Интернет топтамалары
Атауы Интернет 5 Интернет 7 Интернет 10 Интернет 20 Интернет 30 Интернет 40
Трафик көлемі 5ГБ 7ГБ 10ГБ 20ГБ 30ГБ 40ГБ
Ай сайынғы абоненттік төлем 1 490 ₸ 1 790 ₸ 1 990 ₸ 2 990 ₸ 3 990 ₸ 4 990 ₸
Абоненттік төлем алынбағанда, 1 МБ үшін тариф 10 ₸ 10 ₸ 8 ₸ 5 ₸ 5 ₸ 5 ₸

Жылдамдығы қызметі

Топтама бойынша ең жоғары қолжетімді жылдамдықта трафиктің қосылған көлемінен асқанда, келесі трафик күнтізбелік айдың аяғына дейін, 64 Кбит/с (= до 8 Кбайт/с) дейінгі жылдамдықта ұсынылады.

Ең жоғары жылдамдықта трафиктің қосылған көлемі күнтізбелік айдың аяғына дейін жарамды, жиналмайды және ауыспайды, Топтаманы сөндіргенде, жойылады.

Абоненттік төлемді есептен шығару

Топтамалар үйлесімділік шарттарына сәйкес есеп айырысудың алғытөлемдік және несиелік тәртіптерімен кез келген тарифтік жоспарларды пайдаланатын Абоненттерге қосу үшін қолжетімді. Топтаманы қосқанда, абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде қаражат немесе несиелік лимит жеткіліксіз болған жағдайда, Топтама қосылады, ал мобильді интернет абоненттік төлемді алмау үшін көзделген тарифтер бойынша тарифтеледі.

Топтамалардың кез келгенін қосқанда, абоненттік төлем келесі айдың 1-жұлдызына дейін қалған күндердің санына тең мөлшерде алынады (абоненттік төлемді алу үшін теңгерімде қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Топтама қосылады, бірақ мобильді интернет абоненттік төлемді алмағандағыдай тариф бойынша тарифтеледі), одан кейін қаражат жеткілікті болғанда (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) немесе несиелік лимит аясында (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін), әр айдың 1-жұлдызында Нұр-Султан қ. уақытымен сағат 00:00-ден кейін толық көлемде алынады. Егер кезектегі абоненттік төлем теңгерімде қаражат немесе несиелік лимит жеткіліксіз болғандықтан, алынбаса, келесі абоненттік төлем алынғанға дейін, мобильді интернет абоненттік төлемді алмауға көзделген тарифтер бойынша тарифтеледі. Теңгерім абоненттік төлемді алуға жеткілікті сомаға жеткенде, абоненттік төлем келесі айдың 1-жұлдызына дейін қалған күндердің санына тең мөлшерде алынады және Топтама бойынша қызметтердің көлемі айдың аяғына дейін қалған ағымдағы күнтізбелік айдың күндерінің санына (абоненттік төлем алынған күнді қоса) тең көлемде ұсынылады.

Сондай-ақ, топтамалар кез келген теңгерімі бар абоненттерге қосу үшін қолжетімді. Абоненттік төлемді алу үшін қаражат жеткіліксіз болса, тарифтеу абоненттік төлем алынбағанда көзделген тарифтер бойынша жүргізіледі.

Топтаманы қосқанда, интернет-трафик ағымдағы күнтізбелік айдағы күндердің (қосу күнін қоса) санына тең көлемде беріледі, ағымдағы күнтізбелік айдың аяғына дейін жарамды, 1-жұлдызда абоненттік төлем алынса ғана, трафик толық көлемде беріледі (абоненттік төлем алынған сәтке дейін, абонент пайдаланатын мобильді интернет абоненттік төлемді алмайтын жағдайларға көзделген тарифтер бойынша тарифтеледі). Интернет-трафиктің қалған көлемін тексеру *100#OK тіркестерін теру арқылы жүргізіледі.

Қосылу мен Сөндіру шарттары

Абоненттердің тиісті жазбаша өтінішпен Компанияның Кселл-орталықтарына, Kcell-Store-ға хабарласуы арқылы.

USSD мәзір немесе SMS арқылы

Топтаманың бір түрін ғана қосуға болады, Топтаманың басқа түрін қосу үшін Абонент ағымдағы Топтаманы сөндіру қажет.

Топтаманы сөндіргенде, жұмсалмаған интернет-трафик жойылады.

Қосымша

Топтама роуминте жарамсыз.

«Лимитсіз интернет»

Бір уақытта қосу қолжетімсіз.

«Жылдық интернет», «Жарты жылдық интернетт», «Тоқсандық интернет»

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

Тарифтік жоспарлары «Мәртебе»

Ең алдымен тарифтік жоспар бойынша, одан кейін Топтама бойынша интернет-трафик жұмсалады, тарифтік жоспар бойынша да, Топтама бойынша да, интернет-трафик біткенде, айдың аяғына дейін кіру жылдамдығы 64 кбит/сек-тен аспайды.

Тарифтік жоспарлары «Алға», «Карт Бланш+», «Бизнес Класс»

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

«Мобильді интернет+»

Ең алдымен Мобильді интернет плюс қызметі бойынша, одан кейін Топтама бойынша интернет-трафик жұмсалады. Мобильді интернет плюс қызметі бойынша да, Топтама бойынша да интернет-трафик біткенде, айдың аяғына дейін, кіру жылдамдығы 64 кбит/сек-тен аспайды.

Мәртебе тарифтік жоспарларын пайдаланушылар үшін «1ГБ», «3ГБ», «5ГБ», «10ГБ» қосымша топтамалары

Бір уақытта қосу мүмкін емес.

Келісімшарттық телефон

Келісімшарттық кезең ішінде бір уақытта қосу мүмкін емес

Топтама Топтама құны*, ҚҚС-мен теңге USSD-мәзірі арқылы қосу амалы Трафиктің қалдығын тексеру
500 МБ 200 *190#OK *100#OK
1 ГБ 400 *190#OK
2 ГБ 600 *190#OK
5 ГБ 1490 *190#OK
10 ГБ 1990 *190#OK

Шарттары

Қосу құны, Абонент теңгерімінде қаражат жеткілікті болған жағдайда, қосымша топтаманы қосу кезінде бірден толық мөлшерде алынады. Бірнеше қосымша топтаманы қосу мүмкін болмайды.Қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі – 30-шы күні Нұр-Султан уақыты бойынша сағ. 23:59-ға дейін. Қосымша топтама бойынша жұмсалмаған қызметтер көлемі қосымша топтаманың әрекет ету мерзімі өткенде жойылады. Қосымша топтама ең жоғары қолжетімділіктегі жылдамдықта беріледі. Негізгі топтама бойынша жұмсалмаған көлем болған жағдайда, ең алдымен қосымша топтама, содан соң негізгі топтама бойынша көлем жұмсалады. Қосымша топтама бойынша да, негізгі топтама бойынша да интернет-трафик таусылғанда, жылдамдық абоненттік төлем алынғанға дейін секундына 64 кбит-тен аспайды.

Компания осы үйлесімділік шарттарын өзгерте немесе толықтыра алады.
Таңдалған тарифтік жоспарға байланысты қол жетімді