Шөтіңізде нөл болса

 

Авто экстра теңгерім

Қызмет абоненттің дербес шотының теңгерімі 100 теңге және одан кем шектік мәнге жеткенде әр кезде автоматты түрде «Экстра теңгерім» (қызмет құны алып тастаумен) алуға мүмкіндік береді.

 
  • Қосылу: *911*4#OK теріңіз
  • Өшіру: *911*4*5#OK теріңіз
Пайдалануға болатын сомасы
Абоненттің абоненттік нөмірін іске қосу мерзімі* 3 айдан бастап, 1 санат 9 айдан бастап, 2 санат** 12 айдан бастап, 3 санат** 24 айдан бастап және одан астам, 4 санат**
Қызметтің пайдалануға болатын сомасы(лары), теңге, ҚҚС есебімен 250 250 350 250 350 500 250 350 500 750 1000
Бір сұраным құны, теңге, ҚҚС есебімен 25 25 35 25 35 50 25 35 50 75 100
Іске қосу күні абоненттік нөмірді іске қосылған нөмірдің мүмкін болатын кейінгі қайта ресімделуіне қатыссыз абоненттік нөмірдің бастапқы іске қосылуы болып табылады.Абоненттердің осы санаты үшін Қызметті кестеге сәйкес пайдалануға болады. Қажет соманы Абонент сәйкес USSD-пәрмені арқылы таңдайды.

«Авто экстра теңгерім» – бұл абонентке байланыс қызметтерін төлеуде кідіріс және «Авто экстра теңгерім» сомасына байланыс қызметтерін пайдалану құқығы берілетін қызмет. Қызметтің әрекет ету мерзімінде абоненттің дербес шотында «Авто экстра теңгерім» сомасының қалдығы көрсетіледі.

«Авто экстра теңгерім» сомасы – Абонент шотына ақшалай қаражатты енгізбестен, абоненттің «Авто экстра теңгерім» әрекет ету мерзімінде байланыс қызметтерінің құнына тең Абоненттің дербес шотында уақытша көрінетін виртуалды сома. Байланыс қызметтерін көрсету шартын бұзған кезде «Авто экстра теңгерім» қарызын толықтай төлеу қажет.

«Автотөлем» қызметін қосқан кезде «Авто экстра теңгерім» қызметі автоматты түрде өшіріледі.

«Авто экстра теңгерім» қызметін қосу арқылы абонент «Авто экстра теңгерім» сомасының «Авто экстра теңгерім» пайдаланылғанына не пайдаланылмағанына қатыссыз абонент нөмірінен теңгерімді келесі толтырғанда алынатындығымен келіседі.

«Авто экстра теңгерім» сомасы абонент теңгерімін келесі толтырғаннан алынады. Абонент дербес шотының толтырылуы барысында қарыздың өтелгені туралы автоматты SMS хабарлама арқылы хабардар етілетін болады. Қызмет құны «Авто экстра теңгерім» түскенінен кейін алынады.

Қосылу жөне өшіру – тегін.

Егер 5 күн ішінде «Авто экстра теңгерім» сомасы толықтай өтелмейтін болса, шығыс байланыс қарыз толық өтелгенше жабылады.

Қызмет келесі шарттар орындалғанда жетімді:

  • Абоненттік нөмір кем дегенде 3 ай бұрын іске қосылған
  • Дербес шот соңғы 30 күнде кем дегенде 1 рет толтырылған
  • Бұрын алынған «Экстра теңгерім» бойынша қарыз жоқ

Экстра теңгерім

Егер теңгерім толтыру мүмкіндігі болмаса, нөмірдің іске қосылған мерзіміне байланысты 250, 350, 500, 750 немесе 1000 теңге (қызмет құны алып тастаумен) көлеміндегі соманы ала тұра аласыз.

 
  • Қызмет деректерін *911*1#OK нөмірі бойынша алуға болады
  • Қызмет бойынша «Экстра теңгерім» алу үшін* *911*1*3#OK теріңіз
Пайдалануға болатын сомасы
Абоненттің абоненттік нөмірін іске қосу мерзімі* 3 айдан бастап, 1 санат 9 айдан бастап, 2 санат** 12 айдан бастап, 3 санат** 24 айдан бастап және одан астам, 4 санат**
Қызметтің пайдалануға болатын сомасы(лары), теңге, ҚҚС есебімен 250 250 350 250 350 500 250 350 500 750 1000
Бір сұраным құны, теңге, ҚҚС есебімен 25 25 35 25 35 50 25 35 50 75 100
Іске қосу күні абоненттік нөмірді іске қосылған нөмірдің мүмкін болатын кейінгі қайта ресімделуіне қатыссыз абоненттік нөмірдің бастапқы іске қосылуы болып табылады.Абоненттердің осы санаты үшін Қызметті кестеге сәйкес пайдалануға болады. Қажет соманы Абонент сәйкес USSD-пәрмені арқылы таңдайды.

«Экстра теңгерім» қызметін қоса отырып, абонент Экстра теңгерімтың оның пайдаланылған не пайдаланылмағанына қатыссыз абонент теңгерімін келесі толтырғаннан алынатындығымен келіседі.

Қызмет құны, «Экстра теңгерім» алынғанынан кейін алынған сомадан шегеріледі.

«Экстра теңгерім» – бұл абонентке байланыс қызметтерін төлеу мерзімі ұзартылатын және «Экстра теңгерім» сомасына байланыс қызметтерін пайдалану құқығын беретін қызмет. Қызметтің әрекет ету мерзімінде абоненттің дербес шотында Экстра теңгерім сомасының қалдығы көрінеді. «Экстра теңгерім» сомасы – абоненттің ақшалай қаражатты енгізбестен «Экстра теңгерімтың» әрекет ету мерзімінде абонент пайдалана алатын байланыс қызметтерінің құнына тең абоненттің дербес шотында уақытша көрсетілетін виртуалды сома. Байланыс қызметтерін көрсету шартын бұзған кезде «Экстра теңгерім» қарызын толық көлемде өтеу қажет.

Экстра теңгерім сомасы абонент теңгерімін келесі толтырғаннан алынады.

Шығыс байланыстың жабылмауы үшін сізге теңгерімді 5 күн ішінде толтыру қажет. Егер 5 күн ішінде «Экстра теңгерім» сомасы толықтай өтелмейтін болса, шығыс байланыс қарыз толық өтелгенше жабылады. «Экстра теңгерім» жүктелген сәттен бастап 5 күн бойы жарамды және Kcell абоненттеріне арналған сервистердің барлығы үшін пайдаланыла алады.

Сіз төмендегі жағдайларда «Экстра теңгерім» қызметін пайдалана аласыз:

  • Қызметті нөмірі жеке тұлға атына тіркелген аванстық есеп айырысу тәртібіндегі абоненттер пайдалана алады
  • Нөмір кем дегенде 3 ай бұрын іске қосылған
  • Абоненттің ағымдағы теңгерімі минус 150 теңгеден басталып және одан жоғарыны құрайды
  • Бұрын алынған «Экстра теңгерім» бойынша қарыз жоқ
  • Қызметке қосылу сұранымын роуминг барысында пайдалану мүмкін емес

Мен үшін төле

Қызметі Сізге Kcell немесе activ® абонентіне шотыңыздағы қаржының таусылған жағдайында немесе роумингте болғанда өзіңізге қоңырау шалуды сұрауға мүмкіндік береді.

Пәрменді теріңіз: *131*сұраным жолданып отырған абонент нөмірі#OK. Телефон нөмірін Сіз ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласыз, мысалы *131*8ХХХХХХХХХХ# немесе *131*+7ХХХХХХХХХХ#OK. Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз.

Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда – 30 сұранымнан көп емес.

Қызметі тегін көрсетіледі.

Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізге қоңырау шалуды сұрауда».

Мобильді көмек

Теңгеріміңіз таусылып, оны толтыруға уақыт жоқ па? Досыңыздан көмек сұраңыз немесе оған "Мобильді көмек" қызметін пайдалану арқылы көмектесіңіз.

«Мобильді көмек» – бір Kcell абонентінің (жолдаушы абонент) ұялы байланыс қызметтерін талап ету құқығын басқа Kcell абонентіне (қабылдаушы абонент) жолдаушы не қабылдаушы абонент сұранымы бойынша қабылдаушы не жолдаушы абонент көрсететін сомаға (берілетін теңгерім) беруі жөніндегі қосымша қызмет.

Мобильді көмек
Берілетін теңгерім сомасы Құны
50—199 теңге 30 теңге
200—499 теңге 40 теңге
500—1499 теңге 50 теңге
1500—2000 теңге 60 теңге
Қызмет құны жіберілетін бірліктер мөлшерінен шығарып алынады.

Қосылу

Бірліктерді жіберу үшін:

  • *143#OK теріңіз 〉Теңгерім жолданатын абонент нөмірін енгізіңіз 〉Жолданатын теңгерім сомасын Қызмет құнын ескерумен 50 бастап 2000 дейін көрсетіңіз
  • Теңгерімнің берілуі расталатын SMS күту қажет

Басқа Kcell абонентінен бірліктер сұрау үшін:

  • *141#OK теріңіз 〉Теңгерім сұралып отырған абонент нөмірін енгізіңіз 〉Сұралатын теңгерім сомасын – Қызмет құнын ескерумен 50 бастап 2000 дейін көрсетіңіз
  • Теңгерімнің берілгенін растайтын және дербес шоттағы сома көрсетілген SMS хабарламаны күту қажет

Сұраныс келген жағдайда бірліктерді жіберу үшін:

  • Теңгерім жолдау сұранымы бар SMS күтіңіз 〉Қабылдаушы абоненттің абоненттік нөмірі және сұралатын теңгерім сомасы көрсетілетін теңгерімді беру жүйесіне ауысу үшін *142#OK теріңіз 〉Теңгерімді беруге келісетініңізді растау не одан бас тартыңыз
  • Теңгерімнің берілгенін растайтын және дербес шоттағы сома көрсетілген SMS хабарламаны күту қажет

Қызметті нөмірі жеке тұлға атына тіркелген аванстық есеп айырысу тәртібіндегі Kcell абоненттері пайдалана алады.

Бірліктерді беретін абоненттің бірліктерді беруі үшін дербес шотында кем дегенде 50 теңге болуы тиіс, олар абоненттің дербес шотынан толықтай алына алады.

Алатын абоненттің теңгерімді жолдауға сұранымы сұраным бар SMS–хабарлама жолдаған сәттен бастап 24 сағат бойы жарамды. Бір күн ішінде бірліктерді жолдауға 10-нан аспайтын қайталанатын сұраным жіберуге болады.

Қызметті өшіру үшін (бұл жағдайда абонент бірліктерді жолдауға сұраным алмайды және өзі де бірліктерді жолдауға сұраным жібере алмайды), *140#OK, содан кейін «1» теруі тиіс. Қайта қосылу қажет болғанда *140#OK теріп, «1» деп жауап беру қажет. Қызметті өшіру/қайта қосу тегін жүзеге асырылады.

Қызметті қабылдаушы және/немесе жолдаушы абоненттің роумингте болған жағдайында пайдалануға болады.

Қабылдаушы абоненттің берілетін қызметтерді (берілетін теңгерімді) пайдалануы қызметтердің түрлері, пайдалану тәсілдері немесе әрекет ету мерзімімен шектелмейді және «Байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі жалпыға ортақ шарт» талаптарымен анықталады.

30 күн ішінде жолданатын теңгерімнің барынша үлкен көлемі 150 000 теңге.

Сұхбаттасушы есебінен қоңырау шалу

Егер шотыңызда жеткілікті қаржы болмаса және Сізге дереу қоңырау шалу қажет болса, «Сұхбаттасушы есебінен қоңырау шалу» қызметін пайдаланыңыз. Бұл жағдайда сұхбат құны Сіздің сұхбаттасушыңыз үшін оның тарифтік жоспарына қатыссыз минутына 15 теңге құрайды.

Қоңырау шалушы абонент үшін

Шақырылып отырған абонентті төмендегі форматта теріңіз:

  • 00077ХХХХХХХХХ
  • 00087ХХХХХХХХХ

Сұхбаттасушыңыз Сізді тану үшін атыңызды айтыңыз. Сұхбаттасушыңыз қоңырауды оның есебінен қабылдауды растаған жағдайда қосылыс жүргізіледі.

Төмендегі форматтардың бірінде шақырылып отырған абонент нөмірі бар USSD пәрменін теріңіз:

  • *133*77XXXXXXXXX#OK
  • *133*87ХХХХХХХХХ#OK

Бұл жағдайда Сіз +000 нөмірінен жауап қоңырауын аласыз. Ары қарай нұсқаулыққа жүгініңіз.

Шақырылатын абонент үшін

Қоңырау шалушы абонент нөмірінен қоңырау келіп түседі. Кіріс қоңырау туралы мәлімдемені толық тыңдап, сұхбатты төлеуге келіссеңіз - 1 басыңыз, келіспесеңіз - 2 басыңыз. Мәлімдемеден Сіз сондай-ақ қоңырау шалушы абоненттің атын ести аласыз (егер ол атын жазатын болса).

Егер Сіз осы қызмет ақылы кейбір абоненттерден қоңырау қабылдағыңыз келмесе немесе оларды тек таныстарыңыздан ғана қабылдағыңыз келсе, Сізде қоңырау шалушы абоненттердің тізімін Ақ тізімге немесе Қара тізімге енгізу мүмкіндігі бар.

«Қара» тізім

Егер қоңырау шалушы нөмірі Қара тізіміңізге енгізілсе, Сіз осы абоненттен қоңырау қабылдамайтын боласыз.

  • Нөмірді Қара тізімге енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 11 (бос орын) 77XXXXXXXXX немесе 11 (бос орын) 87XXXXXXXXX (мысалы: 11 8701xxxxxxx)
  • Нөмірді Қара тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 12 (бос орын) 77XXXXXXXXX немесе 12 (бос орын) 87XXXXXXXXX (мысалы: 12 8701xxxxxxx)
  • Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 13 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз

«Ақ» тізім

Егер қоңырау шалушы абонент нөмірі Ақ тізіміңізге енгізілген болса, Сіз осы қызмет арқылы қоңырауларды тек осы абоненттен ғана алатын боласыз.

  • Нөмірді Ақ тізімге енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 21 (бос орын) 77XXXXXXXXX немесе 21 (бос орын) 87XXXXXXXXX (мысалы: 21 8701xxxxxxx)
  • Нөмірді Ақ тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 22 (бос орын) 77XXXXXXXXX немесе 22 (бос орын) 87XXXXXXXXX (мысалы: 22 8701xxxxxxx)
  • Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 23 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз

Бір уақытта тек Ақ тізімді не Қара тізімді іске қосуға болады. Егер Ақ тізім іске қосылып, ол бос болса, Сіз қызмет арқылы қоңырауларды қабылдамайтын боласыз. Қызмет арқылы қоңырауларды қайта қабылдау үшін Қара тізімді іске қосып, қажет жағдайда одан нөмірлерді жою қажет.

Қара немесе Ақ тізімді іске қосу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз:

  • «1» – Қара тізімді іске қосу үшін
  • «2» – Ақ тізімді іске қосу үшін

«Достар» опциясы

Қызмет шеңберінде Сіз сондай-ақ арнайы «Достар» опциясын пайдалана аласыз. Бұл опция Сізге қоңырауларын қандай да бір мәлімдемесіз алуға мүмкіндік беретін нөмірлерді таңдауға мүмкіндік береді.

Осы опцияны төмендегідей ретте пайдаланыңыз:

  • Нөмірді енгізу үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 31 (бос орын) 77XXXXXXXXX немесе 31 (бос орын) 87XXXXXXXXX (мысалы: 31 8701xxxxxxx)
  • Нөмірді Достар тізімнен жою үшін 1331 нөміріне төмендегідей мәтіні бар SMS жолдаңыз: 32 77XXXXXXXXX немесе 32 87XXXXXXXXX (мысалы: 32 8701xxxxxxx)
  • Енгізілген нөмірлер тізімін көру үшін 1331 нөміріне 33 деген мәтіні бар SMS жолдаңыз

«Достар» тізімі бір уақытта Қара немесе Ақ тізіммен жұмыс істейді. Осы опция арқылы қосылған нөмірлер Ақ немесе Қара тізімге қарағанда басым болып, бірінші кезекте өңделеді.

Құны

  • Қоңырау шалушы абонент үшін — тегін
  • Шақырылатын абонент үшін — 15 теңге в минутына (секундтық тарифтік есептеу)
  • Тізімдерді басқару — тегін

Шақырылатын абонент ақыны кез келген уақытта, оның ішінде егер абонентте дауыстық қоңыраулардың ескерілген көлемі бар қандай да бір қызмет қосылған жағдайда да төлейді.

Шарттары

Қызмет барлық Kcell жөне activ® абоненттеріне көрсетіледі.

Қызмет Kcell, activ® абоненттері арасындағы қоңырауларға жарамды. Егер қоңырау шалушы абонент қызмет ақылы басқа ұялы операторлардың желілеріне қоңырау шалатын болса, шақырылатын абонент жауапсыз қалған қоңырау туралы мәлімдеме алады.

Қоңырау шалушы абоненттерге қызметті пайдалануға уақытша тыйым салынуы мүмкін. Бір сағат ішінде қоңырауынан 10 реттен астам немесе бір күн ішінде 30 реттен астам бас тартылған Абоненттерге осы сағатта/күнде қызметті пайдалануға уақытша тыйым салынады.

Сервис роумингте пайдалану үшін жарамсыз.

Қоңырау шалушы абонент қызметті нөмірінің толық бұғатталған жағдайларды қоспағанда оң не теріс қалпындағы теңгерімде пайдалана алады.

Төлем шақырылып отырған абоненттің негізгі дербес шотынан алынады, солай боал тұра дауыстық қоңыраулардың бонустық трафигі (бонустық минуттар, науқандық топтамалар, қызметтер топтамасы) жарамсыз болады.

Алушы есебінен SMS

Шотыңызда қаражат жеткіліксіз болып, сізге дереу SMS жолдау қажет болса, «Алушы есебінен SMS» қызметін пайдаланыңыз. Бұл жағдайда SMS алуы алдын ала келісімнен кейін ғана оның тарифтік жоспарына қатыссыз бір SMS-хабарламаға 7 теңгеден төлейді.

Жолдаушы үшін

Алушы нөмірінің алдында SMS-хабарламада келесі форматта 000 теріңіз:

  • 00077ХХХХХХХХХ
  • 00087ХХХХХХХХХ

Алушы үшін

Сіз шотыңызға SMS алуға Push USSD-сұраным аласыз, бұл ретте егер Push USSD сессиясы аяқталған болса және сіз алуды растамасаңыз, сізге келесідей мәтіні бар SMS келеді: «77ХХХХХХХХХ SMS(7тг) құнын төлеуді сұрауда. SMS ақысын төлеуге келіссеңіз, 1 деп жауап беріңіз, келіспесеңіз, 2 деп жауап беріңіз.

Егер Қызмет арқылы кейбір абоненттерден SMS алғыңыз келмесе немесе оны достарыңыздан ғана алғыңыз келсе, сізде SMS жолдаушы абоненттердің нөмірлерін «Қара тізімге» немесе «Достар» тізіміне енгізу мүмкіндігі бар.

Егер жолдаушы нөмірі сіздің «Достар» тізіміңізге енгізілген болса, сіз осы абоненттен қандай да бір мәлімдемесіз Қызмет арқылы SMS алатын боласыз.

  • Нөмірді «Достар» тізіміне енгізу үшін 2363 қысқа нөміріне «A(бос орын)F(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS жолдаңыз (мысалы: A F 7701xxxxxxx)
  • Нөмірді «Достар» тізімінен алып тастау үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтінін жолдаңыз (мысалы: D F 7701xxxxxxx)
  • «Достар» тізімін жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)F(бос орын)0» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: D F 0)
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)F» SMS хабарламасын жолдаңыз (мысалы: L F)

Егер жолдаушы нөмірі «Қара тізімге» енгізілген болса, сіз Қызмет шеңберінде осы абоненттен SMS алмайтын боласыз.

  • Нөмірді «Қара тізімге» енгізу үшін 2363 нөміріне «A(бос орын)B(бос орын) 77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: A B 7701xxxxxxx)
  • Нөмірді «Қара тізімнен» жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)77ххxxxxxxx» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 7701xxxxxxx)
  • «Қара тізімді» жою үшін 2363 қысқа нөміріне «D(бос орын)B(бос орын)0» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: D B 0)
  • Енгізілген нөмірлердің тізімін қарау үшін 2363 қысқа нөміріне «L(бос орын)B» мәтіні бар SMS хабарлама жолдаңыз (мысалы: L B)

Құны

Жолдаушы үшін – тегін

Алушы үшін – бір SMS-хабарламаға 7 теңге

Тізімдерді басқару – тегін

Құны алушының тарифтік жоспарына, бонустық трафиктің болуына, қосылған SMS-топтамасы бар қосымша қызметке, сондай-ақ жолданған хабаралма ұзындығына қатыссыз орнықты болады.

Шарттары

Қызмет барлық Kcell жөне activ® абоненттеріне көрсетіледі.

Қызмет басқа операторлардың абоненттеріне SMS жолдау үшін жарамсыз. Қызмет бір ғана абоненттік нөмірге және activ® және Kcell абоненттеріне ғана SMS хабарлама жолдау үшін жарамды.

Қызмет роумингте пайдалану үшін ұсынылмайды.

Қызметті жолдаушы теңгерімінде қаражаттың жеткіліксіз болған жағдайында/қаражаттың болған жағдайында және алушы теңгерімінде қаражаттың болған жағдайында пайдалануға болады.

Жолдау лимиті күніне 70 SMS.

Жолдаушы абоненттің Қызметті пайдалануына уақытша тыйым қолданылады. Алушы SMS хабарламаларды өз есебінен алудан бас тартқан, яғни SMS өз есебіне алуды бір сағат ішінде 5 рет немесе бір күнде 20 рет растамаған жолдаушы абоненттер осы қызметті аталған лимиттердің асырылуы тіркелген сәттен бастап уақытша бір сағат/күн пайдалана алмайды.

Төлем алушы абоненттің дербес шотынан алынады. Аванстық есеп айырысу тәртібінде Қызмет ақысы алушы абонент шотынан дербес шотта жеткілікті ақша қаражатының болған жағдайында алынады. Несиелік есеп айырысу тәртібінде Қызмет құны алушы абоненттің дербес шотынан несиелік лимит шеңберінде алынады. Биллинг жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты Kcell абоненттері кешіктіріліп тарифтеледі.

Маған қоңырау шал

Қызмет Kcell немесе activ® абонентіне Сізге шоттағы қаржы таусылған жағдайда немесе роумингте болғанда қоңырау шалу сұранымы бар тегін хабарлама жолдауға мүмкіндік береді.

Абоненттен оның қоңырау шалуын сұрау үшін телефоннан төмендегідей пәрменді теріңіз:

  • *130*сұраным жолданып отырған абонент нөмірі#OK

Сіз сұранымның жолданғанын растайтын «Сұранымыңыз қабылданды» деген USSD жауабын аласыз. Телефон нөмірін Сіз ұлттық немесе халықаралық форматта тере аласыз, мысалы: *130*8ХХХХХХХХХХ#OK немесе *130*+7ХХХХХХХХХХ#OK.

Сіз байланысқыңыз келетін Абонентке Сіздің атыңыздан өзіңізге қоңырау шалу өтініші бар SMS-хабарлама жолданады.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Спамның алдын алу үшін қызметте жолданатын сұранымдар санына қатысты шектеу қойылған: тәулігіне 5-тен аспайтын қайта қоңырау шалу сұранымы және күнтізбелік айда – 30 сұранымнан көп емес.

Сіз өзіңізге қоңырау шалуды сұраған Абонент Сіздің атыңыздан төмендегідей мәтіні бар SMS-хабарлама алады: «Абонент ХХХХХХХХХХХ Сізге қоңырау шалуды сұрауда».

 

 
Барлық бағалар теңгеде ҚҚС-мен қоса есептеліп көрсетілген.