help  Егер Сіз теңгеріміңізді ЛТБЖ төлем қабылдау терминалдары арқылы толтырсаңыз, «Мобильді көмекші» сервисі Сізге арналған.

ЛТБЖ терминалдары арқылы Мобильді көмекші сервисі төмендегі операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді:

1. Жеке тұлғаларға арналған Kcell/ACTIV тарифтік жоспарлары туралы ақпаратты көру;
2. Заңды тұлғаларға арналған Kcell базалық корпоративтік тарифтік жоспарлары туралы ақпаратты көру;
3. Бағыттау қызметтерін орнату;
4. Теңгерім туралы ақпаратты қарау;
5. Мобильді интернетті (GPRS) реттеу;
6. Корпоративтік тарифтік жоспарға қосылу өтінімін беру (Kcell абоненттері үшін).

Мобильді көмекші жүйесін пайдалану үшін төмендегі нұсқаулыққа жүгіну қажет:

1. Қол жеткізу кодына тапсырыс беру, ол Мобильді көмекші арқылы операция жүргізгенде абонент телефонының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Қол жеткізу кодын төмендегі тәсілмен алуға болады: 245 нөміріне «Пароль» немесе «Parol» мәтіні бар SMS-хабарлама жолдау. Қол жеткізу коды жауап ретіндегі SMS хабарламада келеді.

2. ЛТБЖ төлем қабылдау терминалында «Қызметтерді төлеу» бөліміне кіріңіз, Kcell/ACTIV байланыс брендін таңдаңыз. Нөмірді енгізу жолының үстінен Мобильді көмекші банері шығады. Енгізу пернесін басыңыз.

3. Өз мобильді нөміріңізді, содан кейін алынған қол жеткізу кодын енгізіңіз.

Назар аударыңыз!

Егер Сіз қол жеткізу кодын қате көрсеткен болсаңыз, жүйе Сізге бұл туралы терминал бетінде хабарлайды.
Егер Сіз қол жеткізу кодын ұмытып қалсаңыз, оны қайта алуға болады.

Құны

Мобильді көмекші және оны пайдалану тегін.