Осы қызмет Сіздің компанияңызға рәсімделген барлық абоненттік нөмірлер бойынша ақша қаражатының қалдығы туралы ақпаратты автоматты режимде Сіз көрсеткен уақытта алуға мүмкіндік береді.

«Теңгерім туралы автохабарлау» қызметі Сіздің компанияңызға тиімді қызмет көрсету, уақытты үнемдеу үшін әзірленді, ең бастысы абоненттік нөмірлер бойынша қаражаттың қалдықтары бойынша деректерді алу үшін сұраным жіберу қажеттілігін жояды. Ақпарат Сіздің компанияңыздың байланыс тұлғасының электрондық поштасына апта сайын немесе ай сайын ұсынылады.

Қызметті қосу үшін келесілер қажет:

«Теңгерім туралы автохабарлау» қызметіне қосылу тегін.

Абоненттік төлем алынбайды.

Есеп айырысудың несиелік тәртібін пайдаланатын абонент дербес шотына несиелік лимит мөлшерінен артық ақша қаражатын енгізген жағдайда, теңгерім туралы ақпарат және сәйкесінше, тиісті кезеңге шот деректерінде және шот-фактурада есептелген төлемге қатысты ақпарат техникалық кідіріске байланысты қате көрсетілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаймыз.