Теңгерім толтыру мүмкіндіктері

 

Автотөлем

Енді стақан толған ба, жоқ па - ешқандай сұрақ туындамайды. «Автотөлем» қызметімен теңгеріміңіз әрқашан толық болады!

Қосу

Теңгерімді толтыру тәсілдері

1. Пәрменді теру арқылы. Пәрмен тек қызметті іске қосқан абонент үшін ғана әрекет етеді.

Толтыру үшін:

  • *911*2*2#OK — өзіңізге толтыру
  • *911*2*3#OK — досыңызға толтыру

2. Кесте бойынша:

күн сайын, апта сайын, ай сайын

3. Лимитке жеткен кезде. Ереже несиелік есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер үшін жарамсыз.

Шекті мәнге жеткен кездегі автоматты толтыру. Ешқандай уайымсыз!

Онлайн төлем

Төлем қалпы

Банкоматтар

Kcell қызметтерін «Қазком», «Халық банк», «АТФ Банк», «БанкЦентрКредит», «Сбербанк» банкоматтары арқылы төлеуге болады.

Төлем тәртіптері:

  1. Карточканы банкоматқа салу;
  2. Тілді таңдау;
  3. PIN-кодты енгізу;
  4. Әрекеттер менюсінен «Төлемдерді» таңдау;
  5. Төлем тізімдемесінің ішінен Kcell тармағын таңдау;
  6. Телефон нөмірін енгізу менюсінде телефон нөмірін енгізу;
  7. Төлем сомасын енгізу менюсінде – төлем сомасын енгізу;
  8. Төлемнің расталғандығы туралы күні, уақыты, телефон нөмірі, авторизация коды көрсетілген чек алу.

Банк-серіктестерден автотолтыру

Төлем терминалдарын іздеудің, минуттарды санап, телефондағы қаржының ең қолайсыз сәтте таусылып қалғанын күту қажет емес. «Банк-серіктестерден автотолтыру» қызметі — бұл ұялы телефоныңыздың немесе жақындарыңыздың ұялы телефондары теңгерімінің автоматты түрде толтырылуы. Бәрі ыңғайлы да оңай: телефонда 100 немесе одан кем теңге қалған кезде теңгеріміңіз бірден банктік шотыңыздан толтырылады.

Қызметті жеке тұлға атына тіркелген нөмірі бар және серіктес банкпен банктік шот келісімшартын жасасқан және/немесе төлем карточкасын ұстаушы болып табылады Kcell немесе activ® абоненті қоса алады.

Құны:

Қызмет тегін көрсетіледі. Банк тарапынан төлемге комиссия алынбайды.

Серіктес банктар:

Қосылу:

  1. Қызметті қосу үшін Сізге серіктес банктің кез келген бөлімшесіне хабарласып, өтініш толтыру қажет;
  2. Телефоныңыздың шотын толтыратын соманы орнату;
  3. Өтініш берілгеннен кейін қызметті қосуды растау үшін нөміріңізге автоматы түрде жолданатын SMS-ке жауап беру.

Өшіру:

Қызметті серіктес банктің кез келген бөлімінде өшіруге болады.

Банк арқылы төлеу

«Kaspi Bank»

Байланыс қызметтерін «Kaspi Bank» АҚ интернет-бөлімшесі арқылы тәулік бойы төлеуге болады.

Сіз комиссиясыз Kaspi Bank депозитінен, Kaspi Bank кез келген картасынан, Kaspi әмияннан, басқа банктің VISA және MasterCard карталарынан, Kaspi Бонус бағдарламасы бойынша жиналған бонустармен төлей аласыз.

Kaspi Bank картасынан, депозитінен, Kaspi әмияннан сатып алғаныңыз және төлегеніңіз үшін сіз жұмсалған соманың 5% дейін бонус аласыз.

Жиналған бонустарды бірден kaspi.kz-те қызметтерді төлеуге жұмсауға болады. 1 бонус — 1 теңге. Толығырақ kaspi.kz сайтында.


«Казком»

Байланыс қызметтерін төлеу тәсілдері:

  1. Тәулік бойы «Казкоммерцбанк» АҚ Homebank.kz интернет-банкингі, WAP-банкинг, телебанкинг 7000 арқылы;
  2. ЕКБ есеп айырысу-кассалық бөлімдерінде;
  3. Банкоматтар арқылы;
  4. Банктік киоскілер арқылы.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы «Казком» Контакт-орталығына хабарласа аласыз:

  • +77272585444 (Алматы қ. үшін)
  • 88000800090 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)

немесе http://kkb.kz/ сайтын қараңыз.


«Қазақстан Халық банкі»

Байланыс қызметтерін төлеу тәсілдері:

  1. «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» www.myhalyk.kz арқылы:
    • «Төлемдер» → «Байланыс қызметтері» → Kcell, activ® тармақтарын таңдаңыз;
    • Ұялы телефон нөмірі мен шотты толтырудың қажет сомасын енгізіңіз;
    • Төлем жайтын растау үшін чекті басып шығару мүмкіндігі бар.
  2. Есептік-кассалық бөлімдер /банкоматтар/банктік терминалдар. Тізімді мына жерден алуға болады здесь;
  3. «Мобильді банкинг» жүйесі банктік шоттарыңызды ұялы телефон арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Мидлет — телефоныңыздағы ыңғайлы банктік мәзір.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы «Халық банкінің» Контакт-орталығына хабарласа аласыз:

  • +77272590777 (Алматы қ. үшін);
  • 88000800059 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)

немесе https://halykbank.kz/ сайтын қараңыз.


ДБ АО «Сбербанк»

Байланыс қызметтерін төлеу тәсілдері:

  1. Тәулік бойы жеке тұлғалар үшін «Сбербанк ОнЛ@йн» интернет-банкингі арқылы 24/7 режимінде;
  2. Есеп-айырысу касса бөлімдерінде (ЕАКБ)
  3. Ақпараттық-төлем терминалдары арқылы

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ келесі телефондар арқылы «Сбербанк» АҚ ЕБ байланыс орталығына хабарласа аласыз:

  • +77272503020 (Алматы қ. үшін);
  • 5030 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)

немесе http://www.sberbank.kz/ сайтын қараңыз.


АО «Банк ЦентрКредит»

Байланыс қызметтерін төлеу тәсілдері:

  1. Тәулік бойы Центркредит интернет-банкингі арқылы;
  2. Есептік-кассалық бөлімдерде (ЕКБ);
  3. Банкоматтар арқылы.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша Сіз сондай-ақ төмендегі телефондар арқылы «Центркредит» банкінің контакт-орталығына хабарласа аласыз:

  • +77272443000 (Алматы қ. үшін);
  • 88000800088 (Қазақстан бойынша қоңырау тегін)

немесе https://www.bcc.kz/ сайтын қараңыз.

Ұтқыр банкинг

АО «Казкоммерцбанк»

GSM банкинг 7000 – бұл Казкоммерцбанктің ұялы телефоннан тегін 7000 нөмірін теру арқылы Kcell қызметтерін кез келген уақытта төлеуге мүмкіндік беретін автоматты төлемдік-ақпараттық қызметі.

Қызметті пайдалану үшін не қажет:

  • Казкоммерцбанк карточкасының болуы;
  • Казкоммерцбанктың Call Center-іне 2585334 телефоны арқылы қоңырау шалу және арнайы сәйкестендіргіш парольді(барлығының бастапқы паролі 1234567, оны бірден өзгерткен жөн) және карточка кодын алу;
  • 7000 нөміріне қоңырау шалу (не болмаса Алматыдағы қала нөміріне телефон шалу – 8(727)2585333). Сәйкестендіргішті енгізіп, # белгісін басу қажет, парольді енгізіп, # пернесін басу қажет, ары қарай дауыс нұсқаулығына сәйкес әрекеттерді орындау.

100 теңгеден кем сома ауыстырылмайды. 7000 нөміріне қоңырау шалу тегін.


«Қазақстан Халық банкі»

Бұл қызмет Қазақстанның Халық Банкі KСell абоненттеріне ұсынатын «Ұтқыр банкинг» қызметтер жүйесіне кіреді.

Төлемді жүргізу үшін Халық Банкінің 8080 нөміріне 07 NNNN SSS коды бар SMS жолдау жеткілікті (мұндағы 07-төлем коды, NNNN – төлем картасының соңғы төрт нөмірі, SSS теңгемен төлем сомасы).

Хабарлама жолданғаннан кейінгі 3-5 секунд ішінде төлем жүргізіліп, карточкадан аударылатын ақша ұялы телефон шотына түседі, ал банктен жүзеге асырылған транзакция коды көрсетілген төлем туралы SMS-мәлімдеме келіп түседі. «Ұялы телефон үшін жүргізілетін төлем» қызметіне қоса «Ұтқыр банкинг» жүйесіне қосылған Халық Банкі төлем карточкасын ұстаушылар кез-келген уақытта Банкке бармай-ақ SMS-сұраным арқылы карта шотындағы ақша қалдығы туралы немесе соңғы он операция туралы ақпаратты ала алады.

Кез-келген операцияны жүзеге асырған кезде немесе карточкалық шот бойынша авторизация кезінде (сатып алу, қызметтерді төлеу, жалақының түсуі, төлем т.б.) жүйе клиенті өз ұялы телефонына бірден SMS-мәлімдеме алады. Хабарлама мәміле сомасы, оның уақыты мен жүргізілген орны туралы ақпаратты қамтиды.

Бұған қоса егер атқарылған әрекет күмән тудыратын болса, бірден 8080 нөміріне арнайы коды бар SMS-хабарлама жолдап, карточканы кейінгі алаяқтық әрекеттерді болдырмау мақсатында бұғаттап тастауға болады. «Ұтқыр банкинг» жүйесіне қосылу үшін кез-келген банкомат арқылы тіркеу процедурасынан өту немесе Халық Банкінің кез-келген бөлімшесіне өтініш жазу жеткілікті.

Теңгерімді қолма-қол төлеу тәсілдері

Теңгерімді қолма-қол төлеу тәсілдерге лезде төлеу карталары және төлем терминалдары жатады.

Шотты осы әдістермен толтыру олардың қарапайым болуы себебімен қолайлы болып табылады. Солай, лезде төлеу карталары теңгеріміңізді екі минуттан да аз уақыттың ішінде толтырады.

Төлем терминалдары

Төлем терминалы – абоненттердің түрлі қызметтерін, оның ішінде ұялы байланыс қызметтерін төлеуге мүмкіндік беретін толығымен автоматтандырылған жабдық.

Төлем жүргізу амалы:

Автомат экран бетіндегі сәйкес пернені басу арқылы теңгерімді 200 теңгеден басталатын кез келген сомаға тікелей толтыруға мүмкіндік беретін сенсорлық экранмен жабдықталған.

Егер Сіз нөмірді немесе брендіні — Kcell, activ® — қате көрсетсеңіз, Сізге алдымен Төлем терминалының мульти-киоскіден немесе төлем чегінде көрсетілген телефон арқылы анықтама қызметіне хабарласу қажет. Сондықтан төлем чегін төлем түскенге дейін сақтап алу қажет!

Төлем терминалдардың байланыс деректері
Choose table data
Агрегатор Байланыс деректері
QIWI ("QIWI Kazakhstan" ЖШС) Әр терминалдың техникалық қызмет көрсету желісі бар.
Жалпы техникалық қызмет:
8 (727) 356-12-12
support@qiwi.kz
"Киберплат Қазақстан" ЖШС +7 (727) 250 85 63
+7 (727) 250 85 64
Төлемдерден бас тарту:
otmena_kz@cyberplat.com
kovalenko@cyberplat.com
y.ivanov@cyberplat.com
"ASTANA-PLAT" ЖШС (Kassa24) Жалпы техникалық қолдау қызметі
+7 (778) 667 29 19
support@kassa24.kz
Аймақтар бойынша техникалық қолдау қызметінің телефондары:
http://www.kassa24.kz/index.php/main/contacts
"Платежные экспресс системы" ЖШС

+7 777 6666 555, plat_exp_sist@mail.ru

"Сбербанк России" АҚ ЕБ

+7 (727) 250 30 20 – Алматы қ. үшін

 8 8000 808 808 – Қазақстанның барлық аймақтары үшін (тегін желі)

 5030 – Қазақстанның барлық мобильді операторлары үшін (тегін желі)


Лезде төлеу карталары

Kcell лезде төлеу карталары 500, 1000, 2000 және 5000 теңге номиналымен шығарылады.

Картаны пайдалану ережесі:

  • Қартаның 13-таңбалы кодын білу үшін қорғаныс қабатын өшіріңіз;
  • Теңгерімді толтыру үшін картаның коды бар SMS-хабарламаны 9393 нөміріне жолдаңыз.

Немесе

  • өзіңіздің ұялы телефоныңыздан 9393 нөміріне телефон шалып, жауабын естігеннен кейін картаның кодын, содан кейін * белгісін енгізіңіз.

Немесе

  • ұялы телефоныңыздан *110*13-таңбалы карта коды#OK теріңіз. Карта кодын енгізгеннен кейін шотыңызға сатып алынған карта номиналына тең сома түседі.

Егер әлдебір қиындық туатын болса, Kcell қызмет көрсету орталығына қоңырау шалыңыз. Оператор Сізге 13-таңбалы нөмірді енгізуге тегін көмек береді. Для этого необходимо сообщить оператору, на кого оформлен номер, а затем он попросит Вас продиктовать 13-значный номер загрузки. Егер код дұрыс болса, оператор Сізге төлемнің сәтті енгендігін хабарлайды.

 

 
Барлық бағалар теңгеде ҚҚС-мен қоса есептеліп көрсетілген.