Мобильді интернет-трафиктің жұмсалуы
Тарифтік жоспарлар үшін абоненттік төлем сәтті алынса, Сервис аясында «Бастапқы» ТВ-топтамасына қолжеткізу тарифтелмейтін интернет-трафик тарифтік жоспарлардың** аясында ұсынылады:
- ПРЕСТИЖ 2+ — 31.08.18 дейін.
- ПРЕСТИЖ 3+ — 31.08.18 дейін.
- ПРЕСТИЖ 5+ — 31.08.18 дейін.
Тарифтік жоспарлар үшін абоненттік төлем сәтті алынса, Сервис аясында «Оңтайлы» ТВ-топтамасына қолжеткізу тарифтелмейтін интернет-трафик 31.08.18 дейін тарифтік жоспарлардың аясында ұсынылады:
Абонентте mobi TV сервисіне жазылым болса, қайта тіркеу қажет емес.
Сонымен бірге, Абонент Сервистің кез келген басқа қосымша ТВ-топтамасын осы қосылған қосымша ТВ-топтама бойынша күн сайынғы абоненттік төлеммен қосуға құқылы.
Қосылған «ПРЕСТИЖ+» (2, 3, 5, 7, 9) тарифтік жоспарының ай сайынғы абоненттік төлемі алынбаса, тиісті ТВ-топтамаға «Бастапқы» немесе «Оңтайлы» жазылымға қолжеткізу «ПРЕСТИЖ+» (2, 3, 5, 7, 9) тарифтік жоспарының абоненттік төлемі сәтті алынғанға дейін, тоқтатылады. «ПРЕСТИЖ+» (2, 3, 5, 7, 9) тарифтік жоспарының абоненттік төлемі сәтті алынғаннан кейін, тиісті ТВ-топтамаға «Бастапқы» немесе «Оңтайлы» жазылым қалпына келтіріледі.
Абонент «ПРЕСТИЖ+» (2, 3, 5) тарифтік жоспарын «ПРЕСТИЖ+» (7, 9) тарифтік жоспарына ауыстырғанда, «Бастапқы» ТВ-топтамасына жазылым автоматты түрде сөндіріледі және «Оңтайлы» ТВ-топтамасына жазылым қосылады.
Абонент «ПРЕСТИЖ+» (7, 9) тарифтік жоспарын «ПРЕСТИЖ+» (2, 3, 5) тарифтік жоспарына ауыстырғанда, «Оңтайлы» ТВ-топтамасына жазылым автоматты түрде сөндіріледі және «Бастапқы» ТВ-топтамасына жазылым қосылады.
Нөлдік теңгерімде (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) және несиелік лимит біткенде (есеп айырысудың несиелік тәртібінде), Сервиске қол жеткізу үшін мобильді интернетті пайдаланғанда, Сервис абонентке қолжетімсіз болады.