SMS

Өз телефоныңыздан Kcell, activ® абоненттеріне, сондай-ақ әлем бойынша басқа да GSM абонентттеріне қабылдап, жолдауға болатын қысқа хабарламалар.

Бір хабарлама ұзындығы 160 таңбадан (латын әріптері мен сандар) және 70 таңбадан (криллицамен жазылған хабарлама) асырылмауы тиіс.

Бұл қызметті пайдалануды бастау үшін телефонды белгілі қалыпқа реттеу керек, атап айтқанда, SMS-хабарламалар орталығының (SMS-center) +77010002525 телефон енгізу қажет.

 

Cөйлейтiн SMS

Сіз сезімдеріңізді уақытыңызды мәтінді теруге жібермей, қысқа хабарлама жолдай аласыз!

Аудио хабарламаны жолдау үшін: «*» мен *87ХХХХХХХХХ немесе *77ХХХХХХХХХ форматында алушы нөмірін теріп, дауыс нұсқауына жүгіну қажет. Алушы хабарламаның келгендігі туралы SMS арқылы хабардар етіледі. Хабарламаны тыңдау үшін оны алушы «*0*» теруі қажет.

Аудио хабарламаның барынша ұзақтығы 30 секунд.

Құны

Шығыс аудио SMS – 15 теңге.

«Сөйлейтін SMS» тыңдау – тегін.

Тыңдалған «Сөйлейтін SMS» жауап беру – 15 теңге.


Сөйлейтін SMS-топтамалар

Сөйлейтін SMS - топтамалар» қызметі Сізге тиімді шарттарда бірегей «Сөйлейтін SMS» жолдауға мүмкіндік береді.

Топтама түрлері:

«15 Сөйлейтін SMS» топтамасы

  • Алу үшін 3050 нөміріне 15 деген мәтіні бар SMS жолдау қажет.
  • Құны: 100 теңге.

«25 Сөйлейтін SMS» топтамасы

  • Алу үшін 3050 нөміріне 25 деген мәтіні бар SMS жолдау қажет.
  • Құны: 150 теңге.

Қызметке сәтті қосылған жағдайда абонент оны осы туралы хабардар ететін SMS алады.

Сатып алынған топтама арқылы «Сөйлейтін SMS» жолдау үшін, «*00*» теріп, алатын тараптың нөмірін төмендегі форматта теру қажет: *00*87XХХХХХХХХ немесе *00*77XХХХХХХХХ – ары қарай дауыстық нұсқаулыққа жүгініңіз.

Сатып алынған топтамадағы сөйлейтін SMS санын тексеру үшін 3050 нөміріне bal немесе balans деген мәтіні бар SMS жолдау қажет.

Сатып алынған және іске қосылмаған топтаманың әрекет ету мерзімі шектелмеген.

Қызмет төлемі оны қостырған сәтте абонент шотынан бірден алынады.

Қызмет роуминг барысында көрсетілмейді.

«Сөйлейтін SMS» барынша ұзақтығы – 30 секунд.

Дауыстық SMS

Егер Сіз SMS-хабарламаңыздың адресатқа дауыс арқылы оқылып берілгенін қаласаңыз, «Дауыстық SMS» қызметін пайдаланыңыз. Хабарламаны Қазақстан бойынша кез келген мобильді және қалалық нөмірлерге жолдауға болады.

Қазақстанның кез келген мобильді нөмірлеріне

6060 қысқа нөміріне SMS жолдаңыз, хабарлама басында алушы нөмірін халықаралық форматта бос орынсыз көрсетіңіз:

  • 8××××××××××
  • +7××××××××××

Бос орын арқылы хабарлама мәтінін жазыңыз.

Мысалы, «+7701ХХХХХХХ Сәлем!».

Қалалық нөмірлерге

Бірінші нұсқа

  • SMS-ті 6060 қысқа нөміріне жолдау.

Мысалы, «8727ХХХХХХХ немесе +7727XXXXXXX Сәлем!».


Екінші нұсқа

  • Бірден алушының қалалық нөмірін теруге болады. SMS қалалық нөмірге жолданғанда хабарлама «Дауыстық SMS» болып түрлендіріліп, адресатқа оқылып беріледі.

Дауыстық смс жолданған Абонентке бірден қоңырау келіп түседі, мұнда жүйе хабарламаны жолдаушы туралы ақпаратты айтып, дауыстық смсті қалай тыңдауға болатыны туралы хабардар етеді.


Абонентке үш кезеңде қоңырау шалынады:

  • Бірінші кезең 15 минут ішінде – 4 қоңырау шалу талпынысы.
  • Екінші кезең 2 сағат ішінде – 6 қоңырау шалу талпынысы.
  • Үшінші кезең 20 сағат ішінде – 20 қоңырау шалу талпынысы.

Сондай-ақ екінші және үшінші кезеңдер үшін сағат 20:00-9:00 аралығында қоңырау шалуға тыйым салынған.

Құны

Бір дауыстық хабарламаны жолдау құны – Қазақстанның барлық қалалық және мобильді нөмірлеріне – 25 теңге. «Дауыстық SMS» алатын Абонент хабарламаны тегін тыңдайды.

Бір дауыстық SMS-те барынша 160 таңба (латын) және/немесе 70 таңба (кириллица) беруге болады.

Қызметті роуминг барысында және Қазақстаннан тысқары жерлерге қоңырау шалу үшін пайдалану мүмкін емес.

MMS Мультимедиялық хабарламалар

MMS (Multimedia Messaging Service) SMS-тің қазіргі заман баламасы болып табылады және және телефон арқылы әуендері, толық түсті бейнесуреттері, фотосуреттері, әуендер үзінділері, көлемді мәтіндер т.б. бар хабарлама жолдауға және алуға мүмкіндік береді. MMS-хабарламаны MMS қызметін қолдайтын ұялы телефондарға да, электорнды почта мекенжайына да жолдауға болады.

Қосылу

Қызметті қостыру үшін «mms» сөзін (тырнақшасыз) SMS арқылы 800 нөміріне жолдау жеткілікті немесе Infoпаркке (*123#ОК нөміріне қоңырау шалу арқылы) кіріп, «Амал-шарттар» бөлімінде «MMS» тармағын таңдап, «Қостыру» пәрменін басу қажет (сондай-ақ тікелей *123*6*1*1#ОК сілтемесін пайдалануға болады).

Бірнеше минут ішінде сіздің нөміріңізге MMS амал-шарттары жолданады (экранда «Орнату топтамасы алынды» (Набор установок получен/Service settings received) жазуы пайда болады), оны телефон жадысына сақтап алу қажет – басқа барлық жағдайда қызметті абоненттік бөлімше арқылы немесе төмендегі межелерді пайдалана отырып, қолдан бейімдеу қажет:

  • Мәліметтер арнасы: GPRS
  • IP мекенжайы: 195.47.255.7
  • Порт: 8080
  • APN: mms
  • Үй парағы: http://mms.kcell.kz/post

Бейімдеу межелері регистрдің есебімен (Бас әріп/кіші әріп) кестеде көрсетілгендей енгізілуі қажет (бос орындар қалдырылмайды). Бірқатар жағдайда IP мекенжайы 195.047.255.007 қаллпында жазылуы мүмкін.

Құны

Оператордың желісі ішінде бір мультимедиалық хабарлама жіберу – 7 теңге.

ҚР бойынша басқа операторларға бір MMS хабарлама жолдау – 15 теңге.

Басқа операторлардың ұялы нөмірлеріне бір мультимедиалық хабарлама жіберу – 30 теңге.


Мультимедиялық хабарламаның ең көп рұқсат етілген мөлшері – 300 KB.

MMS хабарламаны ҚР басқа операторына немесе басқа елдің операторына жібергенде, ол осы MMS хабарламаны көруге болатын веб-бетке сілтемесі бар SMS хабарламаны алады. Қызметті ыңғайлырақ пайдалану үшін Сіз «MMS Порталды» пайдалана аласыз, оның көмегімен Сіз тікелей компьютеріңізден өз MMS хабарламаларыңызды жіберу, қарау және жою мүмкіндігіне ие боласыз.

Басқа елдердің абоненттерінен MMS алу қолжетімсіз.

Тіл таңдау қызметі

Біз Сіздерге енді Компания атынан жолданатын SMS жолданымдардың өзіңіз қалаған тілде – қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде алуға болатынын хабарлауға қуаныштымыз.

Сіз SMS жолданымдарының тілін төмендегідей ретте тегін орната аласыз: *000# теріп мәзір тізімінен өзіңіз қалаған тілді таңдаңыз. Сіз сондай-ақ жолданымдар тілін «0» нөміріне «kaz», «rus» немесе «eng» мәтінін SMS арқылы жолдай отырып таңдай аласыз.

Тілді таңдау қызметі тегін көрсетіледі.

Қысқа нөмір құны

Сіздерге қысқа нөмірге хабарлама жолдау құнын тексеру мүмкіндігі туралы хабарлаймыз. Сервисті пайдалану үшін өзіңізді қызықтыратын нөмірге «?» белгісін жолдау қажет. Жауабына хабарлама құны көрсетілген SMS аласыз.

Сервисті ақысы оған SMS хабарлама жолдағаннан кейін алынатын барлық қысқа нөмірлерде пайдалануға болады.

SMS жолдау құны барлық тарифтік жоспарлар үшін тегін.

Flash SMS

Flash SMS қызметі SMS-хабарлама жолдауға мүмкіндік береді, оларды алғанда хабарлама мәтіні, сондай-ақ жолдаушы нөмірі немесе абоненттің байланыс дерегінің аты алушы абоненттің мобильді телефонының экранында көрсетіледі. Алушы абонент Kcell, activ® абоненті де, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің ұялы байланыс операторларының абоненттері болуы мүмкін.

Қызмет шеңберінде Flash SMS жолдау үшін хабарлама алдында «#» белгісін қою қажет.

Мысалы, «#Сәлем! Сәтті күн тілеймін!»

Құны

Қызмет шеңберінде бір Flash SMS жолдау Kcell, activ® абоненттеріне – 7 теңге.

Қызмет шеңберінде бір Flash SMS жолдау Қазақстанның басқа абоненттеріне – 12,33 теңге.


Flash SMS қызметі шеңберіндегі SMS таңбаларының саны бойынша қалыпты: бос орындарды қосқанда 160 (латын әріптерімен) және 70 (кириллица әріптерімен) таңба, солай бола тұра кейбір телефондарда SMS қызмет шеңберіндегі орнатылған таңба санынан асырылған жағдайда екінші және үшінші бөліктері қалыпты SMS ретінде тарифтеледі.

Flash SMS қызметі қосылуды талап етпейді және оны барлық абоненттер пайдалана алады.

Flash SMS қызметін роумингте пайдалануға болады. Хабарламаны роумингте жолдаған кезде әр SMS-хабарлама роумингтегі қалыпты SMS құнымен тарифтеледі.

Кейбір телефон модельдерінде шектелместен iOS базасындағы смартфондарда, Flash SMS қызметінің шеңберіндегі SMS оны оқығаннан кейін сақталмайды. iOS базасындағы смартфондарда қызмет шеңберіндегі SMS жолдаушы нөмірі мен байланыс дерегі көрсетілместен көрінеді.

SMS-топтамалар

Бұл желі ішінде сенгісіз төмен бағаларға SMS жолдау мүмкіндігі.

Топтама «50 SMS»

  • Топтамадағы SMS саны: 50.
  • Топтаманың әрекет ету мерзімі: 30 күн, тәулік бойы.
  • Топтаманың әрекет ету мерзіміндегі абоненттік ақы: 200 теңге.
  • Қосылу: телефоныңыздан *888*2#OK теріп, қажет SMS-топтамасын таңдау немесе 888 нөміріне «50SMS» немесе «50СМС» мәтіні бар SMS жолдау керек.

Топтама «100 SMS»

  • Топтамадағы SMS саны: 100.
  • Топтаманың әрекет ету мерзімі: 30 күн, тәулік бойы.
  • Топтаманың әрекет ету мерзіміндегі абоненттік ақы: 300 теңге.
  • Қосылу: телефоныңыздан *888*2#OK теріп, қажет SMS-топтамасын таңдау немесе 888 нөміріне «100SMS» немесе «100СМС» мәтіні бар SMS жолдау керек.

Топтама «300 SMS»

  • Топтамадағы SMS саны: 300.
  • Топтаманың әрекет ету мерзімі: 30 күн, тәулік бойы.
  • Топтаманың әрекет ету мерзіміндегі абоненттік ақы: 600 теңге.
  • Қосылу: телефоныңыздан *888*2#OK теріп, қажет SMS-топтамасын таңдау немесе 888 нөміріне «300SMS» немесе «300СМС» мәтіні бар SMS жолдау керек.

Қалдығын тексеру: *888*2*6#OK теріңіз немесе 888 нөміріне «Bal» немесе «Бал» мәтіні бар хабарлама жолдаңыз.

Көрсетілген хабарламалар тегін жолданады.

Шарттары

Бір хабарламада – 160 таңба (латын әріптерімен) немесе 70 таңба (кириллица әріптерімен) болуы тиіс.

Қызметті барлық тарифтік жоспарлардағы Kcell абоненттері пайдалана алады, ол желі ішінде пайдалану үшін жарамды және роумингте әрекет етпейді.

Топтамадағы SMS саны тек топтаманың әрекет ету мерзімінде ғана жарамды, пайдаланылмаған SMS ауыстырылмайды және олардың ақысы қайтарылмайды.

Іске қосылған топтамалардың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін, сондай-ақ топтамаға кіретін SMS-тер пайдаланылғаннан кейін SMS қызметінің тарификациясы абоненттің тарифтік жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Аванстық есептесу тәртібіндегі абоненттер үшін қызмет тек шоттағы оң теңгерім қалпында ғана ұсынылады.

Қысқа нөмірлер

Танымал қызметтер

Нөмір Көрсету жолы Аты Құны Сипаттамасы Өшіру түрлері Байланыстар
102 Кіріс SMS Жазылымдық қызмет — «Пайдалы портал» 25 Әртүрлі қызметтері бар жазылу порталы: Ауа—райы, Жұлдызнама, Үйге қарай, Афоризмдер и т.б. Барлық ақпаратты (тегін) и тарификацияланатын (ақылы) SMS—тер 102 қысқа нөмірінен келеді *102*000#OK 8(727)3567655
144 Кіріс SMS Мобильді ойын—сауық 20 «Мобильді ойын—сауық » қызметі бір рет қолдану және қызметке жазылу мүмкіндігін береді. бір реттік қызмет алған кезде абонент бір күндік ақапарат ала алады. Қызметке жазылған жағдайда абонент күнделікті SMS алып отырады. сонымен қоса, қызметті қолданушыларға Mobfun.kz мобильді порталына тегін қол жеткізе алады. Менюге кіру үшін абонент *144# теру керек. Содан соң экранда келесі мәзір пайда болады: 1. Қызықты Жұлдызнама; 2 Қызықты болжамз; 3. Жаксы жаңалықтар; 4. Әрі қарай 5.құны — 20тг/күн! *144*000#OK 8(727)3567655
222 Кіріс SMS Мобильді интернет портал 15 Мобильді интернет портал *453*9*00# немесу СТОП/Стоп/стоп/STOP/Stop/stop мәтінін 222 нөміріне жіберіңіз 8(727)3567956
550 Кіріс SMS Жазылымдық ойындар 5 Жазылымдық ойындар *550*000#OK 8(727)3567655
550 Шығыс SMS Жазылымдық ойындар туралы ақпарат + анекдот 10 Жазылымдық ойындар туралы ақпарат + анекдот *550*000#OK 8(727)3567655
707 Кіріс SMS Видео—портал 45 барлық қызметтерге қосылу — Premium. Осы қызметтің шектеуінде қолданушыға өзі таңдаған 2 тақырып бойынша видео каталогка қосылуға мүмкіндік береді СТОП/Стоп/стоп/STOP/Stop/stop мәтінін 707 нөміріне жіберіңіз 8(495)6402246
777 Кіріс SMS Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы 7 Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы *200*000#OK н/е 288 нөміріне қоңырау шалыңыз 8(727)3210935, 288
777 Шығыс SMS Ақпаратты ойын—сауық жазылу порталы 10 Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы *200*000#OK н/е 288 нөміріне қоңырау шалыңыз 8(727)3210935, 288
808 Кіріс SMS «БАҚЫТТЫ БОНУСТАР» науқаны 9-250 «БАҚЫТТЫ БОНУСТАР» науқаны STOP мәтiнi бар SMS-ті 808 нөміріне жолдаңыз н/е *808*00#OK комбинациясын теру қажет н/е тегін 950 нөміріне қоңырау шалу қажет 950
810 Кіріс SMS Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы 7 Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы СТОП/стоп/STOP/stop мәтінін 810 қысқа нөміріне жіберіңіз н/е *810*000#OK 8(727)3210935
950 Кіріс SMS «БАҚЫТТЫ БОНУСТАР» науқаны 200 «БАҚЫТТЫ БОНУСТАР» науқаны STOP мәтінін 950 қысқа нөміріне жіберіңіз н/е *910*00#OK 950
1752 Кіріс SMS Ақпаратты ойын—сауық жазылу порталы 15 Ақпаратты ойын—сауық жазылу порталы СТОП/стоп/STOP/stop мәтінін 1752 қысқа нөміріне жіберіңіз, *999*000#OK н/е 288 нөміріне қоңырау шалыңыз. 8(727)3210935, 288
2017 Кіріс SMS Махаббат термометрі— жазылу порталы 30 Қызметке қосылу *217#OK теру арқылы жүзеге асады. Бас мәзірде абонент қызметтің құны туралы ақпаратты көріп, сосын өз растауын береді. Содан соң абонент кунделікті махаббат жайылы кеңестері бар SMS алып отырады СТОП мәтінін 2017 қысқа нөміріне жіберіңіз 8(727)3210905
2017 дауыстық қоңырау «Астро» — қызметі 460 тг/мин «Астро» — қызметі бұл нумерология, астрология, және эзотериялық ғылымдар, білімдер және тәжірибелер бойынша дауыстық қызметі. Осы нөмірге қоңырау шалғанда, ең бірінші абоненті қоңыраудың құны туралы ескертеді. Абонент ары қарай өзі шешім қабылдайды, қонырауды әрі қара жалғастыру үшін автоответчиктің нұсқауы бойынша, «Сәттілік тұмары» бағдарламасына эфирге шыға үшін н/е эзотерика қызметінің қызметкерлерімен сойлесу үшін кезекке тұруы керек бір реттік қызмет 8(727)2509336
2065 Кіріс SMS «Танысу Әлемі» сервисi 10, 15, 35 «Маша мен аю» бейне мазмұнына қосылу 2065 нөміріне СТОП н/е 111 мәтіні бар SMS жолдаңыз 8(727)3210935
2069 Кіріс SMS «Ойын —сауық сандықшасы» — жазылу порталы 70 «Ойын —сауық сандықшасы» — жазылу порталы. Күнделікті ойын—сауық порталына қосылу үшін 2069 нөміріне SMS жіберіңіз СТОП/STOP/стоп/stop/Стоп/Stop мәтінін 2069 қысқа нөміріне жіберіңіз 8(727)3210935
2080 Кіріс SMS Танысу порталы 15, 300 IVR FlirtBox — қызмет кездейсоқ танысу абоненттері нақты уақыт бір-бірімен байланысуға мүмкіндік береді. СТОП н/е STOP мәтіні бар SMS-ті 2080 нөміріне жолдаңы 8(727)2590179
3012 Кіріс SMS "Любовь-Морковь"/"Esquie өмір ережелері« 30, 40 Махаббат, танысу, Флирт, сыйлықтар, қарым-қатынас психологиясы Любовь-Морковь — СТОП love мәтіні бар SMS-ті 3012 нөміріне жіберіңіз н/е *603*10#OK. «Esquie өмір ережелері» — stop pz мәтіні бар SMS-ті 3012 нөміріне жіберіңіз н/е *603*3*1#OK 8(727)3567956
3013 Кіріс SMS "Денсаулық күнделігі"/"Нумерология« 30, 35 Денсаулық күнделігі проблемалар мен қажеттіліктерін талдау мүмкіндік береді және ақпарат негізінде алынған және тиісті пайдалы контентті жеткізедi Денсаулық күнделігі — СТОП Fit мәтіні бар SMS-ті 3013 нөміріне жіберіңіз н/е *603*42#OK. «Нумерология» — stop nomer мәтіні бар SMS-ті 3013 нөміріне жіберіңіз н/е *603*4#OK 8(727)3567956
4025 Кіріс SMS «Жазылымды ойын порталы — «Игромания» және «EA Games», 150 «Игромания» ойын порталы аптасына 1 рет тарификация жүреді: Порталға қосылған адам әртүрлі категориядағы ойындарға қол жеткізе алады, аркадалар и экшн, спорттық, гонкалар, жұмбақтар и махаббат жайлы СТОП/STOP/стоп/stop/Стоп/Stop мәтінін 4025 қысқа нөміріне жіберіңіз. Немесе СТОП ЕА/Стоп ЕА/стоп ЕА/STOP ЕА/Stop ЕА/stop ЕА мәтінін 4025 қысқа нөміріне жіберіңіз 8(727)3210905
5010 Кіріс SMS Ойын-сауық IVR портал «Көңіл-күй» 20 Ойын-сауық IVR портал «Көңіл-күй» бас тарту үшін 4605 қысқа нөміріне қоңырау шалыңыз және тиісті санды басыңыз 4605
6552 Кіріс SMS Avaantivirus, Ggame,KzFilms,SocialSeet 100 Avaantivirus, Ggame,KzFilms,SocialSeet. Антивирус сервисінен бас тарту үшiн STOP OQ12 мәтiнi бар SMS 6552 нөміріне жiберiңiз. gGame порталынан бас тарту үшiн STOP JB13 мәтiнi бар SMS 6552 нөміріне жiберiңiз 8(727)3121586
6699 Кіріс SMS Gameloft — жазылу қызметі 300 Gameloft — жазылу қызметі СТОП/STOP/стоп/stop/Стоп/Stop мәтінін 6699 қысқа нөміріне жіберіңіз 8(727)3210905
7167 Кіріс SMS Sunny Games; Tone plus; Wellness 50 Sunny Games;Tone Plus;Wellness 7167 нөміріне STOP мәтіні бар SMS жолдаңыз н/е 88000808871 тегін нөміріне қоңырау шалыңыз 88000808871
7168 Кіріс SMS Sunny Games; Tone plus; Wellness 50 Sunny Games; Tone Plus; Wellness 7168 нөміріне STOP мәтіні бар SMS жолдаңыз н/е 3229 нөміріне қоңырау шалыңыз 3229
12352 Кіріс SMS Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы 25 Ақпаратты ойын—сауық жазылупорталы СТОП мәтінін 12352 қысқа нөміріне жіберіңіз 8(727)3210935

Контент-провайдерлердің қызметтері бойынша сұрақтарыңыз/шағымдарыңыз пайда болған жағдайда кестеде көрсетілген байланыс нөмірлері/электрондық мекенжайлар бойынша хабарласуды сұраймыз.

 

 
Барлық бағалар теңгеде ҚҚС-мен қоса есептеліп көрсетілген.