QR арқылы төлеу

Kcell абоненттері mVisa негізіндегі QR кодтарын қолдана отырып, тауарлар мен қызметтердің мобильді нөмірінің теңгерімінен төлем жасай алады. Қазірдің өзінде сіз Алматы мен Нұр-Сұлтанның көптеген нүктелерінде, сонымен қатар шетелде, mVisa QV коды бар кез келген жерде төлем жүргізе аласыз. QR код әр түрлі жерлерде орналастырылуы мүмкін: сауда орындарындағы маңдайшада немесе жапсырмада, онлайн-дүкендердің сайттарында, қоғамдық көліктерде және басқа да жерлерде.   Сервис «Wooppay» ЖШС және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ технологиялық серіктестерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.

QR кодын пайдаланып Kcell ұялы нөмірінің теңгерімінен төлем жасау үшін:

  1. Менің Kcell мобильді қосымшасында QR сканерін ашыңыз.
  2. mVisa басындағы QV кодын сканерлеңіз.
  3. Деректердің дұрыстығын тексеріп, төлемді растаңыз.

Төлемнің табысты жүргізілгені туралы ақпарат mobimoney нөмірінен SMS түрінде келеді.