Кабинет

Корпоративтік топтық деректерді тиімді басқару үшін, Кселл корпоративтік абоненттер үшін «Кабинет» қызметін іске қосты.

«Кабинет» қызметі қажетті ақпарат алуға және корпоративтік топтың нөмірлерін онлайндық өзін-өзі басқару режимінде Кселл компаниясының мамандарына хабарласпай-ақ басқаруға мүмкіндік береді. «Кабинет» қызметіне қол жеткізу үшін сізге компанияңыздың әкімшісін тағайындау және корпоративтік топты басқаруға нұсқау беру қажет.

Кабинетті пайдалану туралы нұсқаулықты жүктеу

Орындалған жұмыстардың электронды актісін жүктеп алу мен қол қою нұсқаулығы

Кабинетке кіру

«Кабинет» қызметі үшін қол жетімді қызметтер тізімі:

  • Қызмет көрсету көлемінің теңгерімін және балансын көру
  • Нөмір туралы жалпы ақпарат (жеке шот, нөмір мәртебесі, нөмір бойынша қызметті есептеу тәртібі)
  • Тарифтік жоспар туралы ақпарат
  • Қолда бар сыйақы туралы деректер
  • Қосылған қызметтер туралы ақпарат
  • Қызметтерді қосу/ажырату:
    • Роуминг
    • Роумингте қосымша қызметтер
    • Халықаралық қолжетімділік
    • Қосымша интернет қызметтері
  • Нөмірді бұғаттау/бұғаттан шығару
  • Деректерді өңдеу (соңғы 90 күн)
  • SIM-картаны ауыстыру
  • SIM-карта деректері (сим-карта нөмірі, PIN/PUK нөмірі)
  • Есептер мен құжаттарды алу:
    • Салыстыру актісі
    • Нөмірлердің тізімі бойынша есеп
    • Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі
    • Шот-фактуралардың тізілімі
    • Төлемдер тарихы

Қызметті қосу:

«Кабинет» қызметіне қосылу үшін сізге:

  • Компанияның мөрі бар (бар болса) фирмалық бланкінде қосылу туралы өтінішті толтырыңыз (үлгі өтінім)
  • Өтініште өзіңіздің корпоративтік топтың әкімшісін көрсетіңіз
  • Өтініштің сканерленген нұсқасын Бірыңғай Корпоративтік клиенттерге қолдау көрсету қызметінің email@kcell.kz. электрондық поштасына жіберіңіз. Бастапқы өтінім Сіздің қалаңыздың Kcell Center жіберілуі тиіс.
  • Қызметті қосу туралы хабарлама алғаннан кейін, https://cabinet.kcell.kz сілтемесін басыңыз және «Құпия сөзіңізді ұмыттыңыз ба?» функциясын пайдаланыңыз.

Қызмет бағасы:

«Кабинет» қызметіне қосылу ақысыз. Абоненттік төлем алынбайды.