Роутерлер

ZTE, Huawei

Келісімге сәйкес Компания абонентке абоненттік құрылғыны абоненттік құрылғының алғытөлем сомасының енгізілуінен және бірінші ай сайынғы төлемнің төленгенінен кейін табыстайды.

Абонент науқанға скоринг – абоненттің Оператор орнатқан төлемге қабілеттілік критерийлеріне сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қосылады.

Науқанға қатысу абоненттің Келісімшарттық мерзімге келісім жасасуы арқылы ресімделеді.

Науқанға қосылған кезде Компания абонент нөмірінде «11» тарифтік жоспарын және Қызмет топтамасының бірін қамтитын қызметті іске қосады.

Қызмет топтамасы науқан шарттарымен ескерілген ай сайынғы төлемдерді төлеген жағдайда науқанға қосылған күннен бастап әр 30 күнтізбелік күн сайын жүктелетін дауыстық қоңыраулар минуттарының, SMS-хабарламалар мен интернет трафиктің белгілі бір көлемін қамтиды.

Абоненттің келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін «11» тарифтік жоспарын қосқанда қызметтен бас тартқан, келісімді және/немесе ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ шартты бұзған жағдайында, сондай-ақ келісіммен орнатылған басқа да жағдайларда абонент жасалған келісім шарттарына сәйкес абоненттік құрылғының қалдық құнын төлейді.

Абонент қызметтен Науқан бойынша «11» тарифтік жоспарын қосқанда келісімшарттық мерзімнің аяқталуына дейін тек абоненттің Компанияның Kcell Center ұсынған жазбаша өтініші арқылы ғана бас тарта алады.

Абоненттің кез келген себеппен қызметтен бас тартқан жағдайында абоненттік нөмірдегі «11» тарифтік жоспары абоненттің оны өзгерткенінше әрекетін жалғастырады.

Қызметке сәйкес ұсынылатын науқандық минуттар және SMS хабарламалар ҚР аумағында қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдаланылады, бірақ оларды 3, 4 және 5 таңбалы қысқа нөмірлерге қоңырау шалып, хабарлама жолдау үшін пайдлануға болмайды.

Қызметтің науқандық көлемін, оның ішінде барынша жоғары жылдамдықтағы мобильді интернеттің қосымша топтамаларын роумингте пайдалану мүмкін емес.

Қызметтің науқандық топтамасының әрекет ету мерзімі: есептік мерзім, яғни абоненттің Дербес шотынан Ай сайынғы төлемнің алынуы тиісті күннен бастап 30 (күнтізбелік күн) ішінде. Әрекет ету мерзімінде пайдаланылмаған қызметтің науқандық топтамасының көлемі келесі есептік мерзімге ауыстырылмайды. Сәйкес есептік мерзімдегі қызметтердің науқандық көлемі абонентке егер осы есептік мерзімде Ай сайынғы төлем толық алынбаған болса, берілмейді.

Қызметтің науқандық топтамасын Kcell абоненттері Дербес шотының оң теңгерімі қалпында, ал activ абоненттері кез келген теңгерім қалпында пайдалана алады, теңгерімге немесе несиелік лимитке қарамастан, қолжетімді болатын интернет-трафиктен басқа.

Қызметтің науқандық топтамасы пайдаланылғаннан кейінгі оператордың байланыс қызметтерінің тарифтелуі, сондай-ақ қызметтің науқандық топтамасына кірмеген басқа да қызметтердің тарифтелуі «11» тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі, тарифтік жоспарға кірмеген қосымша қызметтердің тарифтелуі Оператордың осындай қызметтерді пайдалану барысында әрекет ететін тарифтері бойынша жүргізіледі.

Келісімшарттық кезеңнің ішінде Топтамалар мен Компанияның қосымша интернет-қызметтерін бір уақытта қосу мүмкін емес.

Науқандық топтама бойынша дауыстық минуттар және интернет-трафик қалдығын тексеру *123*3*2#OK және/немесе *111*3#OK пәрменін теру арқылы жүргізіледі.

«Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша (науқанға 23.12.2015 жылға дейін қосылған абоненттер үшін) интернет-трафикті қызмет/науқан бойынша абоненттік төлемнің алынған жағдайында аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер үшін 0 теңгерім қалпында және несиелік лимиттің таусылған жағдайында пайдалануға болады.

Абонент науқанға скоринг – Оператор белгілеген төлем қабілеттілігі критерийлеріне абоненттің сәйкестігін тексеру нәтижесі бойынша қосылады. Сонымен бірге, бір абонент (жеке тұлға) «Келісімшарттық телефон» науқаны бойынша тек қана бір телефон сатып алуды рәсімдей алады, ол екінші телефонды толық құнына сатып ала алады.

«Келісімшарттық телефон» науқанына 01.07.2016 ж. дейін қосылған Kcell абоненттері үшін науқан бойынша ай сайынғы төлемдерді алу 2016 жыл маусымда алынған күнге сай келетін күні ай сайын жүргізіледі (осындай күн болмаса – айдың соңғы күні), мысалы, егер науқан бойынша ай сайынғы төлем 20 маусымда алынған болса, онда келісімшарттық кезеңнің аяғына дейін әр айдың 20-жұлдызында алынады. Ай сайынғы төлемді алғанда, ұсынылатын қызметтердің науқандық топтамасының жарамдылық мерзімі сәйкесінше өзгереді.

«Келісімшарттық телефон» науқанына 01.07.2016 ж. кейін қосылған Kcell абоненттері үшін науқан бойынша ай сайынғы төлемдерді алу және қызметтердің науқандық топтамасын ұсыну науқанға қосылған күнге сай келетін күні жүзеге асырылады (осындай күн болмаса – айдың соңғы күні).