Клуб 7.0.1

Тек бірегей ұсыныстар, Телефоныңдағы жеңілдіктер
және ұялы байланыс бонустары

Серіктестердің ұсыныстары

Қосылу амалдары

*701*1#OK

Yes, Da немесе «Да»

701 нөміріне

Өтініш

Kcell Center-ге

Клуб шарттары

Қызметке қосылған және Клубтың мүшесі болған Абонент Бонус берілген сәттен бастап, ең жақын демалыс күндеріне Kcell, activ® желісіне сөйлесуге 48 сағат мөлшерінде бір жолғы Бонустық топтаманы алады. Бонус сенбі сағат 00:00-де бір рет беріледі, жексенбі сағат 23:59-ға дейін жарамды.

Бонустық топтамалар байланыс қызметін көрсету үшін теңгерімде қаражат жеткілікті болса ғана қолжетімді, activ® абоненттері үшін Бонустық топтамалар кез келген теңгерімде қолжетімді.

Абонент пайдаланатын қосымша қызметтер немесе Компания өткізетін науқандар аясында Абонент өз бетімен іске қосқан басқа науқандық топтамалар, пайдаланылатын тарифтік жоспарлар аясында Абонентке қолжетімді қызметтердің, Компанияның адалдық бағдарламасының аясында Абоненттерге берілетін бонустық топтамалардың жарамдылық мерзіміне қарамастан, Kcell абоненттері үшін бонустық топтама артықшылыққа ие болады және ең алдымен жұмсалады.

Абонент Қызметке қосылмас бұрын осы Шарттармен танысуға міндетті. Қызметке қосыла отырып, Абонент осы Қызметті көрсету Шарттарымен танысқандығын және олармен келісетіндігін растайды.

Қызметке қосылған кезде Абонент Компания серіктестерінен Қызмет шеңберіндегі қоңыраулар немесе SMS хабарламалар арқылы жарнамалық сипаттағы ақпараттық хабарламаларды алуға келіседі.

Қызметке қосыла отырып, Абонент Клубқа қатысу және Қызметті пайдалану мақсатында оның дербес деректерінің өңделуіне келісімін береді.

Оператор Оператордың ресми сайттарында осы ақпаратты жаңарту арқылы осы Шарттарды өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Осындай өзгерістерді және толықтыруларды Абонент олардың енгізілген сәтінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күні ішінде Абоненттің Қызметтен бас тарту өтінішін ұсынбаған жағдайында қабылдаған болып саналады.

Серіктестердің ұсыныстары туралы ақпарат абоненттерге оларға қоңырау шалу және/немесе SMS хабарламалар арқылы беріледі.

Қызмет шеңберінде Абонентке жолданатын Серіктестердің қызметтері мен тауарлары туралы хабарламалардың (қоңыраулар және/немесе SMS) барынша көп саны – айына 10 хабарламадан аспайды.

Абонент Компания қызметкерін *701*3# USSD комбинациясын теру немесе Қызмет бойынша *701#OK. USSD мәзірін пайдалану арқылы серіктестердің ұсыныстары мен қызметтері туралы ақпараттық хабарламалары бар қоңырау алудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Клубтағы мүшелік және Абонентті серістестердің ұсыныстары мен қызметтері туралы SMS арқылы хабардар ету сақталады. Қызмет шеңберінде қоңырау қабылдау мүмкіндігін қалпына келтіру үшін *701*4#OK USSD-комбинациясын теріңіз немесе Қызмет бойынша *701#OK USSD мәзірін пайдаланыңыз.

Клубтың әр мүшесі бірегей 5-таңбалы коды бар SMS-хабарлама алады. Серіктесіміздің бірегей ұсынысын пайдалану үшін осы кодты көрсету қажет. Қажет болған жағдайда Абонент *701*5#OK USSD-комбинациясы немесе USSD-мәзірі *701#OK арқылы бірегей кодты қайта ала алады.

Сіз кез келген сәтте Қызметті өшіру арқылы Клубтан шыға аласыз:

  • Компанияның қызмет көрсету орындарында сәйкес жазбаша өтініш ұсыну арқылы;
  • *701*2#OK USSD-комбинациясын теру немесе *701#OK USSD мәзірі арқылы;
  • 701 нөміріне «No», «Net» немесе «Нет» мәтіні бар SMS жолдау арқылы.