Көмекшілер мен кеңесшілер

 

Виртуалды кеңесші

Мәселелеріңізді Камила арқылы шешіңіз — ол әрдайым сайттың оң жағында!

Арнайы сіз үшін сайтта Камила есімді виртуалды кеңесші жұмыс жасауда. Ол Компания көрсететін қызметтерге қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап береді.

Камила адам емес, бірақ Kcell мобильді байанысын пайдалану барысында туындаған сұрақты немесе мәселені жылдам шеше алады.

Сіз оған сайт навигациясына қатысты кез келген сұрақты қоя аласыз, Камила сізге мүмкіндігінше толық жауап беріп, қажет сілтемені береді.

Өкінішке орай, ол дербес ақпаратқа — теңгерімге немесе сіздің қазір пайдаланып жүрген тарифіңізге қатысты сұрақтарға жауап бере алмайды. Бірақ, егер қарым-қатынасқа қатысты қиындық туындаса, ол кез келген уақытта сізді онлайн қолдау көрсету қызметіне қоса алады!

Мобильді көмекші

Егер Сіз теңгеріміңізді ЛТБЖ төлем қабылдау терминалдары арқылы толтырсаңыз, «Мобильді көмекші» сервисі Сізге арналған.

ЛТБЖ терминалдары арқылы Мобильді көмекші сервисі төмендегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді:

  1. Жеке тұлғаларға арналған Kcell/activ® тарифтік жоспарлары туралы ақпаратты көру;
  2. Заңды тұлғаларға арналған Kcell базалық корпоративтік тарифтік жоспарлары туралы ақпаратты көру;
  3. Бағыттау қызметтерін орнату;
  4. Теңгерім туралы ақпаратты қарау;
  5. Мобильді интернетті (GPRS) реттеу;
  6. Корпоративтік тарифтік жоспарға қосылу өтінімін беру (Kcell абоненттері үшін).

Мобильді көмекші жүйесін пайдалану үшін төмендегі нұсқаулыққа жүгіну қажет:

  1. Қол жеткізу кодына тапсырыс беру, ол Мобильді көмекші арқылы операция жүргізгенде абонент телефонының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Қол жеткізу кодын төмендегі тәсілмен алуға болады: 245 нөміріне «Пароль» немесе «Parol» мәтіні бар SMS-хабарлама жолдау. Қол жеткізу коды жауап ретіндегі SMS хабарламада келеді.
  2. ЛТБЖ төлем қабылдау терминалында «Қызметтерді төлеу» бөліміне кіріңіз, Kcell/activ® байланыс брендін таңдаңыз. Нөмірді енгізу жолының үстінен «Мобильді көмекші» банері шығады. Енгізу пернесін басыңыз.
  3. Өз мобильді нөміріңізді, содан кейін алынған қол жеткізу кодын енгізіңіз.

Назар аударыңыз! Егер Сіз қол жеткізу кодын қате көрсеткен болсаңыз, жүйе Сізге бұл туралы терминал бетінде хабарлайды. Егер Сіз қол жеткізу кодын ұмытып қалсаңыз, оны қайта алуға болады.

Құны

«Мобильді көмекші» және оны пайдалану тегін.