Қоғамдық көлік 

 

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал және Петропавл қалаларында қоғамдық көліктермен жол жүру ақысын Kcell мобильді нөмірінің теңгерімінен төлеңіз.

Төлем әдістері:

  • Автобустың немесе троллейбустың ішіндегі жапсырмада көрсетілген кодты SMS арқылы 2505 қысқа нөміріне жолдау

Төлемнен кейін Сізге SMS түрінде электронды билет беріледі. Электрондық билетті тексерушіге көрсету қажет.

Kcell теңгерімін пайдалану арқылы жол жүру ақысын төлеуге болатын бағыттар тізімі мына жерде - www.smsbus.kz.

2505 қысқа нөміріне SMS жіберу құны - 0 теңге (тегін).

Төлем корпоративтік нөмірлер үшін жарамсыз.

 

 

Kcell марафоны жалғасуда, Нұр-Сұлтан қ. 10% кэшбэк ұста!

«Кэшбэк ұста!» науқаны 2020 жылдың 1 маусымынан бастап оның Алматы қаласында аяқталуынан кейін басталады

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық көлігінде мобильді нөмір теңгерімінің көмегімен жол ақысын төлеу кезінде Kcell және activ абоненттері жол ақысының 10% көлемінде кэшбэк алады.

Қосымша ақпарат

Жол ақысын төлеу үшін:

  • ONAY терминалындағы көлік кодын 9909 қысқа нөміріне (терминал бетіндегі 6 сан) SMS арқылы жолдау
  • SMS арқылы электрондық билет алу қажет.

Теңгерімнен жолақы құны алынады.

Бұл төлем әдісі ONAY картасымен төлеуге болатын барлық бағыттарда қол жетімді. 9909 нөміріне SMS жіберу тегін. Тарифті төлеу сәтінде теңгерімде жеткілікті сома болуы тиіс. Қажет болған жағдайда электронды билетті тексерушіге көрсету қажет.

Төлемді аванстық төлем тәртібіндегі Kcell абоненттері, жеке тұлғалар жүргізе алады.

Ескерту:

  • Екінші билетті сатып алу үшін тағы 9909 нөміріне ONAY терминалындағы көлік коды бар SMS-хабарламаны бір рет жіберу керек
  • Жеңілдігі бар азаматтар SMS жолдаған жағдайда тарифтің толық құны алынады
  • Көлік коды тек ONAY терминалдарында ғана көрсетіледі.
  • Билет бір жолаушы үшін бір сапарға жарамды
  • Төлемді корпоративтік нөмірлерден жүргізу мүмкін емес.