Роуминг клубы

Іссапарда, демалыста, жалпы шетелде жиі боласыз ба? Сіз Kcell роумингін пайдаланасыз және сізге әуе компаниялардың немесе қонақүйлердің адалдық бағдарламалары қызықты ма?

Онда Роуминг клубтан осы бірегей ұсыныс дәл сіз үшін! Роумингті пайдаланып, әр 1000 теңге үшін 10 ұпай алыңыз!

«Эйр Астана» әуе компаниясының Nomad Club бағдарламасының қатысушылары Kcell роумингін пайдаланып, 5 есе көп ұпай ала алады: әрбір 5000 теңгеге 250 ұпай есептеледі! Nomad Club пен Роуминг клубта тіркелуге асығыңыз.

Барлық өрістерді толтырыңыз (латын әріптермен).

Электрондық пошта мекенжайының бұрыс форматы

Растау коды SMS арқылы жолданды.
tc.code.error

Электрондық мекенжай сәтті сақталды

Төменде қатысушылары «Роуминг клуб» бонустық бағдарламасына тіркеле алатын лоялдылық бағдарламалары келтірілген.

Егер сіз төменде келтірілген лоялдылық бағдарламаларының қайсы бірінің мүшесі болмасаңыз, логоны басып, таңдауыңызға сәйкес лоялдылық бағдарламасына тіркелу формасын толтырыңыз.

Лоялдылық бағдарламасында тіркелгеннен кейін бас бетке оралып, «Роуминг Клуб» бонустық бағдарламасында өзіңіздің қатысу нөміріңізді және мобильді телефон нөмірін тіркеуді ұмытпаңыз.

Ұпайлар келесі күнтізбелік айдың 20 жұлдызынан кешікпей, беріледі. Роуминг-серіктестен ақпаратты алу кешіктірілсе, ұпайлар бөлек толық жіберілуі мүмкін. Ұпайдың берілу тарихын қарау және қосымша абоненттік нөмірді қосу «Менің Kcell» сайтының бөлімінде жүргізіледі.

Күнтізбелік ай ішінде роумингтегі кез келген қызметтерге негізгі немесе қосымша абоненттік нөмірлерден жұмсалған әр 1000 теңге үшін, науқандық ұсыныстарды қоса, клуб қатысушысы 10 үпай алады. Nomad Club қатысушылары әр 5000 теңгеге 250 ұпай алады.

Клубқа қатысып, ұпай алу үшін бір қосымша Kcell / Activ абоненттік нөмір қосуға болады. Қосымша нөмір ретінде Kcell / activ абоненттік нөмірін көрсетуге болады. Қосымша абоненттік нөмірді клубқа тіркегенде, ұпай беру мақсатында роумингте жұмсалған қаражатты есептеу негізгі де, қосымша да абоненттік нөмірлерден жүргізіледі.

Қатысушы Бағдарлама бойынша өзінің есептік жазбасына өзгерістер енгізуге құқылы. Аты, тегі, қосымша абоненттік нөмірі, адалдық бағдарламасы бойынша серіктес өзгергенде, осы айда Қатысушы жинаған ұпайлар толығымен беріледі. Қатысушы Бағдарлама бойынша негізгі абоненттік нөмірін өзгерткен жағдайда, Қатысушы жинаған ұпайлар, осы айда негізгі абоненттік нөмірді өзгерткен сәтке дейін, жойылады.

Клубқа қатысуды тоқтату үшін қатысушы өзінің есептік жазбасын жою қажет, сонымен қатар, клубқа қатысуды тоқтатқан айда қатысушы алған ұпайлар жойылады.

Бағдарлама қатысушысы абоненттік нөмірлерді дұрыс көрсетуі үшін жауапкершілікті өзі көтереді, абоненттік нөмірлерді дұрыс көрсету және «Кселл» АҚ қызметтерін пайдалануға қатысты үшінші тұлғалардың барлық шағымдарынан «Кселл» АҚ арашалауға және оларды өз бетімен шешуге міндетті.

«Кселл» АҚ Клубта серіктестің адалдық бағдарламасына қатысуды тоқтатқаны үшін және Қатысушының жиналған ұпайларды пайдалана алмағандығы үшін жауапкершілікті көтермейді. Жиналған ұпайды пайдалану шарттарын тиісті адалдық бағдарламасының серіктесі белгілейді.

Бағдарлама 31.12.2017 дейін жарамды.

Абонент «Роуминг клуб» бонустық бағдарламаға қатысқан және абоненттік нөмірді Kcell мен Activ арасында аударған жағдайда, осы бағдарламада тіркеу сақталады, ұпайларды беру тарихы, есептік жазбаны қарау және оны өзгерту ағымдағы сәтте Абонент пайдаланатын брендтің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бағдарламада негізгі нөмір ретінде тіркелген абоненттік нөмірді басқа ұялы байланыс операторының желісіне ауыстырғанда, нөмірді ауыстырғаннан кейін, 59 күні Абоненттің бағдарламадағы есептік жазбасы жойылады. Есептік жазбаны жойғанға дейін, абоненттік нөмір Компания желісіне қайтарылса, Абонент тіркеуді жаңартпай, Бағдарламаны пайдалануды жалғастыра алады. Абоненттік нөмір 59 күн өткеннен кейін, Компания желісіне қайтарылса, Абонент Бағдарламада тіркелуін жаңарту қажет.

Қызмет Travelling Connect B.V. (Нидерланды) компаниясымен бірге ұсынылады.