарласуы қажет. Абоненттік нөмірді тіркеу Пайдаланушы таңдаған қаладағы Kcell-орталықтың жұмыс істеу кестелеріне сәйкес жүргізіледі.

4.10. Kcell-центрге хабарласқан кезде Пайдаланушыға өзімен бірге жеке басын растайтын құжат (жеке куәлік, төлқұжат, тұруға ыхтиярхат, азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі) ала келу қажет.

4.11. Егер Пайдаланушы заңды тұлға өкілі болатын болса, Kcell-центрге келген уақытта Пайдаланушы сондай-ақ оның заңды тұлға атынан Абоненттік нөмірді тіркеу/ұялы байланыс қызметтерін көрсету шартын жасасу жөніндегі өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсыну қажет. Оған қоса Пайдаланушы Оператор орнатқан тізімге сәйкес заңды тұлға бойынша құжаттарды ұсынуы тиіс. Бұл жағдайда Абоненттік нөмір заңды тұлға атына тіркеледі.

4.12. Kcell-центрге хабарласқан кезде Пайдаланушыға оның брондаған Абоненттік нөмірін және резервтеу кодын көрсету қажет. Егер Пайдаланушы резервтеуді Веб-сайт арқылы жүргізсе, оған сондай-ақ осы Келісімнің 4.2 тармағында көрсетілген деректерді ұсыну қажет. Көрсетілген деректер сәйкес келген жағдайда Пайдаланушының көрсетілген деректері Оператордағы деректерге сәйкес келген жағдайда, Оператор Абоненттік нөмірді Пайдаланушы атына тіркейді. Осы деректер сәйкес келмеген болса, Оператор Пайдаланушының Абоненттік нөмірін тіркеуден бас тартуға құқылы.

4.13. Пайдаланушы мен Оператор арасындағы ара-қатынастардың барлығы Абоненттік нөмір тіркелгеннен кейін Ұялы байланыс қызметтерін көрсету шартымен реттеледі. Көрсетілген шарт мәтінін Оператор www.kcell.kz / www.activ.kz сайттарында орналастырады.

4.14. Оператор кез келген уақытта бір жақты ретте Қызметті пайдалану шарттарын өзгертуге құқылы. Осындай өзгерістердің олардың Веб-бетте орналастырылған сәттен бастап күші болады.

4.15. Егер Операторда Қызметтің заңға қайшы ретте пайдаланылғаны туралы жеткілікті негізі болатын болса, заңсыз және /немесе коммерциялық Пайдаланушының оны алдын ала немесе кейіннен ескертпестен Қызметке қолжеткізімі шектелуі немесе тоқтатылуы мүмкін.

4.16. Пайдаланушының осы Келісімнің 4.4; 4.15 тармақтарында көрсетілген шектеулерді бұзғаны анықталған жағдайда Оператор осы Пайдаланушы брондаған абоненттік нөмірлердің брондарын алдын ала және кейіннен ескертпестен жоюға құқылы.

4.17. Абоненттік нөмірдің тіркелгенінен кейін Пайдаланушының Абоненттік нөмірді пайдалануына қатыссыз (шартты бұзу, нөмірді қайта тіркеу, SIM-картаның жоғалуы, абоненттік нөмірді пайдаланбау т.б.) Оператор «Нөмірді таңдау» қызметіне алынған ақшалай қаражатты немесе USSD арқылы Нөмірді резервтеу ақысын қайтармайды, сома қайта есептелмейді және өзгертілуге жатпайды.

4.18. Тараптар арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздермен шешіледі. Оларды шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Оператордың орналасқан орны бойынша сот тәртібімен, Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

5.1. Оператор Резервтеудің және Абоненттік нөмірдің тіркелуінің сәтті өтуін қамтамасыз ету жөніндегі бар орынды шараларды қабылдайды, алайда кез келген жағдайда Пайдаланушы не үшінші тұлғалардың алдында Пайдаланушының Қызметті пайдалануындағы кідірістерге, сәйкессіздіктерге не басқа да салдарына жауапты болмайды.

5.2. Пайдаланушы Оператордың Қызметті пайдалануда шек орнататынын мойындайды. Оператор қандай да бір шығындарға, кідірістерге, ақаулықтарға, қате немесе ұсынылуы Қызметпен ескерілген уақтылы ұсынылмаған ақпаратқа жауапты болмайды, өйткені Қызметке қол жеткізу, сондай-ақ Абоненттің Қызметті пайдалануы Оператор ықпалынан тыс болуы мүмкін бірқатар техникалық шарттарға байланысты.

5.3. Пайдаланушы Оператордың Қызметті пайдалану нәтижесінде пайда болған қандай да бір кері әсерлерге, сондай-ақ Оператордың осы Келісімнің 4.16 тармағында ескерілген әрекеттерінің нәтижесіне қатысты жауапты болмайтынын түсінеді және осымен келіседі.

5.4. Оператор және/немесе Сенімді тұлға, сондай-ақ басқа тұлғалар ұсынатын ешбір ақпарат, ұсыныстар немесе кеңестер кепілдемелер ретінде қарастырыла алмайды, өйткені оларды пайдалану Оператор ырқынан тыс бірқатар жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

5.5. Ешбір жағдайда Оператор Пайдаланушыға Қызметті пайдалану немесе пайдалану мүмкінсіздігінің нәтижесінде немесе жұмыс барысындағы қателердің, жіберулердің, үзілістердің, файлдардың жойылуы, ақаулықтардың жұмыстағы немесе сұралған деректерді берудегі кідірістердің нәтижесінде тікелей немесе жанама түрде келтірілген шығындарға жауапты болмайды.

5.6. Пайдаланушы Қызмет шеңберінде берілетін ақпараттың дәлдігіне, толықтығына және нақтылығына жауапты екендігімен келіседі. Оператор Пайдаланушының резервтеу барысында көрсеткен жеке деректерінің іс жүзіндегі деректерге кез келген сәйкес келмеуі жағдайында Абоненттік нөмірді тіркеуден бас тартуға құқылы.

5.7. Оператор Пайдаланушының резервтеу мерзімі Оператордың Kcell орталығының клиенттерге қызмет көрсетпейтін мейрам немесе демалыс күніне келуіне байланысты немесе пайдаланушының Kcell орталықтың жұмыс істеу уақытынан тыс хабарласқан болса (Kcell Center жұмыс кестесіне қараңыздар), резервтеу сәтінен бастап абоненттік нөмірді 24 сағат және и 72 часа (USSD *222#) ішінде тіркеуге үлгермесе, Пайдаланушы алдында жауапты болмайды.

5.8. USSD арқылы резервтеу құны нөмірдің сәтті резервтелген жағдайында нөмірдің Пайдаланушы атына кейіннен тіркелуіне қатыссыз қайтарылуға жатпайды.

6. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

6.1. Оператор Қызметке тұрақты немесе шартсыз қол жектізілуіне кепілдік бермейді. Қызметтің жұмыс істеуі алдын алу немесе болдырмау Оператор ырқынан тыс, табиғи, техногендік, жаппай, саяси немесе басқа сипаттағы дүлей күштің (форс-мажор) немесе басқа да факторлардың әсерімен бұзылуы мүмкін.

6.2. Қызметке қол жеткізу, сондай-ақ Абоненттің Қызметті пайдалануы Оператор әрекетінің және әсер етуінің аясынан тыс бірқтар техникалық шарттарға байланысты. Егер қандай да бір себеппен Қызметті пайдалану мүмкін болмаса, Оператор жауапты болмайды.

6.3. Оператор Қызметтің Пайдаланушының деректерімен, бағдарламаларымен, конфигурацияларымен және басқа да аппараттық және бағдарламалық ресурстарымен үйлесімдігіне жауапты болмайды.

6.4. Оператор Пайдаланушының Қызметті пайдалану барысындағы немесе оған байланысты туындаған қандай да бір шығындарын, төлемдерін, шығыстарын өтемейді.

6.5. Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде, бағдарламалық-аппараттық жинақтардағы апаттардың немесе ақаулықтардың барысында және үшінші тұлғалардың Қызмет жұмысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерінің нәтижесінде Қызмет жұмысы Пайдаланушы алдын ала немесе кейіннен хабардар етпестен уақтыша тоқтатылуы мүмкін.


Оператор деректемелері:

«Кселл» акционерлік қоғамы

Заңды мекенжайы: 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-2 ықш., үй 100.

Корреспонденцияға арналған мекенжай: 050013, Алматы қ., Тимирязев к-сі 2Г.

СТН: 600700171535

БСН 980540002879

ЖСК KZ539261802102350000

БЖК KZKOKZKX

Жеткізу қызметі техникалық тұрғыдан жетілдірілуде.

Қызмет көрсету орындары
Қала Мекенжайы Жұмыс уақытты
Kcell Center
Алматы г.Алматы, мкр. Самал 2, д.100 ПН-ПТ: 9:00-20:00, СБ: 9:00-18:00, ВС: выходной
г.Алматы, ул.Алимжанова 51 (ул.Толебаева, уг.ул.Макатаева)
Астана г.Астана, проспект Республики 8
г.Астана, ул.Алматы 1, д 1 (бизнес центр Асылтау)
Актау г.Актау, 11 мкр, здание 7
Актобе г.Актобе, проспект Абулхаир Хана 55 А
Атырау г.Атырау, ул.Курмангазы, 13Б
Караганда г.Караганда, бульвар Мира 18 уг.ул.Алалыкина
Кокшетау г.Кокшетау, ул.Акан Серы 91
Костанай г.Кустанай ул.Алтынсарина, 122
Кызылорда г.Кызылорда, ул.Коркыт ата, 21
Павлодар г.Павлодар, ул.Кривенко 77
Петропавловск г.Петропавловск, ул.Ауэзова 168
Семей г.Семей, ул.Кабанбай Батыра, 58А
Тараз г.Тараз, ул.Ниеткалиева, 7А
Усть-Каменогорск г.Усть-Каменогорск, ул.Орджоникидзе д.42
Шымкент г.Шымкент, ул.Туркестанская 11, уг.ул.Кунаева
Уральск г.Уральск, пр.Евразия, д.71
Аксу ул.Ауэзова 73 09.00-19.00
Дилеры
Алматы пр.Жибек Жолы 55, ТЦ "Алма" 1 эт 08.00-19.00, суббота - 08.00-17.00, воскресенье - выходной
Алматы ул.Кунаева, 21 (уг.ул.Маметовой) ТД "Талипофф" 08.00-19.00, суббота - 08.00-17.00, воскресенье - выходной
Алматы ул.Фурманова 226, ТЦ "Рамстор бут" 18 10.00-20.00
Алматы ул.Кунаева 21 10.00-20.00
Алматы пр.Абая 109 "В" 10:00-18:00
Алматы пр.Жибек Жолы 70 10:00-18:00
Алматы ул.Сейфуллина 518 5 09.00-19.00
Алматы ул.Макатаева 81 10:00-18:00
Алматы ул.Толе би 285, ТД City Плюс 09.00-20.00
Алматы ул.Толе би 71, уг.ул.Наурызбай батыра, ТД Silk Way 10.00-20.00
Алматы мкр. Мамыр-5, д.8а, ТД "Спутник" 10.00-20.00
Алматы Трасса Алматы-Бишкек 17 км., Молл "Апорт" бутик F33, 1 этаж 10.00-20.00
Алматы ул.Саина 73а 09.00-20.00
Алматы пр.Рыскулова 143, ТЦ "Domillion" 10:00-18:00
Алматы п. Отеген батыра, Титова 12 10:00-18:00
Алматы мкр. Жетысу-3 1Г, ТД "Магнум" 10:00-18:00
Алматы Северное кольцо 3, ТД "Магнум" 10:00-18:00
Алматы Бедного 3, ТД Магнум 10:00-18:00
Алматы Бедного 3 вх. 1, ТД Магнум 10:00-18:00
Алматы пр.Абая, уг.ул.Алтынсарина 17 50 09.00-19.00
Алматы Северное кольцо 3 ТД Адем 10:00-18:00
Алматы пр.Райымбека, 239Г, ТРК "Maxima" 10:00-18:00
Алматы Северное кольцо, рынок Барыс, фасад ряд, бут 6 09.00-18.00
Алматы пр.Абая, уг.ул.Фурманова 35\37 09.00-20.00
Аркалык ул.Козыбаева 28 09.00-19.00
Аягоз бульвар Абая 22А 10:00-18:00
Аягоз ул.Актанберди 28 17 09.00-18.30
Балхаш ул.Ленина 33\46 09.00-19.00
Жаркент ул.Жибек жолы, 34а 09.00-19.00
Каскелен ул.Абылай хана 149 09.00-20.00
Костанай мкр. 9 6 10.00-19.00
Костанай ул.Баймагамбетова 179 10.00-19.00
Павлодар ул.Торайгырова 115, магазин "Аманат макс" 09.00-19.00
Павлодар ул.Ломова 157, магазин "Мечта" 09.00-19.00
Талдыкорган ул.Биржан Сал 104 24 09.00-18.00
Талдыкорган ул.Казахстанская 143\145 ТД "Акниет" 09.00-18.30
Тараз ул.Казыбек би, 120 09.00-20.00, суббота, воскресенье 09.00-18.00
Тараз мкр. 3, д.14, кв. 2 09.00-18.00, воскресенье - выходной
Темиртау 7 мкр, д.56, магазин "Экран" 09.00-19.00
Темиртау ул.Мира 104 10.00-19.00
Урджар ул.Аблай хана 99а 10:00-18:00
Экибастуз ул.Ауэзова, 47 Б 10.00-19.00, воскресенье - выходной
Алматы г.Алматы, мкр. Самал 2, д.100 ПН-ПТ: 9:00-20:00, СБ: 9:00-18:00, ВС: выходной
г.Алматы, ул.Алимжанова 51 (ул.Толебаева, уг.ул.Макатаева)
Астана г.Астана, проспект Республики 8
г.Астана, ул.Алматы 1, д 1 (бизнес центр Асылтау)
Актау г.Актау, 11 мкр, здание 7
Актобе г.Актобе, проспект Абулхаир Хана 55 А
Атырау г.Атырау, ул.Курмангазы, 13Б
Караганда г.Караганда, бульвар Мира 18 уг.ул.Алалыкина
Кокшетау г.Кокшетау, ул.Акан Серы 91
Костанай г.Кустанай ул.Алтынсарина, 122
Кызылорда г.Кызылорда, ул.Коркыт ата, 21
Павлодар г.Павлодар, ул.Кривенко 77
Петропавловск г.Петропавловск, ул.Ауэзова, 168
Семей г.Семей, ул.Кабанбай Батыра, 58А
Тараз г.Тараз, ул.Ниеткалиева, 7А
Усть-Каменогорск г.Усть-Каменогорск, ул.Орджоникидзе д.42
Шымкент г.Шымкент, ул.Туркестанская 11, уг.ул.Кунаева
Уральск г.Уральск, пр.Евразия, д.71

Байланыс қызметтерін көрсету туралы жария шарт