SIM-картаны қалпына келтіру

Қызметпен пайдалану туралы

«SIM-картаны қалпына келтіру» қызметіне жатады:

  • абоненттік нөмірдің сақталуымен ағымдағы сим картаны сим картаның басқа түріне қалпына келтіру (micro, nano);
  • сим карта жоғалған, бұғатталған жағдайда сим картаны қалпына келтіру».

Құны

Қарапайым SIM-картаны қалпына келтірген жағдайда «SIM-картаны қалпына келтіру» қызметінің құны – 200 теңге.

«SIM-картаны ауыстыру» қызметі бұрынғы шарттарда – жаңа SIM-картаның ақауы болған жағдайда «SIM-картаны ауыстыру» қызметі тегін көрсетіледі.

Қолдану

«Нөмірді қалпына келтіру» немесе «SIM-картаны ауыстыру» қызметін алу үшін Сізге Кселл орталықтарына немесе компанияның ресми дилерлерінің кеңселеріне хабарласу қажет . Егер нөмір сіздің атыңызға жеке тұлға ретінде рәсімделген болса, жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс (жеке бас куәлігі немесе төлқұжат). Егер нөмір заңды тұлғаға рәсімделген болса, фирмалық бланкте рәсімделген, ұйым басшысының қолтаңбасы бар және ресми мөрмен бекітілген өтініш болуы тиіс.

«SIM-картаны қалпына келтіру» қызметі немесе «SIM-картаны ауыстыру» қызметі тек қана абоненттік нөмірдің заңды иесіне немесе онымен құыреттелген тұлғаға ұсынылады.

Сұрақтар мен жауаптар

SIM-картаны қалай қалпына келтіруге болады?

SIM-картаны қалпына келтіру үшін бізбен хабарласып SIM-картаны қалпына келтіру қызметін пайдалану қажет. Солай бола тұра телефон нөмірі, тарифтік жоспар, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бұрынғыдай болып қалады, бірақ бұрынғы SIM-картадағы байланыс мәліметтері қалпына келтірілмейді.

SIM-картаны қалпына келтіру үшін нөмір иегері өзі келуі тиіс және ол өзімен бірге жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе жүргізуші куәлігінің түпнұсқасын алып келуі қажет. Заңды тұлғалар үшін басшы қолымен және ұйым мөрімен бекітілген фирмалық бланкіге жазылған, ұйымның жаңа SIM-картаны алуды кімге табыстайтыны көрсетілген өтініш түпнұсқасын ұсыну қажет.

Нөмірдің тұрақты пайдаланушысы SIM-картаны қалпына келтірe алады ма?

Егер Сіз нөмір иегері болсаңыз (нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса), онда SIM-картаны қалпына келтіру мүмкіндігі осы нөмір иегерінің өтініші бойынша тек оператор сұраған деректердің (мысалы, шығыс қоңыраулар туралы ақпарат, PIN/PUK кодтары, жүргізілген төлем т.б. туралы ақпарат) расталғанынан кейін ғана жүргізіледі.

SIM-картаны қалпына келтіріп, алып кету үшін менің орныма басқа адам келе ала ма?

Қалпына келтірілген SIM-карта нөмірдің иегері болып табылмайтын тұлғаға осы нөмір иегерінің атынан ұсынылған нотариспен куәландырылған сенімхат пен осы сенімхатта көрсетілген алушының жеке куәлігінің немесе төлқұжатының болған жағдайда ғана беріледі.