Kcell Навигатор

Kcell Навигатор

Kcell Навигатор — бұл Сізге тарифтік жоспарлар мен науқандар бойынша ақпаратты тыңдауға, теңгеріміңізді біліп, толтыруға, қызметтерді өз бетіңізше қосып, өшіруге т.б. мүмкіндік беретін дауыстық мәзір.

Kcell Навигатор қызметін қалай пайдалануға болады?

Сізге ұялы телефоннан 9090 немесе қалалық телефоннан (727)2588300 нөмірлері бойынша қоңырау шалып, ары қарай Kcell Навигатор қызметінің дауыстық пәрмендеріне жүгінген жеткілікті. Төменде Сізге оңай үйреніп, мәзірдің қажет тармағына тез ауысуға көмектесетін Kcell Навигатор сұлбасы келтірілген. Оң жақ жоғарғы бұрышта Сіз мәзірдің әр тармағының қысқаша сипаттамасын, сондай-ақ ұялы телефоннан жылдам теруге арналған сандар комбинациясын табасыз.

Мысалы, егер Сіз нөміріңіздегі теңгерім мен оған қосылған тарифтік жоспарды білгіңіз келсе, Сізге телефоннан төмендегі комбинацияны терген жеткілікті: 9090 * 1 1 1

Kcell Навигаторға қолжеткізім оператормен қосылғанша тегін беріледі және телефон аппаратынан қосымша реттеу жүргізуді талап етпейді.

Маңызды! Егер сіз 8(727)588300 қалалық нөміріне қоңырау шалсаңыз, сізге мобильді телефон нөмірін* 701, 702, 775 немесе 778 кодынан бастап енгізу қажет. Сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кейбір қызметтерді пайдалану үшін сізге бастапқы топтамада көрсетілген PUK кодын енгізу қажет. Қалалық нөмірден қоңырау шалу құны «Қазақтелеком» АҚ тарифтеріне сәйкес есептеледі. Мобильді телефоныңыздан қоңырау шалу ақысы тарифтік жоспарыңызға сәйкес алынады.

Егер Сіз әлі біздің абонент болмасаңыз, ұялы телефон нөмірін енгізу қажет емес, желіде қала беріңіз, біраз уақыттан кейін қоңырауыңыз Бас мәзірге ауыстырылады.
 

 

 

Жылдам теру үшін:

9090